Өскемен қаласы
«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – лицей-интернаты» КММ
Ежембаева Әсемгүл Аусалыққызы – қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Мектепте Абай шығармашылығын оқытудың жаңашыл әдістемесі мен технологиясы
Жоспар:
І. Кіріспе
Абай шығармашылығын оқытудың жаңашыл әдістемесі мен технологиясы
ІІ. Негізгі бөлім
Абай шығармашылығын оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер
Интербелсенді әдістерді қолдану
ІІІ. Қорытынды
Электрондық оқыту жүйесінің маңызы
Кіріспе
ҚР Президенті – Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында: ХХI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиалық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру қажет делінген. Соған орай, қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-эконмикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және озық педагогикалық технологияларды жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы және патриоттық сезімі жоғары маман болу керек екендігін атап көрсеткен.
Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін, сабақта жаңа әдіс — тәсілдер, яғни заманауи технологияларды қолдана білу керек. «Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағнаны білдіреді. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Өзім қызмет жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интербелсенді тақта орнатылған. Әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясымен жұмыс жасауға үйретеміз. Енді нақты қазақ әдебиеті сабақтарына тоқталып өтейін. Мәселен, әдебиетпен танысу халық ауыз әдебиетімен басталады. Бұл блокта оқушылар тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, ертегілер сияқты ауыз әдебиет үлгілерімен танысады. Оқушылардың мақалдарды түсініп, есте сақтауын қамтамасыз ету мақсатында интербелсенді тақтаның көмегі зор. Мұғалім тақтаның сурет салу редакторы арқылы тақтада жаңа тақырыпты, мақалдарды ребус түрінде береді, оқушылар сол ребустарды шешіп, өтілетін тақырыпты өздері тауып, сабақтың мақсатын анықтайды.
Келесі сабаққа өздері де ребус ойлап тауып, тақтаға салып, басқа оқушылардың шешуін сұрайды. Ақпараттық технологиялардың оқу-тәрбие үрдісінде қолданылуы мұғалімдердің де, оқушылардың да мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық технологияларды үйлесімді пайдалану қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отырғаны даусыз.
Интербелсенді тақтамен жүргізілкен сабақ үлгісі:
Оралхан Бөкейдің өмірі, “Тортай мінер ақ боз ат…” әңгімесі
І . Қызығушылықты ояту
Оралхан Бөкей өміріне шолу (кинофильм көрсету)
ІІ. Мағынаны таныту
- Тортайдың жеке басының арманы не? Сол үзіндіні қайталап оқы.
- Тортай мен лирикалық кейіпкердің сыйлық алмасуы қай бөлікте берілген?
- Әңгіменің соңында лирикалық кейіпкер қандай шындық айтады?
ІІІ. Ой толғаныс
- Кубизм (берілген кескіндерді басу арқылы тапсырмалар орындау)
- “Мін” сөзіне топтастыру жазу
ІV. Қорытындылау
Топтастыру стратегиясы
а) ? қайсысы дұрыс ?
б) ауыл көрінісі лирикалық кейіпкер мен Тортайды салыстырыңыз Тортай арманына сын айтыңыз
- Үй тапсырмасы “ Т” кестесін толтырыңыз
Аян | Тортай |
Ер
Жасөспірім Балалар үйі … |
Ер
Ересек Қойшы … |
VІ. Бағалау
Енді, поэзияға тоқтайтын болсақ, бұнда да ақпараттық технологиялардың алар орны зор. Оқушыларды әуелі слайд көрсету арқылы өлең авторының өмір жолымен таныстырып, осы өлеңнің шығу тарихына ерекше тоқталып, өлең мазмұнын түсіндіріп, содан соң оқушыларға компьютер немесе теледидар арқылы өлеңді тыңдату оқушының жүрегінде әсер қалдыруы сөзсіз. Жоғары сыныптарда роман, әңгімелерді оқыту тіпті де үлкен қиыншылықтарға әкеп соғады, себебі балалар кітап оқып отырғаннан компьютерде көбірек отырғанын қалайды. Осы мәселенің шешуін де ақпараттық технологиялар көмегімен табуға болады. Мәселен, романды оқуға екі немесе үш сағат берілсе, оның бірінші сабағында мұғалім қысқаша роман кейіпкерлерімен , мазмұнымен слайд арқылы таныстырады. Екінші сабақта осы роман сюжеті бойынша түсірілген кинофильм көрсету, ал үшінші сабақта алған білімді бекіту мақсатында электрондық оқулық бойынша, немесе мұғалімнің өзінің құрастыруы бойынша тест және т.б. бақылау түрлерін өткізу, оқушылармен пікірталас жүргізуге болады.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты — өркениетті елдердің қатарында болу, бүкіл әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Бүгінгі таңда электрондық оқыту жүйесіне (e-learning) көшкен.
Электрондық оқулықтың кітапханасынан барлық сыныптарға арналған, әр тақырыпқа жеке-жеке құрылған оқушының логикалық ойлауын дамыту мақсатында жасалған қызықты тапсырмалар, қызығушылығын арттыруда ойын арқылы берілген сұрақ-жауаптар, кесте-сызбалар тәрбиелік мәні бар мақал-мәтелдер және сабақты қорытындылауға арналған музыкалық тест сұрақтар бойынша әр оқушы өзін-өзі бағалай алатыны өте маңызды тапсырмаларды алуға болады. Әр тоқсан сайын VIP тест алу, мұғалім уақытын үнемдейді. Бұл әр мұғалім үшін маңызды. Мен өз сабағымда интербелсенді тақтаны және электрондық оқулықты күнделікті пайдаланамын.
Демек, оқушы білімді дайын күйінде алмай, өзінің тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық» ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікір қалыптасады және әр сабаққа қызығушылығы артады.
Қорыта айтқанда, мемлекетіміз білім кеңістігіне аяқ басқан кезеңде, ғылым – білімнің құндылығы, рухани маңыздылығы артып отырғаны белгілі. Сондықтан да ертеңгі ұрпақ жарқын болашақта өмір сүріп, дамыған елдермен иық тіресе қатар тұруы үшін, ең алдымен терең білім мен жан – жақты рухани сұраныс қажет. Бұл орайда оқушы бойында білімге деген құштарлықты, ғылымға деген сүйіспеншілікті оятуымыз қажет. Мұның өзі бала дарындылығын дамытып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға жол ашады.
Сонымен, жаңа ақпараттық технологияларды қазақ әдебиеті сабағында қолдану келесі нәтижелерге қол жеткізеді:
1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2. Ақыл-ойын, тіл байлығын дамытады;
3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
- Әр оқушының білім деңгейін анықтауға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- С.Т. Мұхамбетжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы,2008 ж.
- Т. Жұмажанова, С. Дүйсебаев, Ә. Мамырова, З. Көпбаева, «Қазақ әдебиетінің» әдістемесі. Алматы «Білім», 2003.
- А. Медешева, Компьютерлік программаларды оқу-тәрбие жұмысында қолдану. Бастауыш мектеп, №1,2001ж.
- Н. Нурахметов. Абайдың ұстаздық ұлағаты. //Абай, № 3, 1996, 66-72 бб