Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – лицей-интернаты» КММ
Ежембаева Әсемгүл Аусалыққызы – қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: білімділік: Оқушылардың салалас құрмалас сөйлемнен алған теориялық білімдерін тәжірибелік тұрғыдан тексеру, білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: топпен, жұмыс істеу дағдыларын, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, тіл мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеу, әдептілік, адамгершілік, елжандылық қасиеттерді үлгі ету.
Сабақтың типі: бекіту, қайталау сабағы.
Түрі: Білімді жинақтау сабағы
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, іздену-зерттеу, шығармашылық жұмыстар
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, түрлі таратпа қағаздар, электронды оқулық, А3 қағаздары, түрлі түсті бояулар.
Сабақты ұйымдастыру барысында оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып, топқа бөлдім. Халқымыздың қасиетті сандары 3, 5, 7 сандарын пайдаландым. Топ жетекшілерін тағайындауда олар осы сандардың ұлттық қасиеттерін айтты. Топ ережесі, топта бағалау тәртібі айтылды. Үй жұмысын тексеруде Салалас құрмалас сөйлемдер Елбасы Жолдауында тақырыбы бойынша іздену-зерттеу тапсырмалары тексерілді. Сабақ «Қайталау – оқу анасы» семантикалық картамен жұмыс, «Ізденген жетер мұратқа» постер қорғау, «Кім жүйрік?» ой-толғаныс, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деңгейлік тапсырмалар орындау бөлімдерінен тұрды. Оқушылар ауызша, жазбаша, тақтамен жұмыс арқылы талдау, шығармашылық, іздену-зерттеу тапсырмаларын топпен, жекелей, жұппен орындады. Сабақтың бекіту кезеңінде кері байланыс болды, топ жетекшілері бағалау парақтары бойынша бағалады. 15 оқушы –«5», 10 оқушы – «4» деген бағалар алды.
Қорытындылай келе, сабақ өз мақсатына жетті.
С а б а қ т ы ң б а р ы с ы
- Ұйымдастыру: Амандасу, оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Топқа бөлу.
Халқымызда қасиетті сандар деп қандай сандарды айтамыз? 3 5 7 үш топқа бөліну.
Топ жетекшілерін тағайындау. Берілген сандардың ұлттық ерекшеліктерін айту.
Топ ережесімен таныстыру ( тақтада ілінген)
- Үй тапсырмасын тексеру:
Салалас құрмалас сөйлем және оның мағыналық түрлері
- Қайталау – оқу анасы
Елбасы Жолдауы – 2014 туралы өз ой-толғауларыңды салалас құрмаластарды қатыстырып жазу
- Семантикалық карта
1-топ:
- Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.
- Сонда я жүрегім жеңер, я білегім жеңер.
- Келген екеу еді: бірі-инженер, екіншісі-агроном.
- Бұл уақыттың ішінде ел де өзгерді, адамдар да өзгерді.
- Малшы сырын білем мен: қасында өскем жасымнан.
- Сабақта ұстаз бірде ауызша сұрайды, бірде жазбаша орындатады.
2-топ:
- Көмір де осы, отын да осы.
- Балалар бірде футбол ойнады, бірде өзенге барып шомылды.
- Қазақ тілінде қосымша екіге бөлінеді: бірі – жалғау, екіншісі – жұрнақ деп аталады.
- Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды.
- Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрармын.
- Әннің халықтың ұғымына жеңілдігі соншалық – жұрт бір-екі айтқанның өзінде үйреніп жатыр.
3-топ:
- Былтыр жайлауға бардым және ауылда жақсы демалдым.
- Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды: құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалады.
- Саған ашып айтарым сол: мен осында қаламын.
- Я алқымда булығып ашу тұрды, я көзінде жаңа бір үрей тұрды.
- Күн жауып кетті,- оны елеген ешкім жоқ.
- Баяу ескен жел біресе сол жағына ойысады, біресе жасыл шөптердің бастарын ақырын ғана ырғайды.
- Ізденген жетер мұратқа:
Постер қорғау (жеребе арқалы топ жетекшілері алады)
Топ жетекшісі тақтаға сатылай кешенді талдайды. 3 карточка беру.
Уақыт алтыннан да қымбат.
Адамды еңбек асырар, жалқаулық құтын қашырар.
Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді, жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді.
1-топ: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығы
2-топ: Құрмалас сөйлемнің түрлері
3-топ: Салалас құрмаластың мағыналық түрлері
- Кім жүйрік?
Электронды оқулық тыңдау.
- Ой толғау
Тақырыптар:
- Білімсіз адамның сөзі білектей, білімді адамның сөзі жібектей.
- Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз.
- Жақсыда кек жоқ, жаманда тек жоқ.
- Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда
Талдау – табыс кілті
Деңгейлік тапсырмалар орындау.
Топ мүшелері өз бетімен орындайды, сағат тілімен көршісі тексереді, бағалайды
Келесі топпен ауысады, топ жетекшілері бағалайды.
1-топ: Схема бойынша сөйлемдер құрастыру.
1.———————:——————.
- ——————-,- ——————.
- ——————- және ————-.
- —————, бірақ —————.
- Кейде ———, кейде ————.
- ——— сонша- ——————.
2-топ: Көп нүктенің орнына сөйлемдер жазып, салалас құрмалас құрау.
Биыл қыс жай түсті, ——————————————
———————————сонша- бірнеше адам үсікке шалдығыпты.
Сөздің көркі – мақал, ———————————
———————————, көп көргеннен сұра.
Жаяуға үш тарау жол кездесті: ———————
Жел саябырлаған сияқты,- —————————.
3-топ:
Дәлелді жауап
- Ыңғайлас салаластың жалғаулықтары.
- Тек жалғаулықты жасалған салаластар
- Салалас құрмаластың мағыналық түрлері нешеу?
- Сілтеу есімдіктерінен жасалатын салалас.
- Қыруар уақыт өтті жаңбыр басылмады. Тыныс белгісін қой, сабақтас құрмаласқа айналдыр.
- Салдар мәнді сөйлем бұрын орналасса , …
- Бекіту:
Не білем? Не білдім Не білгім келеді? Смайликтер арқылы жапсыру.
- Бағалау: Топ жетекшілеріне сөз.
Бағалау парағы
№ | Аты-жөні | Үй тапсырмасы | Семантикалық карта | Постер
қорғау |
Ой тол
ғау |
Деңгей-
лік тап. |
қорытынды |
- Үйге тапсырма: « Салалас құрмаластар көркем әдебиетте» іздену жұмысы мысалдар арқылы дәлелдеу.