Басы » Кембридж бағдарламасы » Деңгейлік мұғалімдерге арналған таныстыру

Деңгейлік мұғалімдерге арналған таныстыру

Таныстыру

Теріскейдің Созақ жері сауырында
Қасиетті Қара таудың бауырында
Шәкірт үшін бар өмірін арнауға
Дүниеге келдім мен де тағы мұнда

Бар айнала жылтыр аппақ шақ болыпты,
Шәкіртпенен басыма бақ қоныпты
Гүлді қала құрметіне ата-анам
Гүлстан деп мына маған ат қойыпты.

Атадан мирас етіп алған едім.
Жинап-теріп санама салған едім
Оқушыға білім берер ұстаздықты
Ес білген шағымнан-ақ таңдап едім.

Тағылым тәрбиенің салтын білдім.
Шәкіртке беру мақсат жарқын білім
Талантына демеу болып дарындардың
Өмір деген белеске талпындырдым

Алтынсарин мектебі білім берді
Сол мектепке еңбек етер күнім келді
Шәкіртке де ұстазға да үйретемін
Жаңа әдіс арқылы білімдерді.

Білікті ұстаздардан ғибрат алдым,
Әр ісін таразалап ойға салдым.
Табанды мінезінен тезге түсіп,
Тайсалмай көп жұмысты қолға алдым.

Кембридж тәсілдерін көп үйрендім
Ұлылардың сөздеріне көңіл бөлдім
Жаңалықтың жемісіне қайран қалып,
Төрінен жүрегімнің орын бердім.

Жарық күн аспандағы білім деген
Тәжірибелі ұстазбын бүгінде мен.
Оқу мен еңбек білім басты мұрат,
Көрінем биіктерден түбінде мен

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *