№14 орта мектеп-гимназиясының
математика пәні мұғалімі
Нугербекова К.И.
ҰБТ-ке дайындалудағы сабақтастық
«Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қол- таңбамызды қалдырайық.
Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы – білім беру процесінің барлық қатысушыларының ұлттық білім беру ресурстары мен технологияларына еркін кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз етуді көздейді. Өз тәжірибемде кеңінен қолданып жүрген технологиялардың бірі-Ж.Караевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы.ҰБТ тапсырмалары деңгейлік тапсырмалардан құралған.
1-ші деңгей- оқушылық(репродуктивтік), стандарт.
2-ші деңгей- алгоритмдік, орташа қиындық.
3-ші деңгей – эвристикалық, күрделі.
Деңгейлік тапсырмаларды орындауда әрбір оқушы өз білімінің шыңына өзінің жеке қабілеттеріне қарай жетеді. Бұл технологияда индивидуалды және топтық оқыту түрлері негізгі болып табылады.
Топтық оқытудың негізгі мақсаты — оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту. Мұндай топта оқушы өз даралығын жоғалтпайды. Қажетті жағдайда оқушылар бір-бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді.Бұл жағдайда әрбір оқушы тек өзінің жетістіктерін бағалап немесе кемшіліктерін түсініп қана қоймайды, сонымен бірге ортақ нәтижеге өзі қалай әсер ететінін көре алады.
Индивидуалды оқыту түрі — оқушыға кейбір тапсырмаларға тереңінен тоқталуға мүмкіндік береді, өзінің де, мұғалімнің де алдында тапсырмаларды орындау нәтижесіне жауапты болуға үйретеді.
Оқытудың бұл түрлерінің негізгісі-оқушыға сенімділік, өзіне жауап беру қабілетіне сүйену, ар-намыс және өзін-өзі сыйлау қасиеттеріне ынталандырады.
Математиканы оқып үйренуде және ҰБТ-ке дайындаудағы қиындықтар:
- Оқушы негізгі мектептің математика курсы бойынша бағдарлама материалдарын нашар біледі.
- Есеп шартын түсініп, оны түрлендіру белгілі бір ережеге келтіру дағдысы жоқ.
- Өз бетімен есеп шығарудың жоспарын құра алмайды.
- Сауатты , қисынды талдау нәтижесінде тиімді тәсілді көре білу , дәстүрлі емес жолмен шешімді табу дағдысы жоқ.
- Математикадан нашар үлгеретін барлық оқушыларға тән сипаттама – олардың білімінде кезінде кеткен кемістіктер мен олқылықтардың кесірінен есеп шығара алмайды.
Осы кемшіліктерді жою мақсатында Вильям Глассердің мына ұстанымын басшылыққа аламын.
Біз білімнің
10% -тін оқығанда,
20% -тін тыңдағанда,
30% -тін көзбен көргенде,
50% -тін көзімізбен көріп тыңдағанда,
70% -тін пікір таластырғанда,
80% -ін тәжірибе жасағанда,
95% -ін басқаларды үйреткенде игереміз.
Вильям Глассер.
ҰБТ-ке дайындалуда математикадан қорытынды қайталау сабақтарын 10-11 сыныптарда өткізудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мен өз тәжірибемде осындай қорытынды қайталау сабақтарын өзім сабақ беретін 11А сыныбында 10-сыныптан бастағанмын. Оларды 3-деңгейге бөліп, топтап, дайындаудамын.
1-топ-жақсы, жақсыдан жоғары;
2-топ-орташадан жоғары, жақсы;
3-топ-орташа, орташадан жоғары.
Барлық пәндердегі тақырыптар білім беру стандартына сай жеңілден қиынға қарай құрылған. Осы орайда мен сіздерге, түбір арқылы шешілетін есептерге байланысты ҰБТ-те кездесетін есептерге тоқталмақпын.Әр сыныптағы тақырыптар сабақтастығын ҰБТ-ке дайындықта қолданса, ол оқушыларға да ұтымды болар еді. Мысалы: 8-сыныпта «Квадрат түбір», тереңдетілген сыныбында «Иррационал теңдеулер», ал 9-сыныпта «Прогрессиялар» және «Тригонометриялық элементтері» тараулары, 11-сыныпта «Иррационал өрнектер, иррационал теңдеулер және теңсіздіктер» тақырыптары. 11-сыныптарға ҰБТ тапсырмаларын орындауда осындай тақырыптарға тереңдетілген 8-9 сынып оқушылары да көмектесе алады. Қосымша сабақтарда олармен бірге отырып есептерді шешсе, оқушылар бір-бірінен жақсы түсініп алады.
Математиканы оқып үйренудегі және ҰБТ-ке дайындалуда төмендегідей кемшіліктер де кездеседі:
1.Оқушы негізгі мектептің математика курсы бойынша бағдарлама материалдарын нашар біледі.
2.Есеп шартын түсініп, оны түрлендіру белгілі бір ережеге келтіру дағдысы жоқ.
3.Өз бетімен есеп шығарудың жоспарын құра алмайды.
4.Сауатты , қисынды талдау нәтижесінде тиімді тәсілді көре білу , дәстүрлі емес жолмен шешімді табу дағдысы жоқ.
5.Математикадан нашар үлгеретін барлық оқушыларға тән сипаттама – олардың білімінде кезінде кеткен кемістіктер мен олқылықтардың кесірінен есеп шығара алмайды.Демек , математиканы оқытудағы негізгі мақсат – есеп шығаруды үйрету орындалмай отыр. Бүгінгі жаһандық талап деңгейімен бейнелеп айтсақ, есеп шығара білу – математикалық компетенттіліктің негізгі көрсеткіші болып табылады.
ҰБТ-ға қорытынды дайындық негізіндегі мұғалімнің мақсаты:
- жыл бойы жүйелі қайталау барысында 10 – 11 сыныптағы математикалық білімдегі олқылықтарды түзету;
- математиканың 5-9 және 10-11 сыныптар бойынша бағдарлама материалдарын жүйелі қайталау барысында оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыру дағдысын қалаптастыру;
- оқушылардың математикалық білімдерін өз бетімен жинақтап жүйелеу арқылы ҰБТ-ға өз бетімен дайындалу дағдысын қалыптастыру.
ҰБТ дайындыққа 3 мақсат :
- Ойлау, жады, елестету, еске түсіру қабілеттерін дамыту. Мұнда оқушы алдында нақты мақсат қою керек. Әр сабақ алдында күнделікті жаттықтыру жұмыстары. /мысалы: тренажер/
- Оқыту мен дамытудың біртұтастығы. Деңгейлік оқыту технология , ақпарттық технология, дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып, қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыруға болады.
- Психологиялық процесстердің мәдениетіне тәрбиелеу . Күш- жігерін, өзіне деген сенімділігін дамыту.
Дайындықтың 3 бағыты
Техникалық дайындық Әдістемелік дайындық Психологиялық дайындық
/жауап парағын, толтыру /тиімді,әдіс – тәсілдер / «Мен орындай аламын»
Есептің әр кезеңін жазбау нақты білім жоқ жерде, -Өзін-өзі сендіру
Қысқаша жазып үйрету/ пайымдау бар — Әр оқушы өзіне меже алуы
Тақырыптық -Өзін-өзі бақылау
Уақытқа істеу -Объективті бағалауға
Өзінде бар білімді үйрену. толық колдану /Оқушылар арасындағы
Бәсекелестік
ұйымдастыру кім жеңеді/
Консультация
Әр баланың қабілетіне қарай консультация жүргізу
— Әр оқушыға диагностика
— Әр оқушының нәтижесін сараптау
— Тірек конспектілерін жүргізу /матем формула, схемалар/
— Психологиялық тренингтер өткізу
— Оқушының көңілін тапсырмаға аударуды үйрету
— Уақытпен тапсырма орындау
Консультация
Үздік Нашар Жалпы топ оқитын
Демек , математиканы оқытудағы негізгі мақсат – есеп шығаруды үйрету. Бүгінгі жаһандық талап деңгейімен бейнелеп айтсақ, есеп шығара білу – математикалық компетенттіліктің негізгі көрсеткіші болып табылады.