№36 мектеп – гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті
пән мұғалімі Бахонова Ә
Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер. Қайталама қос сөздер
Сабақтың мақсаты: а) білімділік:
Қос сөз, қайталама қос сөздер, олардың жазылу
емлесі туралы түсінік беру. Қазақтың ұлттық ойын
түрлерімен ұштастыру.
ә) дамытушылық:
Ойын түрлері арқылы оқушылардың ой өрісін,
дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
б) тәрбиелік:
Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге,
алғырлық пен тапқырлыққа, аңғарымпаздыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, топтастыру, сұрақ жауап, талдау, перфокартамен
жұмыс, СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: фигуралар, конверттер, Ақсүйек, орамал, мәуелі
бәйтерек ағашы, слайдтар.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу; сабаққа қатысын тексеру.
Сыныпты фигуралар арқылы 3 топқа бөлу.
□ — 1-топ, ▲ — 2-топ, ○-3-топ
— Оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыз ұлттық ойындарға негізделіп, ойын түрлері арқылы өтпек.
-Қазақтың ұлттық ойындарынан қандай ойын түрлерін білесіздер?
-Қазіргі кезде ойналатын қандай ұлттық ойын түрін білесіздер?
Үй тапсырмасын тексеру
«Ақсүйек» ойыны. Әр топтан бір оқушыдан шығып, конверт суырады, ішінде «ақсүйегі» бар конвертті тапқан оқушыдан үй тапсырмасы сұралады.
№1тапсырма
Р/с | Мысалдар | Біріккен сөз | Кіріккен сөз |
1 | Алтыбақан | + | |
2 | Саршоқы | + | |
3 | Ешкіөлмес | + | |
4 | Ендігәрі | + | |
5 | Қаламқас | + | |
6 | Берікқара | + | |
7 | Өмірзақ | + |
№ 2 тапсырма
Р/с | Мысалдар | Бірге жазылады | Бөлек жазылады |
1 | Қыздың аты — (Бота гөз)
(Бота гөз) қыз |
||
2 | (Қара кесек) ет
(Қара кесек) руы |
||
3 | (Той басталды)
(Тойбастар) айтылды |
||
4 | (Кері тартып) әкету
(Кері тартпа) әдет |
||
5 | Жиһанды кезіп шығу
Жиһан кез адам |
||
6 | (Қонақтың асын) беру
(Қонақ асы) желінді |
№3тапсырма
Өзің тұрған мекенді суреттеп «Туған жер — алтын бесігім» тақырыбында мәтін құраңдар. Онда біріккен сөздердің жиі қолданылуын ескеріңдер.
ІІІ Жаңа сабақ
Оқушыларға қос сөздер туралы 5-сыныпта алған білімдерін еске түсіру мақсатында сұрақтар қойылады.
-Қос сөздер қалай жасалады? Құрамына қарай қандай сөздерге жатады?
-Қос сөдерге қандай мысалдар келтіресің?
Демек, сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз деп атайды. Қос сөздер екі түрлі болады: қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер.
Бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады. | |
Қосымшасыз және қосымшалы
түбірдің түгелдей қайталануы |
Үйдей — үйдей, топ-топ, қос-қос, сөйлей-сөйлей |
Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары
қосымшасыз бір түбірдің қайталануы |
Өз-өзінен, бет-бетімен, бас-басына, жүзбе-жүз, т.б. |
Бір түбірдің әр түрлі қосымша
жалғанып, қайталануы |
Аузы-аузына, тектен- текке, айтып-айтпай, тастан-тасқа, т.б. |
Екінші сыңары бірінщі сыңарына
еліктеу мәнінде келіп, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздің бірінші дауыссыз дыбысының орнына және дауысты дыбыстан басталатын сөздің алдына м,п дыбыстары қосылып жасалуы |
Ет-мет, шай-пай, түйе-мүйе, ат-мат, аң-таң, қол-мол, от-мот, т.б. |
Еліктеуіш сөздің екінші сыңары
кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап қайталануы |
Тарс-тұрс, жалт-жұлт, жарқ-жұрқ, сарт-сұрт, даң-дұң,т.б. |
Түбір сөздің алдынан күшейткіш
буын қосылып айтылуы |
Үп-үлкен, сап-сары, біп-биік, теп-терең, қап-қатты, т.б. |
IV Кім жүйрік? Кім шапшаң?
Оқушылар берілген мысалдардағы көп нүктенің орнына қос сөздің сыңарларын қою арқылы сөйлемді толықтырады.
1.Менің туған өлкемде өсімдіктің …-… түрлері кездеседі.
- …-… арық қазсаң, …-… су ішерсің.
- …-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.
4.Бір тілім боп туады,
…-күнге толады
…-дөңгелек болады.
- …-мүйе, …-мат деп сөйлеуінен қомсынып тұрғандығы байқалады.
6.Түгі Атырау оттары …-… етіп көздің жауын алады.
7.Қаланың көркін ашатын …-биік, …-әдемі ғимараттар көптеп салынып жатыр.
V Оқулықпен жұмыс
88-жаттығу. «Орамал тастау» ойыны. Бірінші топтан бір ойыншы шығып екінші топ ойыншысына орамал тастайды. Бір оқушы қос сөздің бірінші сыңарын айтса, екіншісі одан қайталама қос сөздер жасауы тиіс. Жасалу жолын түсіндіріп өтеді.
Дүркін-дүркін, қолма-қол, көзбе-көз, қолды-қолына, жалт-жалт, өзінен-өзі, қараптан-қарап, жымың-жымың, жік-жік, имек-имек, қараң-қараң, мөлт-мөлт, тарс-тарс.
VI Екі жақты күнделік
92-жаттығу. Берілген мәтінді оқып шығып, баяндау сипатына қарай оның түрін анықтайды. Табиғатты суреттеген жерлерін күнделікке теріп жазады. Күнделіктің екінші бетіне оқушы өз тұрған жерінің табиғатын суреттейді.
Мәтіннен үзінді | Менің пікірім |
Сонау ойда айнала қырпық-қырпық кейбір жоталар қоршаған қыстақ жатыр. Төбеде мелшиген көк аспан, тұп-тұнық. Айнала әжім-әжім
құмдар. |
Күн бұлыңғыр. Оқтын-оқтын жаңбыр сіркіреп өтеді. Жер лайсаң. Кең көшелерде сидиған ағаштар күздің суық желінен бүрісіп, тоңып
тұрғандай. Көшенің арғы бетінен шуылдаған балалар үні естіледі. Шамасы сабақтан қайтып келе жатқан болу керек. |
VII Саялы бәйтерек аясында
— Оқушылар, ойын түрлері ойналып болып, саялы бәйтерек аясына дамылдар кез де келді. Бәйтеректің де бізге қояр сұрақтары бар екен.
Оқушылар бәйтерек түбінен бекіту сұрақтарын алып, жауап береді.
— Қос сөз дегеніміз қандай сөздер? Түрлерін атаңыз.
— Қайталама қос сөздер дегеніміз не?
— Бүгінгі сабақтан алған әсерім
VIII Үйге тапсырма:
89, 90-жаттығу; Қайталама қос сөздердің ережесін жаттау
Бағалау.