Кентау қаласы Ә.Бөкейхан атындағы №23 жалпы орта мектептiң ағылшын тiлi пәнi мұғалiмi Бахтиярова Асем
Тiзбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бiр модулi қандай мақсатта және қалай енгiзiлгенi туралы рефлексивтiк есеп.
«Оқыту үшiн бағалау және оқуды бағалау»
Сындарлы оқыту бойынша 3 деңгейлiк бiлiктiлiктi арттыру курсының тыңдаушысы болдым. Бiрiншi Бетпе-бет кезеңiнде оқудағы мен оқытудағы жетi модулдердi оқып, танысып, сол түсiнiгiмдi «Мектептегi тәжiрибе» кезiнде пайдаландым. Мен өзiмнiң әрбiр өткен тiзбектелген «Оқыту үшiн бағалау және оқу үшiн бағалау» модулiн кiрiктiрдiм. Қазiргi таңда «бағалау» деген сөздi естiген мұғалiм қауымының құлағы селт етпей кетпесi анық. Олай дейтiнiм, бүгiнгi кезеңдегi инновациялық бағыттағы яғни бiлiм беру iсiн тереңдету мақсатында жүргiзiлiп жатқан бiршама жаңарудан кейiн әр мұғалiм өзiндiк оқушыларды бағалау тәжiрибесiнде әр қилы өзiндiк жаңалықтар енгiзуде. 6 жылдық еңбек өтiлiмде тек қана дәстүрлi бағалаумен шектелiп қана келе жатсам, осы 3 деңгейлiк курстан бағалауға байланысты көптеген мағлұматтармен таныстым.
Мен үшiн бағалау тек бiлiм нәтижесiн анықтау мақсатында жүзеге асырылатын дүние болса, сындарлы оқытудан кейiн жан-жақты қарастыра бiлдiм.
Александердiң 2001 жылы шыққан еңбегiнде, «Сыныптағы бағалау тек қана бағалау техникалық тәсiл емес. Мұғалiмдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана обьективтi немесе жеткiлiктi дәрежеде обьективтi нормалар мен стандарттар ғана емес,оның қалай дамып келе жатқанын,өзiнiң оқу сатысынан қай баспалдағында тұрғанын анықтау мақсатында екенi айтылған деп» тұжырымдайды.
Жалпы бағалау ұғымы «жақын отыру» деген мағына бередi (МАН. 57-бет). Мұндағы менiң түсiнiгiм – оқушы оқушыны, мұғалiм оқушынының жұмыстарын бақылауы, бағалауы қажет.
Сабақ барысында өтiлген тақырыпты шолу жасап, жаңа сабақты меңгертуде болсын, топпен жұмыс жасап, жазу жұмыстарына назар аударуда да сыныптағы оқушылардың барлығын бiрдей бағалай алмайсын.
Сыныптағы кейбiр оқушылар тапсырмаларды орындауда белсендiлiк танытып, қосымша қойылған сұрақтарға да жауап берiп отырады. Ал, кейбiр оқушылар жазба жұмыстарына жақсы атсалысып, қосымша сұрақ қойғанда қобалжып қалады, мұндай жағдайда оқушыға осы әрекетi үшiн ғана бағалап қана қоймай, сабақтың келесi кезеңдерiндегi бағаланатын әдiс-тәсiлдерге араластыру арқылы бағалауға болады.
Сабақ барысында бағалау кезеңi оқушы үшiн де, мұғалiм үшiн де маңызды сәттердiң бiрi екенi сөзсiз. Оқушының бiлiмiн бағалау арқылы, оның түсiнiгiнiң қай деңгейде екенiн көруге болатын едi. Ал, қазiргi жаңа оқыту әдiстемесi, яғни оқыту үшiн бағалау модулiнiң идеясы бойынша оқушының ары қарай оқуға деген зейiнiн арттыруға, ынталандыруға, өзiнiң бағасын өзi шығаруға, өзгенi бағалауға қатыса алатыны, критерий арқылы өздерiнiң бағасын түсiнетiн және әдiл екенiн үйрететiн үдерiс екенiн Бағдарлама барысында алған теориялық бiлiмiмiздi мектепте «Екiншi бетпе-бет» кезеңiндегi iс – тәжiрибеде ұштастырғанда ғана түсiндiк.
Тiзбектелген сабақтар топтамасында мен формативтi бағалаудың үлестiрмелi материалдарын пайдалана отырып қолдандым, оның iшiнде: өзiн–өзi бағалау, жұпта бiр-бiрлерiн бағалау, топта бiр-бiрiн бағалау тәсiлдерiн тиiмдi пайдаландым.
Мен «Екiншi бетпе-бет» кезеңiнде iс-тәжiрибеден өтуде оқушыларды бағалау үшiн алдымен оқушылардың ненi бiлетiндiгiн және ненi iстей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуi мүмкiн екендiгiн анықтап алу мақсатында ойлана келе, бағалау арқылы оқытуды жақсарту үшiн оқушылармен керi байланысты қамтамасыз ету керек деп шештiм. Өтiлген тақырыптарды еске түсiру арқылы жаңа тақырыпты байланыстырып, ұштастырып отыру тиiмдiрек. Мұғалiмнiң ғана емес оқушылардың да өзiндiк оқуға белсендi қатысуы қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшiн бағалау нәтижелерiн ескере отырып, оқытуды өзгертудiң маңызы зор. Балалардың өзiн-өзi бағалай алуы және өздерiнiң оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсiнуi қажет. Бұл өз кезегiнде бiлiм алуға түбегейлi түрде ықпал етедi.Сондықтан да мен келешекте оқушыларды бағалауда жиынтық бағалау мен формативтi бағалауды қатар қолданамын. Бұл бағалаулар оқушыны оқу үшiн бағалауға және оқыту үшiн бағалауға тиiмдi деп ойлаймын.
Оқушылардың сабақ барысындағы iс-әрекетiн бақылау, яғни, балалардың өзара қарым-қатынасын, олардың арасында болып жатқан әңгiме барысын тыңдап, берiлген тапсырмаларды қадағалаудың өзi оқушыларды бағалау үшiн көп ақпарат беретiнiн байқадым. Осының өзiн iске асыру үшiн де әр түрлi әдiс пайдалануыма тура келдi.
Бiлiм сапасын бағалау жүйесiн өзгерту немесе жаңарту мәселесi нелiктен пайда болғанынынан бұрын, ең әуелi, мәселенiң туындауына себепшi болып отырған мынадай қайшылықтарды қарастыру қажет:
- бес балдық жүйенiң қазiргi заманға сай бiлiм жүйесiн қанағаттандыра алмауы (әйтсе де, бес балдық жүйенiң тек төрт бағасын ғана қолдануды ескерейiк);
- Бағаның бiржақтылығы, нақты бағалау критерийiнiң болмауы — бағалаудың дұрыс немесе дұрыс еместiгi туралы ақпараттың болмауы;
- бiлiм беру жүйесiндегi болып жатқан өзгерiстер;
- әлеуметтiк сұраныстардың өзгеруi;
Қазiргi бiлiм беру жүйесiнiң ерекшелiгi оның негiзi — құзiреттiлiк, немесе бiлiм алушының қандай да бiр iс-әрекетке құзiреттiлiгiн дамыту, арттыру, қалыптастыру деуге болады. Бiз оқушының бiлiмiн, бiлiктiлiгiн, дағдысын бағалаудан оның құзiреттiлiк қасиетiнiң қалыптасуын бағалауымыз керек.
Оқушының құзiреттiлiгiн дамытуда педагогикалық технологиялар мен бағалау жүйесiнiң алатын рөлi зор. Ал бұл өз кезегiнде бағалау жүйесiндегi дамытушылықты қажет етедi. (Үлестiрмелi материалдар, 1 апта 4- күн).
Қазiргi 5 балдық бағалау жүйесi қалыптасқан уақытта ол оқушының бiлiм деңгейiн көтерудi негiзге алып құрылған болатын, ал қазiр оқушылардың бiлiмдiлiгi ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзыреттiлiгiн, оның жеке тұлғалық қасиеттерiн дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас, өзiн-өзi дамыту, өзiндiк бiлiмiн көтеру сияқты мақсаттар қойылған.
«Формативтi бағалау дегенiмiз — оқушының әр сабақта, әрбiр материалды қалай меңгергендiгiн бағалау. Оқушының ағымдық деңгейiн анықтау, келесi сабақта мұғалiм ненi енгiзу керектiгiн бiлуi. Формативтi бағалауды қолдану үшiн алдымен оқушыны өзiн-өзi бағалауға үйрету керек, кейiн жұптық, топтық, критериалды бағалау түрлерiн қолдануға болады». (МАН. 56-бет)
«Критериалды бағалау –оқушылардың бiлiм жетiстiктерiн ұжыммен келiсiлген, оқу үрдiсiне қатысушыларға алдын-ала белгiлi, оқушылардың негiзгi құзыреттiлiктерiнiң қалыптасуына жағдай жасайтын, бiлiм берудiң мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негiзделген үрдiс».
Жоғарыдағы тұжырымдарды саралай келе, мен өзiм сабақ беретiн сынып оқушыларымен бiрлесе отырып, әр сабақта қолданылатын бағалаудың дискрипторларын жасап алуды жөн көрдiм. Топ бойынша бағалау критерийлерiне қолданылатын дескрипторлар жасауға тапсырмалар бердiм. Оқушылардың ойларын бiр ортақ жүйеге келтiрiп, әр бiр маңызды дискрипторға 5 балдык өлшем арқылы есептейтiн болып шештiк.
Сонымен жасаған критериалды бағалау формасын төмендегiдей етiп жасап, әр сабақта қолданатын болдым. Нақтырақ айтқанда мынадай критерийлер бойынша:
— әрбiр дұрыс жауап берiлсе – 5 балл
— керi байланыста өзiнiң пiкiрiн дәлелдесе — 5 балл
— үй жұмысы дұрыс орындалса — 5 балл
— белсендiлiгi мен дұрыс пiкiр ұсынса- 5 балл
— түйiндi сұраққа жауап берсе — 5 балл
— топ мүшесiне көмектесу, ынтымақтасып жұмыс жасауда — 5 балл.
— дұрыс сұрақ қоя бiлсе – 5
— ерекше идея ұсынса -5
Бiздiң бағалау жүйемiз жоғарыда айтылғандай бес балдық жүйе болғандықтан, сабақ барысында жинаған балдарын бағаға ауыстыру мәселесiн де қарастырдым. Сонымен, балды бағаға ауыстыруда:
«5» — 30 — 35 балл;
«4» — 25 — 20 балл;
«3» — 15 — 10 балл
«2» — 0 — 5 балл жинағанда деген шешiм жасадым.
Балдарды неге 5-тiк жүйемен қойылды деген сұраққа, бiрiншiден, жиынтық бағаға айналдырғанда оқушыға да, маған да тиiмдi болу үшiн, екiншiден оқушылар көп балл жинауға ынталанады, алға жылжуға тырысады деген оймен деп жауап беруге болады.
Жоғарыда көрсетiлген бағалау критериi сабақтың кезеңдерiне байланысты жасалған болатын және оны барлық сабақтарымда қолдану оқушы бiлiмiнiң нақты көрсеткiшi болмайтынын ескерiп келесi сабақтарымда өтiлген тақырыбымның желiсi бойынша дискрипторлар құрастырып, тақырып бойынша критериалды бағалау жасадым.
Бiрақ бұл әдiс сабақтың бiршама бөлiгiн алғандықтан барлық оқушымды қамти алмадым. Оқушылардың белгiлi бiр бөлiгiн осы тақырып бойынша жасалынған бағалау бойынша жұмыстарын тексеру барысында оқушының осы критерийлер арқылы жұмыс жасау керектiгiн, жұмыстарының критерийлерге бағытталғанын байқай алдым.
Менiң мектептегi тәжiрибе кезеңiндегi тiзбектелген сабақтарымның 5 «Б» алғашқы сабағында (How do I get there?) бағалаудың келесi үлгiлерiн пайдаландым.
Сыни ойлауға берiлген және жаңа сабақтың мақсатын ашатын сұрақтар қою барысында, дұрыс айтылған пiкiрлерге, түйiндi ойлар айтқан оқушыларды мадақтап, ынталандырып және олардың түсiнiктерiн бағалап отырдым. Атап айтқанда, оқушының берген жауабына қоса толықтыруын, жетекшi сұрақтар беру арқылы бiлiмiн қалыптастыруды, одан әрi iзденуiн көздеп отырдым. Бұл менiң оның осы мезеттегi жұмысын қорытынды жасадым деп есептедiм. Балалардың көпшiлiгi мақтау сүйетiнi белгiлi, сондықтан оның әрбiр айтқан пiкiрiн қолдап отырдым, қате берген жауабын басқа қырынан ойлатуға бағыттап, көңiлiн түсiрiп тастамауға, баланың ары қарай сұраққа жауап беру үдерiсiн дамыту үшiн, түсiнiктерiн кеңейту үшiн жетекшi сұрақтар қойып отырдым. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып, баланы оқытуға үйрету, оның кiшiгiрiм болса да жасаған еңбектерiн бағалап отыру маңызды екендiгiн ескерiп отырдым.
Бiрiншi сабақта грамматикалық тақырыптар бойынша кластер жасау арқылы барлық топтар бiр-бiрлеп өздерiне жүктелген тапсырма бойынша топ барлық топтарды өз жұмыстарымен таныстырды, топ басшы бағалау критерийлерiне сүйене отырып, топ мүшелерiн бағалап шықты.
Сабақтың келесi кезеңiнде оқушылар оқулықтан жаттығулар орындады. Жаттығулар орындауда оқушылардың түсiну, оқу, сөздердi дұрыс қолданудағы бiлiмдерiн бағалау мақсатында «Бағдаршам» бағалау стратегиясын қолдандым. Бұл оқушыларды оқыту үдерiсiн белгiлi бiр тапсырманы немесе жаттығуды орындауда ойлануға итермелейдi. Мұнда жасыл стикер көтерген оқушы «сабақты толық түсiнгенiн», сары стикер көтерген оқушы «жаттығу орындауда өзiне сенiмсiздiк танытып отырмын» деген, қызыл стикер көтерген оқушы «мүлдем түсiнбедiм» деген түсiнiктерiн көруге болады. Бұл стратегияның идеясы – «бағдаршамның» түстерi арқылы оқушының өз бiлiмiне қатысты сенiмдiлiгiн көрсету, ол бұлардың жұмысын кезектi бағалау жүйесi болып табылады.
Бұл өте нәзiк, сонымен бiрге өте маңызды айырмашылық. Пайымдау қарастырылғаннан кейiн, жасыл стикер көтерген оқушы сары көтерген оқушыға жаттығуларды орындауға көмек берсе, қызыл көтерген оқушыға мұғалiм, яғни мен жаттығуларды дұрыс орындауда бағдар берiп отырдым.
Сабақтың қорытынды бөлiмiнде әр топтың басшыларынан жоғарыда көрсетiлген критерийлi бағалау арқылы әр оқушының балын айтуды сұрадым, әр топ басшысы өзiнiң тобындағы мүшелерiнiң қалай жұмыс жасағанына байланысты, критерийлердi ескере отырып балл жиынтығын айтты. Оқушы оқушыны бағалау арқылы өзара бағалауды iске асырды.
Мысалы, жоғары деңгейiндегi С.М өз тобындағы төмен деңгейдегi У.М жаттығулар орындауда жинаған 20 балына, қосымша сұрақтарға жауап берудегi, топта белсендiлiк танытып, топ мүшесiне көмек бергенiн бақылай отырып, қосымша 20 балл берiп жалпы 40 балл берiп, жиынтық бағасын «4» деп атады. Мұнда оқушылар өз бағасының әдiл шешiлгенiн байқады, күмән танытпады. Топтар бойынша 6 оқушы 45-50 балдан жинады, 3 оқушы 20 ұпай жинап, жиынтық бағасы «3» болғанымен, олардан ренiш байқамадым. Топтастарының жоғары балл жинағанын көрiп, олар да келесi сабақта талпынатынын көруге болады.
Балдарды бағаға айналдырып сынып журналына түсiрдiм. Мұнда оқушылардың жұмыстарын формативтi бағалаудан, жиынтық бағаға ауыстырдым.
Сабақтың соңғы әдiсi ретiнде «Не бiлдiм? Не бiлемiн? Не бiлгiм келедi?» рефлексия жүргiздiм. Оқушылардың бүгiнгi сабақ бойынша түсiнгендерi, түйген ойларын рефлексия парағының «Не бiлдiм?» бөлiмiне және сабақ бойынша сұрақтарын «Ненi бiлгiм келедi» бөлiмiне стикерге жазып, жапсырды және бұл керi байланыс әдiсiн мен тiзбектелген төрт сабақтарымда да қолданып отырдым. Мұнда оқушылардың бүгiнгi сабақ бойынша түсiнiктерiн бағалауын бiледi деуге болады.
Екiншi сабағымда оқушылардың бiр-бiрiне сұрақтар қою арқылы, «Ай»
әдiсi арқылы бағаларын жинақтап отырды. Бұл сабақта да «Ай» бағалау әдiсi арқылы оқушылардың түсiнiктерiнiң дәрежесiн анықтауға мүмкiндiк алып, бiрiн-бiрi оқытты, оларға керек болғанда көмек бердiм.
Критериалды бағалау арқылы формативтi бағаларын суммативтi бағаға алмастыруды әр оқушының өзiне жүктедiм. Әр оқушы өзiн-өзi бағалау арқылы сабақ барысында жинаған балдарының қорытындысын айтып отырды. Өткен сабақтан қарағанда, оқушылардың балдары жоғары болды. 30 балл жинаған оқушы А деңгейдегi С.М ғана болды.
Оқушылардың қорытынды бөлiмде «материалды түсiнудi жақсартуға бағытталған сұрақтар мен тапсырмалар» стратегиясы арқылы оқушылар белгiленген өлшемдердiң шегiнде түсiнулерiн бағалау барысында пайда болатын сұрақтарды ұсынды.
Осылайша үшiншi сабағымда түсiнiктерiнiң деңгейiн бiлу үшiн «Ұялы сымтетiк желiсi», төртiншi сабақта «Смайлик» әдiсiн тиiмдi қолданып отырдым. Оқушылардың осы мезеттегi түсiнiктерiн қорытындылауда түрлi тәсiлдердi алған себеп, оқушылардың жаңалыққа жақын болуы, өткен сарын бойынша жалығып кетпеуi үшiн болатын.
Қорыта келе, бағалау арқылы оқытуды жақсарту үшiн оқушылармен керi байланысты қамтамасыз ету керек. Яғни, өтiлген тақырыптарды еске түсiру арқылы жаңа тақырыпты байланыстырып, ұштастырып отыру тиiмдiрек. Мұғалiмнiң ғана емес оқушылардың да өзiндiк оқуға белсендi қатысуы қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшiн бағалау нәтижелерiн ескере отырып, оқытуды өзгертудiң маңызы зор. Балалардың өзiн-өзi бағалай алуы және өздерiнiң оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсiнуi қажет. Бұл өз кезегiнде бiлiм алуға түбегейлi түрде ықпал етедi. Оқушыларға терең бiлiм нәрiн беру үшiн келешекте оқушыларды бағалауда жиынтық бағалау мен формативтi бағалауды қатар алып жүру керектiгiн ұғындым.
Критериалды бағалаудың кезеңдiк және тақырыптық түрлерiн тiзбектелген төрт сабағымда қолдандым. Сонымен қатар, топтық бағалау, жұптық бағалауды сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың дағдыларын қалыптастыру бағытында жүргiздiм.
Не сәттi өттi?
Формативтi бағалаудың «Смайлик», «Бағдаршам» стратегиясын, «Ай», «Ұялы байланыс» желiсi әдiстерiн тиiмдi пайдалана алдым. Өзiн-өзi бағалауға дағдыланып, әдiл баға берудi үйрендi.
Не сәтсiз өттi?
Топтық бағалауда келiспеушiлiктер болды. Оқушылардың дәстүрлi бағалауға дағдылануы.
Ненi дамыта алар едiң?
Бағалау критерийлерiн оқушылардың өздерiне құрдыру.
Формативтi бағалаудың түрлi әдiстерiн тиiмдi пайдалану.
Формативтi және критериалды бағалауды болашақта үнемi пайдалану.
Алдағы уақытта да сабақ кезеңдерiнде оқушылардың түсiну дәрежесiн жетiлдiре түсетiндей сұрақтар мен тапсырмалар берудi одан әрi дамыта беремiн. Бұл менiң жұмысымның нәтижесiн жақсартады. Оқушының бойында қалыптасуға тиiстi дағды мен шеберлiк мемлекеттiк стандарт талабына сәйкес болу үшiн мұғалiм оқу — бiлiм үрдiсiнде қиындықтарды жоюға бағытталған жүйелi жұмыс жүргiзу арқылы бiлiм сапасын арттыруға
болатынына көз жеткiздiм.
Әр оқушымның жеке тұлға болып қалыптасу жолында, өзiмнiң тәжiрибиемдi ұштап отырамын. Римдiк философ Сенека Луций былай деген екен: «Басқаларды үйрете жүрiп бiз өзiмiз үйренемiз». Менде оқушыларыма үйрете жүрiп, өзiмде үйренемiн деп бiлем… Мұғалiм жан-жақты тұлға! Оның ойының ұшқырлығы қаншалықты терең болған сайын, оқу үдерiсiнiң жаңалықтарында да соншалықты тың дүниелер пайда болады. Қазiргi таңда берiлiп отырған, түрлi бағдарламалардың оқушы бойына дұрыс таралуы нағыз ұстаздың қолынан келетiн iс деп бiлемiн.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- ҚР жалпы бiлiм беретiн мектептер мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiктерiн арттыру курстарының бағдарламасы. Астана, 2012 ж.
- Мұғалiмге арналған нұсқаулық 3 (негiзгi деңгей) 3-басылым Назарбаев зияткерлiк мектебi ДББҰ 2012 ж
- I бетпе-бет кезеңiндегi таратпа материалдар.