Басы » Кембридж бағдарламасы » Заман талабына сай білім беру бағыттарының тиімділігі

Заман талабына сай білім беру бағыттарының тиімділігі

suАтырау қаласы Қ.Смағұлов атындағы орта

мектептің физика  пәнінің мұғалімі

Ерғалиева Гүлжан Айдынқызы

Коучинг тақырыбы Заман талабына сай білім беру бағыттарының тиімділігі
Мақсаты Оқыту мен оқудағы жаңа ұғымды меңгерту және оларды қабылдауға мүмкіндік жасау. Әріптестердің заман талабына сай жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру. 7 модульді насихаттау арқылы оны пайдалануға қызығушылығын арттыру. Топтық жұмыс арқылы өзара ынтымақтастық үлгісін көрсету
Күтілетін нәтиже Оқытудың 7 модулін меңгертіп, тиімді пайдалануды үйренеді. Заман талабына сай білім беруде топтық жұмыстарды өзара ынтымақтастықта жүргізу арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру арқылы өз тәжірибелеріне өзгеріс енгізеді.
Түйінді идея 7 модульді оқыту мен оқуда тиімді пайдаланудың және метатанудың қабілеттерді ашатын мүмкіндік

 

Ресурстар Мұғалімге арналған нұсқаулық-2012.

«СPM.KZ» порталы материалдары.  Бейнеролик «Әлем өзгеруде, мен де өзгеремін» «7 чудес света», «Құмырсқалар» тақырыптық презентация. Плакат, маркер, түрлі-түсті стикерлер, түсті қағаздар, 6 түсті қалпақ. Тақырыптық материалдар.

 

Коучинг бөлімдері:

  1. Ұйымдастыру (сергіту, топқа бөлу)
  2. Коучинг тақырыбы, мақсаты, күтілетін нәтиже, түйінді идея (презентация)
  3. «Коучинг» туралы мағұлмат беру (презентация)
  4. «Миға шабуыл»: Топтық жұмыс: Заман талабына сай білім берудің бағыттары бойынша жоба жасау.

«Мінсіз оқушы»

«Мінсіз ұстаз»

«Мінсіз мектеп»

«Мінсіз сабақ»

  1. Видео «Әлем өзгеруде, мен де өзгеремін». Ақылдың 6 қалпағы бойынша талдау жасауды ұсыну. (6 қалпақ слайдын қою). Жағдаяттық сұрақтар.
  2. Топтарға әртүрлі суреттер беру-5W-сұрақтары арқылы өзара мәтін құрау.
  3. Түйенің суретін салу тапсырмасы. (өзара бағалау-формативті бағалаудан-критериалды бағалауға көшу.
  4. Конверттегі тапсырма. 1.Мерекелік газет шығару

2.Мерекелік сәлемдеме

3.Мерекеге дайындық және оны өткізу сценарийін құру.

  1. Видео «Құмырсқалар»-Талдау, модульді айқындау.
  2. Топтық жұмыс: «Константинополь»
    1. «Сөздер банкасы»
    2. «Лездеме»
    3. Сұхбат: «Мұғалім-оқушы»
      1. «Оқушы-оқушы»
      2. «Мұғалім-мұғалім»
    4. Қорытындылау «Коучингтен қандай әсер алдыңыз?», «7 жақсы-7 керемет»-қатысушылар пікірін тыңдау.
    5. РЕФЛЕКСИЯ-НӘТИЖЕ. Тиянақтау. видео «7 чудес света».
    6. Келешекке тапсырма.
Коучинг кезеңдері КОУЧИНГ МАЗМҰНЫ Уақыт шеңбері
Ұйымдастыру
  1. Шаттық шеңберінде сергіту:

«Менің көршімнің жетістіктері»

Қатысушылар оң жағындағы қатысушылардың оқу жылы ішіндегі қол жеткен жетістіктерін айтады.

  1. От, су, күн суреттері бойынша топқа бөлу.

От-қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.

Су-жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар жандар.

Күн-жанындағыларға жылу сыйлап, жарқырап жүйретін, сәуле шашып, белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.

10минут
Негізгі ұғымдар Коучинг тақырыбы, мақсаты, күтілетін нәтиже, түйінді идея туралы таныстырылым жасау. «Коучинг», «модуль» туралы мағұлмат беру-таныстырылым жасау.  

5минут

 

 

1-тапсырма

Топтық жұмыс

«Миға шабуыл»
Заман талабына сай білім берудің бағыттары бойынша жоба жасау: (флипчартқа түсіру, қорғау)
«Мінсіз оқушы»
«Мінсіз ұстаз»
«Мінсіз мектеп»
«Мінсіз сабақ»
10минут

 

2-тапсырма Видео: «Әлем өзгеруде, мен де өзгереін!»

(7 модульдің атауын тақтаға іліп тұру)

Тақтада: Ақылдың 6 қалпағы слайдын қою: видео бойынша 6 қалпаққа сәйкес ойын айту.

Түрткі сұрақтар:

А) Бейнекөріністен не көрдің?

Ә) Нені байқадыңыздар?

Б) Қандай құбылыстар жүрып жатыр (өзгерістер) ?

В) Білім беру саласына неліктен осындай өзгерістер қажет деп ойлайсыздар?

Г) Біздің мектепте осындай өзгерістер іске асуы мүмкін бе?

Д) Неге?

Коуч: Әртүрлі ойлар, пікірлер айтылды, жаңа нәрслер көрдік, бақыладық, талдадық, нәтижесінде  сіздер қай модульмен  жұмыс істедіңіздер?

Сіздердің араларыңызда қандай қарым- қатынас жүзеге асты?

(Сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, АКТ)

15минут
3-тапсырма Топтарға әртүрлі суреттер беру. 5ѡ –сұрақтары бойынша мәтін құрастыру

Көрнекілігі: 1) Слайд-сурет, 5ѡ –сұрақтары

2) А4 -бетшелері

5минут
4-тапсырма Түйенің суретін салу. Салынған суреттерді өзге топтармен алмасу арқылы формативті бағалау

Көрнекілігі: Плакат, маркер, карандаш, түсті бояулар.

Слайд: бағалау критерийі.

Бағалау критерийінің кестесі бойынша өз жұмыстарын өздеріне бағалату.

 

Модульдің атын айқындау.

 

Кауч: Баға әділ болуы үшін табыс критерийі керек Сонымен бұл қай модуль?

10минут
5-тапсырма «Конверттегі тапсырма»

1-конверт: Мерекелік газет шығару

2-конверт: Мерекелік сәлемдеме

3-конверт: Мерекелік сценарий құру, рольдермен бөлісу.

Көрнекілігі: Плакат, маркерлер, бояулар, түсті қағаздар, желім, қайшы, А4-бетшелері
Көрініс табатын модульдер:  

Талантты және дарынды балаларды оқыту,  жас ерекшелрікке сәйкес оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық

 

Тапсырманы қорытындылау:

«Құмырсқалар» видеосын жіберу, талдау-модульді айқындау

 

15минут
6-тапсырма Топтық жұмыстар:

  1. «Константинополь»— әдісі бойынша берілген сөздер тізбегінен мағынасы бар сөздерді тауып, қай ғылымға қатысты екенін анықтау
  2. «Сөздер банкасы»-әдісі бойынша берілген сөздер ішінен бүгінгі сабаққа қатысы бар сөздерді бөліп шығару.
  3. «Лездеме» —әр топтан қоржындағы сұрақтан алып, 2 сұраққа лезде жауап беру
5минут
7-тапсырма Сұхбат

  1. «Мұғалім -оқушы»
  2. «Оқушы-оқушы»
  3. «Мұғілім –мұғалім»

Таңдалған тақырыптар бойынша өзара рөлдік сұхбат жүргізу.

Орындалған тапсырмалардан көрініс тапқан модульдерді айқындау

5минут
Қорытындылау Түйінді идеяға оралу 10минут
Рефлексия Коуч: Бүгінгі коучинг- сабақтан қандай әсер алдыңыз? 7 жақсы немесе 7 керемет деп бүгін сіз нені айтар едіңіз ?.. (қатысушыларды тыңдау)

 

Тиянақтау Видео: «7 чудес света»

Соңындағы:

  1. Көру
  2. Есту
  3. Түйсіну
  4. Дәмін тату
  5. Сезіну
  6. Күлу
  7. Сүйе білу-сөздерін тақтаға видео барысында ретімен ілу

(7 модульді сабақта  пайдалану-осы сезімдермен пара-пар екенін жеткізу)

 

Коуч:

Сіздер көтергіш крансыздар!

Шығарасыздар да, көтересіздер

Дәуірдің жүгі алақандарыңызда,

Алақандарыңызда, тіпті мынау жоталарыңызда…

Заманға оттық, шырпы да сіздер,

Тұтанасыздар да , сілкінесіздер,

Құпия сандық құлпы да сіздер

Құлыптың ашар кілті де сіздер!

 

Сіздердің қолдарыңыздан бәрі де келеді!

5-7 минут
Келешекке тапсырма Мұғалімдер: Оқыту  мен оқудың 7 модулін әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өз сабақтарында, сабақтан тыс жұмыстарға пайдалануды үйреніп іске асыру арқылы сапалы білім, саналы тәрбие беріп, алған білімін кез-келген жерде орынды пайдалана алатын ұрпақ оқытып шығару керек.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *