Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Абай қазақ орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Мәңгүрттік- мәңгілік қасірет (Ш. Айтматовтың «Найман-Ана» әңгімесіндегі мәңгүрттік мәселесі)
Білімділік мақсаты: Жазушы өмірі мен шығармашылық еңбектеріне
шолу, шығарманың мазмұнын меңгерту,
дамыта оқыта отырып, тақырыбы мен
идеясын, көркемдік ерекшелігін ашу; әңгімедегі
өзекті жайдың шынайы өмірден алынғандығын
нанымды баяндау арқылы әңгіме түйініне назар
аударту.
Тәрбиелік мақсаты: Жазушы өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды саналылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, адам-
заттың ақыл-ойының өзгеге тәуелді болуында- мәңгүрттік нышаны жатқанын ұқтыру, туған жеріне, тарихына деген патриот-тық сезімінояту, адамгершілікке, ұлттық жоралғыларды қастерлеуге баулу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өз бетінше ізденушілік қабілетін ұштау, тұжырымды пікір айтуға үйрету,шығармашылыққа баулу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты бекіту, білімді жүйелеу, жинақтау,
іздендіру сабағы
Сабақтың әдісі: Блум жүйесі бойынша зерттеу, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, сұрақ-жауап, проблема туғызу, жағдаяттың шешімін іздеу.
Сабақтың көрнекілігі: Аудио, тірек сызба, суреттер, мұңды қобызбен ойнаған саз, интерактивті тақтада жазылған сөздер. «Жұмақ- ананың табанының астында», «Ананың алақаны әлемді әлдилейді»
Пәнаралық байланыс: Тарих, бүгінгі өмірмен байланыс
Балалар, қазір көрсетілер бейнетаспаны мұқият тыңдаңыздар. Осы бейнетаспа арқылы мен бүгінгі өтер сабағымыздың тақырыбын ашқалы отырмын.
Бейнетаспада: Ертеде, қалмақ пен қырғыз шапқыншылығы тұсында, екі жақ бір-бірін құл етіп ұстау үшін тұтқын алып отырған. Ол тұтқын мал соңында салпақтап жүргеніменен күндердің күні болғанда ебін тауып, қашып кетер деп, оларды мәңгүрт етіп тастайтын болған. Ол үшін алдымен тұтқынның шашын тақырлап алып, жас сойылған түйенің мойнағын не сиырдың терісін басына қаптайды. Оған қайыстан тіліп, бау өткізіп, самайдан тарттырып, мықтап байлайды. Сөйтіп шыжып тұрған күннің астына қол-аяғын байлап тастайды. Тұтқын сонда екі бірдей азапқа түседі екен. Алдымен, жас тері ыстықтан жиырылып, басын бүріп,сүйегін сындырып жібере жаздаса, екіншіден, өскен шаш кептелген теріні тесе алмай, кері қайырылып, құйқасын ине сұққандай етіп бұрғылап, есте сақтау қабілетін мүлде жойып жібереді. Бір жұма, он күннен кейін не өліп қалады, не мәңгүртке айналады.
Дүниедегі ешбір зұлымдықтың мына қасіретке тең келері болмас, сірә?
- Осы әңгімеде не туралы айтылған?
- Мәңгүрттік.
Дұрыс, олай болса, біз сіздермен бүгін қырғыздың атақты жазушысы, қазақ елі өз перзентіндей көріп, «адамзаттың Айтматовы» деп сүйсінген заңғар жазушы Ш. Айтматовтың «Боранды бекет» романынан «Найман- Ана» атты үзіндіні өтпекпіз. Бұл шығарманы үйден өз беттеріңмен оқып келуге тапсырған болатынмын. Мұнда дүние жүзі ғалымдарын алаңдатқан «ғасыр қылмысы» атанған мәңгүрттік мәселесін көтермекпіз. Сабағымыздың «Мәңгүрттік –мәңгілік қасірет» деп аталу себебі де осында. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ Дидактикалық кезең
Мақсаты: Шығарманы талдау кезеңі
Формасы: Топтық
Әдісі: Блум жүйесі бойынша
Білім | 1 Ш. Айтматов өмірі, шығармалары
2 Шығармаларындағы көтерілген мәселелер |
Түсіну | 1 Найман-Ана кім?
2 Аңыз-Ана бейітінің тарихы туралы не білесіңдер? 3 Ананың жуан-жуандар еліне шығуына не мәжбүрледі? 4 Жазушы жуан-жуандар бейнесін қалай көрсеткен? |
Берілген тапсырмаларға жауаптар алынды.
Талдау | Оқиға өрісі |
Оқиға алдындағы жағдай | Аңызға айналған Ана-Бейіт зираты. |
Оқиғаның басталуы | Тұтқындар туралы алып-қашпа сөз… |
Оқиғаның дамуы | Найман-Ананың Сарыөзекке аттануы… |
Шиеленісуі | «Мәңгүрт те болса- перзентім»… |
Шарықтау шегі | Мәңгүрттің селт етпеуі… |
Оқиғаның шешімі | Құсқа айналған жаулық… |
Қатыгездік деген не? Қалай түсінесіздер?
(оқушылардан жауап алынды)
Қолдану | -Жерді, суды тартып алса, мейлі, байлығыңды тартып алса, мейлі, тіпті жаныңды алса да мейлі,- дейді ана үнін шығарып…- Ау, адамның ақыл-ойын тартып алуды қандай қара жүрек ойлап тапты, Құдай-ау?!
1 Шығармадағы «мәңгүрт» сөзінің астары неде деп білесіңдер? 2 Қазіргі заманның «мәңгүрттері» деп қандай адамды айтуға болады? |
Жинақтау | І топ. «Адам санасын тонау- қатыгездік» тақырыбында өз ойларыңды жазыңдар.
ІІ топ. Кейіпкерлерге логикалық модель арқылы мінездеме беріңдер |
І топ «Мендік пікір» аймағына ену арқылы шығармадан алған әсерін жеткізу ( өз ойларын жазады)
Мені қинағаны…
Мені түңілдіргені…
Мені жұбатқаны…
Мені өкіндіргені…
Мені үрейлендіргені…
Мені сүйсіндіргені…
Мені қуантқаны…
Мені қайраттандырғыны…
Менің тілегім…
Мені қызықтырғаны…
Біздің түйгеніміз…
ІІ топ Ананың баласы үшін жасаған іс-әрекетін қалай бағалайсыз? (қобыздың мұңды сазы ойналады)
ІІІ Дидактикалық кезең
Мақсаты: Бүгінгі сабақты қорытындылау
Әдісі: «Не үйрендік, не білдік» стратегиясы
Не білемін | Үйренгенім | Білгім келеді |
Шыңғыс Айтматов қырғыз-қазақ жазушысы екенін білемін. Жазушы жазған роман өмір мен өлімді, қадір мен қасиет пен қатыгездікті, табиғат-қа адамның қарым-қатынасын суреттейді. | Кейіпкерге толық талдау жасауды үйрендім. Жазушы қазақтар туралы жаза отырып, әлемдік мәселе көтергендігін білдім. Шығарманың адамның жан дүниесіне әсер ететін туынды екенін білдім. | Қазіргі біздің өмірімізде мәңгүрттер бар ма? Адамды мәңгүртке айналдыру қай ғасырдан бері бар екендігін білгім келеді? |
ІҮ Бағалау
Топ жетекшілеріне сөз беру.
Ү. Үйге тапсырма
Ш. Айтматов шығармалары.
Бес жолды тұжырым құрастыру, мысал келтіру.
«Ботасы өлген боз мая» эссе жазу
ҮІ. Қорытындылау.
Нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінде осындай оқу әрекеттері ішкі сезімдер арқылы ойлау, пайымдау, тыңдау, түсіну, тұжырымдау, пікірлесу сияқты тілдік қатынастарды жинақтаған тұлғаны дамытуға, әдебиетті өмірлік қажеттілікке айналдыруға мүмкіндік береді.