Басы » Баяндамалар » Мектептегі психологиялық қызметтің ерекшеліктері мен маңызы.

Мектептегі психологиялық қызметтің ерекшеліктері мен маңызы.

Мектептегі психологиялық қызметтің ерекшеліктері мен маңызы.

Астана қаласы, «Медициналық колледж» МКҚК, психология пәнінің мұғалімі Қожахметова Айгерім Нұрланқызы.

          Мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады.

Психологиялық қызметтің негізгі мақсаты және қамқорлығы — ол оқушы, өзінің психикалық даму, тұлға ретінде қалыптасу, жас жағынан, жыныстық және басқа жеке ерекшеліктерінің, үлкендермен және құрдастарымен өзара  қарым-қатынастары мәселелерімен айналысу. Психологтың міндеті — әр балаға арналған, жеке, оның мүддесін, қабілетін, өзін-өзі тербиелеу және өзін-өзі ұйымдастыру мүмкіншіліктерін дамытатын тәсілдерді табу. Ең бастысы — психолог және ата-аналардың бірлескен күшімен баланың ерекшеліктерін оның өмір сүру жағдайымен, оның тәрбиелену тарихын есепке ала отырып, түсінуге тырысу және осы негізде келешек жұмыстың бағдарламасын анықтау.

Мектептік психологиялық қызметтің негізгі мақсаты -оқушылардың толыққанды психикалық және жеке тұлға ретінде дамуына ықпал жасау. Негізгі міндеттері — оқушылардың оқу және тәрбие үрдісінде кездесетін нақты психологиялық мәселелерді шешу. Мектеп психологы жүмысының негізгі қағидасы — әр балаға жеке көзқараспен қарау: оның даму жолындағы қиындықтардың себебін және оларды жеңу жолдарын анықтау; оның мүддесін, мүмкіндігін, қабілетін одан әрі дамыту мақсатында анықтау; мектептегі оқу жылдарының барысында жеке тұлғаны қалыптастыру.

Психологиялық қызметтің ең маңызды тиімді шарттары ол: әр жастағы оқушылардың даму мүмкіншіліктерін педагогикалық ұжыммен бірге жұмыс істей отырып, жүзеге асыру; әр жас кезеңіндегі оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде жеке ерекшеліктерін дамыту; мектепте балалардың дамуына қолайлы, нәтижелі, өзара жоғары қарым-қатынаспен, баланың жөне үлкендердің (мұғалімдердің, ата-аналардың), баланың және бала ұжымының, құрдастардың жақын қоршаған ортасымен өзара мейірімді іс-қимыл жасауымен, психологтың мектептің педагогикалық үжымымен өзара кәсіби іс-қимыл жасауымен анықталатын психологиялық климат құру.

Мектеп психологының жұмысы дәстүрлі түрде келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

  • диагностикалық жұмыс;
  • түзету-дамытушылық жұмыс;
  • кеңес беру-ағарту жұмысы.

Бүгінде мектеп психологының диагностикалық жұмысы келесі міндеттерді қарастырады: оқушылардың әлеуметтік – психологиялық портретін жасау; оқуда, қарым – қатынаста кездесетін қиындықтарды жеңу; психикалық өзін – өзі нашар сезінетін оқушыларға көрсетілетін көмектің жолдары мен түрлерін анықтау; оқушылардың оқу және қарым – қатынас жасау ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық көмек көрсетудің тәсілдері мен түрлерін таңдау.

Білім беру жүйесіндегі психодиагностикалық өзіндік принциптердің ерекшеліктері бар. Өйткені көптеген зерттеулерде ғылыми-зерттеу психодиагностикасы мен ғылыми-практикалық диагностиканы бір-бірінен ажырата білу қажеттігі айтылған.

Ғылыми-практикалық диагностика қоғамдық іс-тәжірибенің түрлі міндеттеріне, оқушылардың таным процестеріне дамыту міндетіне және мұғалімдердің жеке басының ізгіліктілік бағытын зерттеуге бағытталады. Осы тұрғыда алғанда себептерді диагностикалау-оқушылардың қабілеттерін дамыту мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндігін айқындау міндеті және мұғалімдердің жеке басының ізгіліктік бағытын зерттеуге бағытталады.

Білім беру мекемелеріндегі психодиагностика педагогикалық мәселелермен тығыз байланысты бола отырып, педагогикалық ықпал етудің неғұрлым тиімді амалдары мен қолайлы психологиялық жағдай тудырудың жолдарын ұсынып отыр.

Мектептегі мұғалімнің және оқушының іс-әрекеттеріне оқу процесі барысында оның соңғы нәтижелерін күтпей-ақ түзету жұмыстарын енгізу қажеттіліктері туындап отырады. Сондықтан мұғалім мен оқушының дара мүмкіндігін дамытудың амалын құрастыру қажет.

Мектеп психологының кеңес беру жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: оқушыларға кеңес беру, ата-аналарға кеңес беру, педагогтарға кеңес беру.

Психологтың кеңес беру қызметі – психологиялық кеңес беру арқылы оқу, тәрбие және даму мәселелері жөнінде оқушыларға, олардың ата-аналарына, педагог қызметкерлерге және басқа оқу үрдісіне қатысушыларға көмек көрсету.

 

Пайдаланған әдебиеттер   тізімі:

 

  1. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. Екатеринбург, 1995.
  2. Алешина Ю.В. Индивидуальное и семейное консультирование. М.: 1991.
  3. Айзенк Г.Проверьте свои способности.-М.,1972.
  4. Анастази А. Психологическое тестирование в 2-х томах М., 1982
  5. Асылов Ұ.,Нұсқабайұлы Ж. Әдептану: Адамгершілік құқық сабақтары. А: «Мектеп»,2001.-288 бет.
  6. Бурменская Г.В., Карабанова О.А., Лидерс А.Г. Возрастно-психологисеское консультирование.- МГУ, 1990.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *