ОҚО Созақ ауданы Шолаққорған ауылы
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Дадашева Гүлстан Рысбекқызы
Тізбектелген сабақтар топтамасына «Оқыту үшін және оқуды бағалау» модулі
қалай және неге енгізгені туралы рефлексивті есеп
Қазіргі күнде талантты әрі дарынды кадрларды тәрбиелеп шығарудағы Кембридж университетінің Бағдарламасының негізгі міндеті — мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.
Джон Дьюи: «Белсенді сабақтарды жүргізу, табиғатты, жаратылыстану ғылымы пәндерін, өнерді, тарихты оқу, қарапайым бейнелеме және ауызша сабақтардан арылту және оларды екінші жоспарға ауыстыру; мектептегі рухани атмосфераны өзгерту керектігін айтты, ал оқушылар мен мұғалімдерге келетін болсақ – тәртіпті өзгерту; өте белсенді факторларды, дәлдікті және өзін-өзі басқаруды енгізу – бұның барлығы кездейсоқ емес, өте ауқымды революция үшін қажетті нәрселер болып табылады» деген. Мен осы тұжырымға сүйеніп мектеп тәжірибесінде өткен тізбектелген сабақтар топтамасында «Оқыту үшін және оқуды бағалау» модуліне баса назар аудардым. Себебі бірінші бетпе–бет кездесуде «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» кітабынан «Оқыту үшін және оқуды бағалау» модулін оқып білгенде өзімнің сабақтарыма қолданудың тиімді жақтары бар екенін түсіндім. Бұл модуль бойынша біз нұсқаулықтан оқытудағы жаңа тәсілдердің түрлі әдістері мен тәсілдерін үйренген болатынбыз. Енді «Оқыту үшін және оқуды бағалау» модулін тізбектелген сабақтарымда қалай кіріктіргенім жайында тоқталып өтейін. Мен тік бетелген сабақ топтамасына жүйеленген төр сабақ ретінде «Ғ.Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы», «Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романы», «І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романы», «М.Мақатаевтың өмірі және шығармашылығы» тақырыбындағы сабақтарымды алдым. Ең бірінші «Кембридж» тәсілдерін пайдаланып Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығына арналған сабағымды өттім. Ең алдымен тақтаға арнайы дайындалған «Топтық ереже», «Бағалау критерилері», «Топты бағалауға арналған тізімге құрылған кесте», Не білдім? Не білгім
келеді? деген сұрақтар жазылған плакаттар іліп қойдым. Мұндағы мақсатым оқушылар ережге бағына отырып жұмыс жасасын дегенім және өзара бағалау түрін пайдаланғанда әділ бағалуды жүзеге асырсын дегенім.
Сабақты үй жұмысын сұраудан бастадым. Үй жұмысын бағалауда топтық бағалау түрін қолдандым. 1-топтың оқушылары 2-топқа, 2-топтың оқушылары 3-топқа, 3-топтың оқушылары 4-топқа, 4-топтың оқушылары 1-топқа сұрақ қойып жауап алысып отырды. Және көбіне дұрыс-дұрыс еместігін өздері тауып өздері бағалап отырды. Арасында өзім де Неге? Неліктен? Неге олай ойладың? Деген тосын сұрақтар қойып оқушылардың өз ойымен жауап беруін талап етіп, сол арқылы сын тұрғысынан ойлануларына ықпал жасап, жауаптарын формативті түрде бағалап отырдым. Осы ретте мен Роджерс анықтаған оқушылар тілегін еске түсірдім. Роджерс оқушылар тарапынан айтылған басты тілек ретінде мынаны анықтаған болатын. Оқушылар өзіне сенгенді, рұқсат беруді емес, мақсатқа қол жеткізу үшін өз ойларын айту еркіндігін, жауапкершілік алу мүмкіндігі берілгенін, таңдау жасағанды қалайды. Мен оқушылардың өз ойын айту мүмкіндігін беріп, қалғандарының мойнына бағалау, саралау жауапкершілігін ілдім. Бұл ретте менің қуанғаным бұрынғы дәстүрлі сабақтарда оқушы тек мұғаліммен қарым-қатынас жасап, бағалауды мұғалім тарапынан ғана көре
тін, ал «Кембридж тәсілдерімен өткенде оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, бір-бірінің бағалау сынына түсіп, намысқа тырысып, қызу дайындыққа кіріскені байқалды. Және ұялып қалмауға тырысып ширақ жауап береді екен.
Жаңа сабақта АКТ-ні пайдалана отырып оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының артуына ықпал жасадым. Ол үшін Қытай ойшылының «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істеші мен түсінемін» деген нақылына көңіл бөліп сол бойынша жеке-жеке оқушыларға жаңа сабақ бойынша слайдтар жасап келуге арнайы тапсырмалар беріп сол бойынша жұмыстарын саралап бағалап отырдым. Слайдттарды гиперссилкамен жасау тәсілін өзім үйретіп, қалай жасау керек екенін де түсіндіргенмін. Тапсырманы алған сыныптың үздік
тері болатын өте тамаша орындап келген. Сол оқушылар тақтадан өздері дайындап келген слайдтар бойынша кезек-кезек мәліметтер мен суреттер көрсетіп жатты. Өзімнің тарапымнан «Блум таксономиясы» бойынша (білім) Ғ. Мүсірепов көбіне қандай тақырыпта әңгіме жазған. (түсіну) Ана ерлігі мен ана махаббаты дегенді қалай түсінесіңдер? Ер анаға қандай қасиеттер тән? (Қолдану) Бүгінгі таңда «Ер аналар» бар ма? Оларға кімдерді жатқызар едіңдер? (талдау) Ғ. Мүсіреповтің «Ана» тақырыбына жазған әңгімелерін салыстырып көрейік. Өз ойларыңды бүгінгі аналардың өмірінен мысал келтіре отырып дәлелдеңдер. (жинақтау) «Ана» тақырыбына бір шумақ өлең құрастырайық (жинақтау) әркім өз өлеңіне ат қойып сол өлеңді қара сөзбен бейнелеп көріңдер. (баға) жұмыстарыңды сағат тілімен ауысып тақтадағы бағалау критерилерін негізге алып өзара бағалаңдар деген сияқты сұрақтар қойып, ұсыныстар айтып отырдым.
«Кембридж» тәсілдерінің тағы бір ерекшелігі оқушыларды топқа бөліп оқытады. Джон Дьюи : «Мектептегі қаз-қатар қойылған парталарды оқушылар тобының белгіленген орындарда отыруы үшін ғана құрылған көңілсіз орын болып табылатындығын көре білген.
Мен осы тұжырымдаманы негізге ала отырып сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құрып, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар беріп, бағалағанда да топтық бағалауды ұсындым. Топтық жұмысқа арнап «Тұлға деп кімді айтамыз?» деген тақырыбы бар төрт плакат дайындап алып келгенмін. Оқушылар тұла жайлы өз ойларнын бір-бір стикерлерге жазып ілді. Топпен бағалады. Ынтымақтастық атмосферасын құруда «Аялдамаға тоқтап кету» тәсілін пайдаландым. Жұмыс біткен соң топта түсініктеме беру үшін тек көшбасшы қалып, қалған топ мүшелері сағат тілімен жылжып
келесі топтың жұмысын көшбасшының түсіндіруіне және түйінді пікірге қарап өз ойларын жазып, бір-бір стикер іліп кетіп отырды. Топта қалған көшбасшы әрі келген топқа түсіндіріп, әрі сол келген топтан кім белсенді атсалысты соны бақылап топтық жұмысты қорғаған кезде қай топ қандай пікір айтты және сол топта кім қалай жұмыс жасағаны туралы да айтып өтті. Өзара бағалауда критерийлерге сүйену ережесін негізге алды.
Сабақ соңында жаңа сабақты пысықтай үшін тақырыпқа байланысты сұрақтарға құралған «Бинго» ойынын ойнаттым. Бұл ойында интертақтадағы айналмалы шарлардың санынының көлеміне қарай деңгейлік сұрақтар қойылды. Оқушылар өз деңгейлеріне қарай дөңгелек санын таңдады. Сол бойынша деңгейлік сұрақтарға жауап берді. Жауаптарының балына қарай бағаланып отырды. Яғни № 10-40-шариктер «4» №50-90-шариктер «5» деген бағаға ие болып отырды.
Бұл жолы бағалаушы болып әр топтан сынып үздіктері тағайындалды. Оларға сол топтың ұтымды, нақты, дұрыс жауап беруін қадағалау және бағалау, басқа топ мүшелерінің жұмыс барысын бақылау жауапкершілігі жүктелді. Қиын тапсырманы орындағанды жақсы көріп тұратын үздіктерге мұндай міндеттер қатты ұнады. Тапсырманы бар ықыласымен белсенді түрде орындауға және әділ бағалауға тырысты, өз тобының жұмысының нәтижелі болуы жолында аянбай еңбек етті. Сабақ соңында оқушылар «Не білдім? Не білгім келеді?» деген сұрақтар жазылған плакатқа стикерл
ерге өз ойларын жазып ілу тапсырылған. Бірақ оқушылар Не білдім? деген сұраққа өз ойларын жазыпты да Не білгім келеді? деген сұраққа мардымды еш нәрсе жаза алмапты. Себебі бұрынғы дәстүрлі сабақтарда кері байланыс боынша пікір жаздырмайтынбыз. Сабақ соңында оқушылар тақтадағы ілулі тұрған сыныптағы барлық оқушыларының тізімі жазылған плакатқа әр оқушының тұсына алған бағасына қарай түрлі-түсті стикерлер ілу арқылы бағаланды. Яғни «5»-жасыл түс, «4»-сары түс, «3»-қызыл түс.
Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан» романы тақырыбындағы үшінші сабағымда үй тапсырмасын суммативті түрде бағаласам, жаңа сабаққа байланысты тапсырмаларды формативті түрде бағаладым . Сабақ соңында «Анамызға гүл жинайық» ойынын ойнату арқылы оқушыларды формативті түрде бағаладым. Бұл ретте интерактивті тақтадан тест тапсырмасын орындады. Тест тапсырмасының дұрыс жауап түймешесінен «Жауабың дұрыс» деген сөз бен гүлдің суреті шығады. Ал дұрыс емес жауаптың түймешесінен «Өкінішке орай жауабың дұрыс емес» деген көңілсіз смайликтің суреті шығады. Сол арқылы оқушылар өз жауаптарының деңгейін біліп отырды.
І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған сабағымда да бағалаудың бірнеше түрін пайдаландым. Ең алдымен тақтаға арнайы дайындалған «Топтық ереже» , «Бағалау критерилері», «Топты бағалауға арналған тізімге құрылған кесте», Не білдім? Не білгім келеді? деген сұрақтар жазылған плакаттар ілініп қойылды.
Үй жұмысын сұрауды топтық жұмыс ретінде жүзеге асырдым. Өткен сабақ бойынша оқушылардың әр қайсысына «Ұлпан» романына байланысты сұрақтар дайындап келуге тапсырма бергенмін.Сол бойынша топ аралық сұрақ-жауап болатынын және қойылған қосымша сұрақтарға өз ойымен жауап беру керектігін айтып өттім.
Бұл ретте мен диалогтік оқыту тәсілін және Выготскийдің сындарлы теориясын пайдаландым. Көбіне тақырыпқа байланысты Неге? Неліктен? Неге олай болады? деген тосын сұрақтар қойып оқушылардың өз ойынша жауап алдым. Арасында өз пікірімді де білдіріп ойларына ой қосып соңғы бағаны айтйып отырдым. Роджерс оқушылар тарапынан айтылған басты тілек ретінде мынаны анықтаған болатын. Оқушылар өзіне сенгенді, рұқсат беруді емес, мақсатқа қол жеткізу үшін өз ойларын айту еркіндігін, жауапкершілік алу мүмкіндігі берілгенін, таңдау жасағанды қалады. Мен сұраққа жауап беруші оқушыларға өз ойын айту мүмкіндігін беріп, қалғандарының мойнына бағалау, саралау жауапкершілігін ілдім. Оқушылар бірінің жауабын бірі тақтадағы критерийлерге сүйене отырып бағалап отырды. Бұл ретте менің қуанғаным бұрынғы дәстүрлі сабақтарда оқушы тек мұғаліммен қарым-қатынас жасап, бағалауды мұғалім тарапынан ғана көретін, ал сабақты «Кембридж тәсілдерімен өткенде, оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, бір-бірінің бағалау сынына түседі де намысқа тырысып, қызу дайындыққа кіріседі. Және ұялып қалмауға тырысып ширақ жауап беруге ұмтылады екен.
Жаңа сабақты бастауда АКТ-ні пайдаландым. Қытай ойшылы – Кофуцийдің «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істеші мен түсінемін» деген нақылын негізге алып сол бойынша жеке-жеке оқушыларға жаңа сабаққа байланысты біреуіне І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтер жинап слайдтар жасап келуге арнайы тапсырмалар берген болатынмын. Слайдттарды гиперссилкамен жасау тәсілін өзім үйретіп, қалай жасау керек екенін де түсіндіргенмін. Онсыз да АКТ-ны жақсы меңгерген 9-сынып оқушылары бұл тапсырмадағы слайдттық құрлымды бар ынтасымен тыңдап, тез ұғып алды. Сол бойынша бағаланып отырды. Оқушылар, жұмыстарыңды сағат тілімен ауысып тақтадағы бағалау критерилерін негізге алып өзара бағалаңдар деген сияқты ұсыныстар айтып отырдым.
«Кембридж» тәсілдерінің тағы бір ерекшелігі топтық жұмыста ынтымақтастық атмосферасын құру. Мен бүгінгі сабағымда бұл тәсілді де тиімді пайдалана алдым. Топтық жұмысқа «Тарихи роман дегенімі не?» деген тақырыбы бар төрт плакат дайындап алып келгенмін. Топтық жұмыс нәтижесінде оқушылар өз пікірі мен көзқарасын дәлелдеуге, нақты дәлелдермен сөйлеу арқылы өзіндік білім деңгейі жоғарылап, көшбасшы ретінде көрінуге талпыныс жасады. Ынтымақтастық атмосферасын құруда «Аялдамаға тоқтап кету» тәсілін пайдаландым. Ол үшін ең алдымен интертақтадан «Көшпенділер» филімінен 5 минуттық үзіліс көрсеттім. оқушылар сол фильмге қарап немесе өздері білетін басқа да тарихи романдарды естеріне түсіріп, жалпы тарихи роман туралы әр топтың оқушылары өз плакаттарына өз пікірлерін жазып отырды . Жұмыс біткен соң топта түсініктеме беру үшін тек топбасшы қалып, қалған топ мүшелері сағат тілімен жылжып келесі топтың жұмысын сол топта қалған топбасшысының түсіндіруіне және түйінді пікірлеріне қарап өз ойларын айтып отырды. Топта қалған көшбасшы әрі келген топқа түсіндіріп, әрі сол келген топтан кім белсенді атсалысты, қай топ қандай пікір айтты және пікір айтуға келген топтан кім қалай жұмыс жасады соны бақылап топтық жұмысты қорғау барысында сол туралы да айтып өтеді. Бұл ретте әрі топтық жұмысты, әрі пікіралмасуды жүзеге асырдым. Себебі жиырмасыншы ғасырдың басында-ақ Дьюи мектептегі қаз-қатар қойылған парталарды оқушылар «тобының» белгіленген орындарда отыруы үшін ғана құрылған көңілсіз орын болып табылатындығын көре білген. Бұл, ол айтқандай, материалды тыңдаушыларды белсенді емес тобына бірқалыпты білім
беруге болатындығының анық айғағы болды. Шындығында, ол сыныптарды бір нәрсеге жасауға емес , «тыңдауға» арналған орын деп санады. Жұмыс топтың жұмысын критерийге қарап бағалауға тырысты. Ал тақтада тұрған бағалау критерийлері жұмысты саралау үшін әрі жеңіл, әрі әділ бағалауға көп септігін тигізді.
Келесі тапсырма семантикалық карта арқылы жүзеге асты. Ол үшін арнайы дайындалған семантикалық карта таратылды. Кесте бойынша бағанға жауаптар, қатарға сұрақтар орналастырылыған. Оқушылар жауабын тауып, керек деген тұсына белгілейді. Тапсырма орындалып болған соң оқушылар жұмыстарын топ ішінде сағат тілімен жылжып ауыстырады. Жұмыстарын ауыстырп болған соң итертақтадан дұрыс жауабы крсетіледі. Дұрыс жауап көрсетілгеннен кейін оқушылар қолындағы сыныптасының жұмысын тексеріп, қанша жауабы дұрыс, қанша жаубы дұрыс емес жазып кетіп от
ырады. Оқушыларға бағалау үшін бағалау критерилеріне сүйеніп бағалау керек екені айтылды. Мен өзім де жақсы орындаған оқушылардың жұмыстарын топта жариялап мадақтаулар айтып отырдым. Себебі мұғалімдерге арналған нұсқаулықта Александердің мынадай жақсы сөзін жазған. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданантын кез келген нысанның артында обективті немесе жеткілікті дәрежеде обективті емеснормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы
, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. (Александер) Сонымен қоса Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта бағалаудың одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқудың нәтижесін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин екенін айтады. Мен осы тұжырымға сүйене отырып бағалауды өзін-өзі және өзара бағалау түрлерімен қоса формативті бағалау түрін де қолдандым.
Жаңа сабақты пысықтай үшін тақырыпқа байланысты сұрақтарға құралған «Бинго» ойынын ойнаттым. Бұл ойында интертақтадағы айналмалы шарлардың санынының көлеміне қарай деңгейлік сұрақтар қойылды. Оқушылар өз деңгейлеріне қарай дөңгелек санын таңдады. Сол бойынша деңгейлік сұрақтарға жауап берді. Тақтадағы «Бинго» ойынын сыныптың дарынды оқушыларының бірі Ыбыраш Данияр жүргізді. Тақтаға шыққан оқушылар Даниярдың ықпалымен шардан шыққан сұрақтарға жауап берді. Орнында отырған оқушылар тақтаға шыққан оқушыға тапсырма бойынша қосым
ша сұрақтар қойып, жауап алды. Арасында өзім де пікірімді айтып қате жауап берілген сұрақты келесі оқушыға бағыттап дұрыс жауабын анықтап жауаптарына қарай қабырғада ілулі тұрған бағалау кестесіне түрлі-түсті стикерлерді ілу арқылы сабақтың әр бөлігін бағалап отырдым. АКТ арқылы ойын ойната отырып оқушылар арасында диалогтік оқытуды жүзеге асырдым. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» кітабындағы Білімдердің технологиялық аспектісі тақырыбында АКТ-ны қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазі
ргі замманғы иновациялық технологиялар заттар туралы жаңа алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алатынын айтқан. Мен осы тұжырымды негізге ала отырып сабақ барысында АКТ-ны пайдалана отырып «Бинго» ойынын ойнату арқылы сұраққа жауап алдым. АКТ арқылы ойнатқан «Бинго» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру оқушылар үшін жаңа әрі қызықты, әдіс болды. Оқушылар біріншіден тақтадағы айналмалы шарды өздері ұстауға қызықса, екінші жағынан оларды шарик ішінен қандай сұрақ шығады деген ой қызықтырды. Бұл сөзіме дәлел ретінде мен мына бір жағдайды айтқан болар едім. Сабақ басында қарапайым қойылған сұрақтарға жауап бермей отырған оқушылар АКТ-ны пайдалана отырып «Бинго» ойыны арқылы қойылатын сұрақтарға жауап беру үшін қол көтеріп тақтаға шығуға сұранды. Шарикті таңдағанда алдымен сұрағы шығып, оқушының жауабынан кейін дұрыс жауап шығарылып отырды. Сол бойынша тақтадағы оқушы да орнында отырған оқушы да жаңа сабақтың жаңа сұрақтарымен танысып дұрыс жауабын біліп, алған білімдерін толықтырып отырды.
Сабақ соңында оқушылар бұл сабақтан не білгендері жөнінде және не білгісі келетіндері жөнінде жауап жазған стикерлерін қабырғадағы Рефлекция плакатына іліп отырды. Бұл тәсіл арқылы мен оқушылардың бүгінгі сабақты қалай түсінгені жайлы және алдағы уақытта небілгісі келетіні жайлы біліп келесі сабағымды сол бойынша жоспарлауды көздедім.
Сабақ соңында сыныптағы барлық оқушыларының тізімі жазылған плакатқа әр оқушының тұсына алған бағасына қарай түрлі-түсті стикерлер ілу арқылы бағаланды. Яғни «5» — жасыл түс, «4» — сары түс, «3» — қызыл түс. Түрлі тапсырмаларды орындау барысында белсенділік танытып сабаққа жақсы атсалысқан оқушыларға өз тарапымнан мадақтаулар айтып отырдым. Және ол оқушылар сыныптастары тарапынан қол соғу қошеметіне ие болды. Бұл әрекет арқылы сабаққа жақсы дайындалып келіп белсенді атсалысқан оқушылар одан әрі қарай шабыттанса, бұл сабақта өзін көрсе
те алмаған оқушылар бүгінгі қошеметке ие болған оқушылардай өздері де келесі сабақта дәл осындай қошеметке ие болуға ұмтылды.
Бұл сабақты «Кембридж» тәсілдерімен өту барысында бұрынғы өткен сабақтардағы кемшіліктерді анықтаумен қатар көтеген жетістіктерге қол жеткіздім.
Топқа бөлу барысында 2-топқа үлгерімі төмен екі оқушының қатар отырып қалғанынан алғашында қатты уайымдап едім. Жоқ уайымым себепсіз болып шықты. Топпен бірігіп жұмыс атқару, сонымен оқытудағы небір қызықты да жаңа тәсілдердің арқауы болуы керек бағанағы мен уайымдаған үлгерімі төмен екі оқушым сұрақ-жауапта қол көтеріп белсеніп жауап беріп отырды. Ысақов Кәмілжан өзара бағалауда стикерге өз ойын жазып келесі топты бағалауда жақсы ат салысты. Сұлтан Әбдірахман деген оқушыма «Бинго» ойынының құрылымы ұнаған болуы керек сұраққа жауа
п беру үшін тақтаға шығып жәшік ішінен шар таңдады. Бірақ жауабын сәл ойланып жауап берді. Десе де ол оқушымның бүгінгі сабақтағы белсенділігі маған қатты ой салды. Осы уақытқа дейінгі Әбдірахманды «Сабаққа қызықпайды» деген ойымның қате екеніне көзім жетті. Сабаққа қызықпайтын оқушы жоқ, оқушыны мұғалім қызықтыра алмайды деген нақыл сөздің қалай тауып айтылғана енді тәнті болдым.
Қорыта келе әр мұғалім өз оқушысының сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін үнемі ізденісте болуы керек екен деген ойға келдім. Алдағы уақытқа жоспар құруды оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға ықпал ететіндей тәсілдерді қолдануға бел байладым.