ОҚО Созақ ауданы Шолаққорған ауылы
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Дадашева Гүлстан Рысбекқызы
Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған
бір сабақ бойынша рефлексивтік есеп
Дүние жүзінде көптеген мұғалімдердің іс тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі екенін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми педогогикалық әдебиетте жеткілікті деңгейде кездеседі. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім.( Strong Ward & Grant.2011)
Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние –жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғыну, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Сонымен құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл үрдіске оқушының өзінің қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін ж
ауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп қабылдайды. (Нұсқаулық)
Мен «Кембридж» тәсілдерін пайдаланып І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған сабағымды өттім. Сабағымда оқытудағы түрлі жаңа тәсілдерді пайдаландым. Ең алдымен тақтаға арнайы дайындалған «Топтық ереже» , «Бағалау критерилері», «Топты бағалауға арналған тізімге құрылған кесте», Не білдім? Не білгім келеді? деген сұрақтар жазылған плакаттар ілініп қойылды. Сабақта ережені сақтау керек екені ексертілді. Сабақты ең алдымен «Таңғы тілек» сергіту сәтімен бастадым. Бұл әрі бүгінгі сабақты оқушылар көңілді бастасын деген н�
�етім еді. Ол үшін арнайы дайындап алып келген түрлі-түсті қызғалдақтарды оқушыларға үлестіріп, оларды тақтаға шығарып үлкен және кіші шеңберге тұрғызып сергіту сәтінің шартын түсіндірдім. Оқушылар шарт бойынша үлкен және кіші шеңберге тұрып, алдымен үлкен шеңбердегілер кіші шеңбердегілерге қарап сабаққа қатысты таңғы тілектерін айтып, қолындағы гүлін ұсынды. Сосын сағат тілімен бір адамға жылжып енді кіші шеңбердегілер үлкен шеңбердегілерге тілек айтып, арасында мақтау сөздерін айтып қолындағы гүлдерін ұсынып жатты. Оқушылардың ж�
�дыраңқы көңіл-күйлерін көріп бұл ойымның жүзеге асқанына қуанып қалдым. Оқушылар бір-біріне деген таңғы тілектерін айтып болған соң тақтадағы жеміс ағашынан тақырыпқа қарай бөлінген мақал-мәтелдер жазылған алма пішінді стикерді алу арқылы, сол мақал-мәтелді тақырықа сай біріктіріп, «бірлік» тобы, «достық» тобы, «ынтымақ» тобы, «татулық» тобы болып 4 топқа бөлінді.
Үй жұмысын сұрауды топтық жұмыс ретінде жүзеге асырдым. Өткен сабақ бойынша оқушылардың әр қайсысына «Ұлпан» романына байланысты сұрақтар дайындап келуге тапсырма бергенмін.Сол бойынша топ аралық сұрақ-жауап болатынын және қойылған қосымша сұрақтарға өз ойымен жауап беру керектігін айтып өттім.
Бұл ретте мен диалогтік оқыту тәсілін, және Выготскийдің сындарлы теориясын пайдаландым. 1-топтың оқушылары 2-топқа, 2-топтың оқушылары 3-топқа, 3-топтың оқушылары 4-топқа, 4-топтың оқушылары 1-топқа сұрақ қойып, жауап алысып отырды. Және көбіне дұрыс-дұрыс еместігін өздері тауып өздері бағалап отырды. Арасында өзім де Неге? Неліктен? Неге олай болады? Деген тосын сұрақтар қойып оқушылардың өз ойынша жауап алдым. Арасында өз пікірімді де білдіріп ойларына ой қосып отырдым. Бұл тұста өз ойын айтуға жақсы оқушылардан гөрі үлгерімі төмен оқушыл�
�рдың епті екеніне көзім жетті. Бұған алдыңғы сабақтардағы сурет бөліктерін жалғастыру тапсырмасы бойынша жұмыс жасатқанда да көзім жеткен болатын. Жақсы оқушылар сурет бөліктерінен не көрініп тұр дәл солай жалғастыра салған да, ал үлгерімі төмен оқушылар сурет бөліктерінен өздерінің қиялдары бойынша ерекше дүние тудырған. Осы ретте мен Роджерс анықтаған оқушылар тілегін еске түсірдім. Роджерс оқушылар тарапынан айтылған басты тілек ретінде мынаны анықтаған болатын. Оқушылар өзіне сенгенді, рұқсат беруді емес, мақсатқа қол жеткізу ү�
�ін өз ойларын айту еркіндігін, жауапкершілік алу мүмкіндігі берілгенін, таңдау жасағанды қалайды. Мен сұраққа жауап беруші оқушыларға өз ойын айту мүмкіндігін беріп, қалғандарының мойнына бағалау, саралау жауапкершілігін ілдім. Оқушылар бірінің жауабын бірі тақтадағы критерилерге сүйене отырып бағалап отырды. Бұл ретте менің қуанғаным бұрынғы дәстүрлі сабақтарда оқушы тек мұғаліммен қарым-қатынас жасап, бағалауды мұғалім тарапынан ғана көретін, ал сабақты «Кембридж тәсілдерімен өткенде, оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа т
үсіп, бір-бірінің бағалау сынына түседі де намысқа тырысып, қызу дайындыққа кіріседі. Және ұялып қалмауға тырысып ширақ жауап беруге ұмтылады екен.
Жаңа сабақты бастауда АКТ-ні пайдаландым. Қытай ойшылы – Кофуцийдің «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істеші мен түсінемін» деген нақылын негізге алып сол бойынша жеке-жеке оқушыларға жаңа сабаққа байланысты біреуіне І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтер жинап слайдтар жасап келуге арнайы тапсырмалар берген болатынмын. Слайдттарды гиперссилкамен жасау тәсілін өзім үйретіп, қалай жасау керек екенін де түсіндіргенмін. Онсыз да АКТ-ны жақсы меңгерген 9-сынып оқушылары
бұл тапсырмадағы слайдттық құрлымды бар ынтасымен тыңдап, тез ұғып алды. Тапсырманы алған сыныптың үздіктері болатын өте тамаша орындап келген. Сол оқушылар тақтадан өздері дайындап келген слайдтар бойынша кезек-кезек мәліметтер мен суреттер көрсетіп жатты. Арасында өзім де толықтырулар енгізіп тұрдым. Орнында отырған оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қоюға болатынын айтып кеттім. Оқушылар өздері қызыққан әңгіме туралы І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына байланысты біраз сұрақтарын қойып жауап алып отырды. Бұл
ретте тақтадағы оқушы өзіне артылған үлкен жауапкершілікті сезінді. Өзімнің тарапымнан «Блум таксономиясы» бойынша (білім) І. Есенберлин көбіне қандай тақырыпта әңгіме жазған. (түсіну) Тарихи роман дегенді қалай түсінесің? Ер жүреке қандай қасиеттер тән? (Қолдану) Бүгінгі таңда «Батыр тұлғалар» бар ма? Оларға кімдерді жатқызар едіңдер? (талдау) І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша жазған романдарын салыстырып көрейік. Тарихи романға байланысты ойларыңды «Көшпенділер» филімін естерің түсіре отырып мысал келтіре дәлелдеңд�
�р. (жинақтау) «Тарихи роман» бойынша постерге топ болып өз ойымызды түсірейік (жинақтау) әр топ өз жұмыстарыңды жинақтап қорытынды түйін жасаңдар. (баға) жұмыстарыңды сағат тілімен ауысып тақтадағы бағалау критерилерін негізге алып өзара бағалаңдар деген сияқты сұрақтар қойып, ұсыныстар айтып отырдым.
«Кембридж» тәсілдерінің тағы бір ерекшелігі топтық жұмыста ынтымақтастық атмосферасын құру. Мен бүгінгі сабағымда бұл тәсілді де тиімді пайдалана алдым. Топтық жұмысқа «Тарихи роман дегенімі не?» деген тақырыбы бар төрт плакат дайындап алып келгенмін. Мұнда әрі топтық жұмысты, әрі сын тұрғысынан ойлау стратегиясын бірге жүзеге асырдым. Себебі СТО технологиясының әдіс-тәсілдері оқушыларды қызықтырып, сабаққа деген ынта-ықыласын арттырды. Нәтижесінде оқушылар өз пікірі мен көзқарасын дәлелдеуге, нақты дәлелдермен сөйлеу арқыл
ы өзіндік білім деңгейі жоғарылап, көшбасшы ретінде көрінуге талпыныс жасады. Сыни тұрғыдан ойлау, сынау емес, ол адам ойын ұшқырлатып, бала бойына білімді жаңаша меңгертетін әдіс-тәсіл. (Нұсқаулық)
Ынтымақтастық атмосферасын құруда «Аялдамаға тоқтап кету» тәсілін пайдаландым. Ол үшін ең алдымен интертақтадан «Көшпенділер» филімінен 5 минуттық үзіліс көрсетілді. Оқушылар сол фильмге қарап немесе өздері білетін басқа да тарихи романдарды естеріне түсіріп, жалпы тарихи роман туралы әр топтың оқушылары өз плакаттарына өз пікірлерін жазып отырды және топ ішінде ақылдасып түйіндеме келтірді. Жұмыс біткен соң топта түсініктеме беру үшін тек топбасшы қалып, қалған топ мүшелері сағат тілімен жылжып келесі топтың жұмысын сол топта қ�
�лған топбасшысының түсіндіруіне және түйінді пікірлеріне қарап өз ойларын жазып, бір-бір стикер іліп кетіп отырды. Топта қалған көшбасшы әрі келген топқа түсіндіріп, әрі сол келген топтан кім белсенді атсалысты, қай топ қандай пікір айтты және пікір айтуға келген топтан кім қалай жұмыс жасады соны бақылап топтық жұмысты қорғау барысында сол туралы да айтып өтті. Бұл ретте әрі топтық жұмысты, әрі пікіралмасуды жүзеге асырдым. Себебі жиырмасыншы ғасырдың басында-ақ Дьюи мектептегі қаз-қатар қойылған парталарды оқушылар «тобының» белгіл�
�нген орындарда отыруы үшін ғана құрылған көңілсіз орын болып табылатындығын көре білген. Бұл, ол айтқандай, материалды тыңдаушыларды белсенді емес тобына бірқалыпты білім беруге болатындығының анық айғағы болды. Шындығында, ол сыныптарды бір нәрсеге жасауға емес , «тыңдауға» арналған орын деп санады. Дьюи бұны оқудың табиғи тәсілі – диалог және әлеуметтік алмасуға қарама-қарсы келетін нәрсе ретінде қарастырды. Дьюи жаңа тәжірибемен үнемі алмасу және жаңа тәжірибені алуға белсенді ат салысу арқылы білім тез алынады деп санады. Мен ос
ы тұжырымды негізге ала отырып топтық тапсырманы орындап болған соң сұрақ-жауап алмасып, пікір алмасуға шақырдым. Бұл тәсіл бойынша оқушылар бірге жұмыс жасау барысында ерекше қызығушылық таныта отырып бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасай алды. Сыни тұрғысынан ойлай отырып өз ойларын еркін жазуға тырысты. Өздерінің пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды. Өзара бағалауда критеийлерге сүйену ережесін негізге алды. Топтық жұмысты ынтымақты түрде бірге орындаса, өз ойларын жазғанда ерекше пікір қалдыруға тырысқан, әсіресе топта қалған сар
апшылар топтың жұмысын кезек-кезек келген топтарға түсіндіру барысында белсенділік танытты және де келген топ мүшелерінің жұмыс барысын бақылауда шеберлік көрсете білді. Яғни топтың жұмысын критериге қарап бағалауға тырысты. Ал тақтада тұрған бағалау критерилері жұмысты саралау үшін әрі жеңіл, әрі әділ бағалауға көп септігін тигізді.
Келесі тапсырма семантикалық карта арқылы жүзеге асты. Ол үшін арнайы дайындалған семантикалық карта таратылды. Кесте бойынша бағанға жауаптар, қатарға сұрақтар орналастырылыған. Оқушылар жауабын тауып, керек деген тұсына белгілейді. Тапсырма орындалып болған соң оқушылар жұмыстарын топ ішінде сағат тілімен жылжып ауыстырады. Жұмыстарын ауыстырп болған соң итертақтадан дұрыс жауабы крсетіледі. Дұрыс жауап көрсетілгеннен кейін оқушылар қолындағы сыныптасының жұмысын тексеріп, қанша жауабы дұрыс, қанша жаубы дұрыс емес жазып кетіп от
ырады. Оқушыларға бағалау үшін бағалау критерилеріне сүйеніп бағалау керек екені айтылды. Мен өзім де жақсы орындаған оқушылардың жұмыстарын топта жариялап мадақтаулар айтып отырдым. Себебі мұғалімдерге арналған нұсқаулықта Александердің мынадай жақсы сөзін жазған. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданантын кез келген нысанның артында обективті немесе жеткілікті дәрежеде обективті емеснормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы
, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. (Александер) Сонымен қоса Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта бағалаудың одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқудың нәтижесін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин екенін айтады. Мен осы тұжырымға сүйене отырып бағалауды өзін-өзі және өзара бағалау түрлерімен қоса формативті бағалау түрін де қолдандым.
Жаңа сабақты пысықтай үшін тақырыпқа байланысты сұрақтарға құралған «Бинго» ойынын ойнаттым. Бұл ойында интертақтадағы жәшік ішінде айналып тұрған кішкентай дөңгелектердің ішінен шыққан бір дөңгелектің санынының көлеміне қарай деңгейлік сұрақтар қойылды. Оқушылар өз деңгейлеріне қарай дөңгелек санын таңдады. Сол бойынша деңгейлік сұрақтарға жауап берді. Тақтадағы «Бинго» ойынын сыныптың дарынды оқушыларының бірі Ыбыраш Данияр жүргізді. Тақтаға шыққан оқушылар Қуаныштың ықпалымен шариктен шыққан сұрақтарға жауап берді. Орнын
да отырған оқушылар тақтаға шыққан оқушыға тапсырма бойынша қосымша сұрақтар қойып, жауап алды. Арасында өзім де пікірімді айтып қате жауап берілген сұрақты келесі оқушыға бағыттап дұрыс жауабын анықтап жауаптарына қарай қабырғада ілулі тұрған бағалау кестесіне түрлі-түсті стикерлерді ілу арқылы сабақтың әр бөлігін бағалап отырды. АКТ арқылы ойын ойната отырып оқушылар арасында диалогті жүзеге асырдым. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» кітабындағы Білімдердің технологиялық аспектісі тақырыбында АКТ-ны қолдану заттар туралы толы
қ түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі замманғы иновациялық технологиялар заттар туралы жаңа алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алатынын айтқан. Мен осы тұжырымды негізге ала отырып сабақ барысында АКТ-ны пайдалана отырып «Бинго» ойынын ойнату арқылы сұраққа жауап алдым. АКТ арқылы ойнатқан «Бинго» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру оқушылар үшін жаңа әрі қызықты әдіс болды. Оқушылар біріншіден тақтадағы айналмалы шарикті өздері ұстауға қызы
қса, екінші жағынан оларды шарик ішінен қандай сұрақ шығады деген ой қызықтырды. Бұл сөзіме дәлел ретінде мен мына бір жағдайды айтқан болар едім. Сабақ басында қарапайым қойылған сұрақтарға жауап бермей отырған оқушылар АКТ-ны пайдалана отырып «Бинго» ойыны арқылы қойылатын сұрақтарға жауап беруге қол көтеріп тақтаға шығуға сұранды. Шарикті таңдағанда алдымен сұрағы шығып, оқушының жауабынан кейін дұрыс жауап шығарылып отырды. Сол бойынша тақтадағы оқушы да орнында отырған оқушы да жаңа сабақтың жаңа сұрақтарымен танысып дұрыс жауа
бын біліп, алған білімдерін толықтырып отырды.
Сабақ соңында оқушылар бұл сабақтан не білгендері жөнінде және не білгісі келетіндері жөнінде жауап жазған стикерлерін қабырғадағы Рефлекция плакатына іліп отырды. Бұл тәсіл арқылы мен оқушылардың бүгінгі сабақты қалай түсінгені жайлы және алдағы уақытта небілгісі келетіні жайлы біліп келесі сабағымды сол бойынша жоспарлауды көздедім.
Сабақ соңында оқушылар «Не білдім? Не білгім келеді?» деген сұрақтар жазылған плакатқа стикерлерге өз ойларын жазып ілу тапсырылған. Бірақ оқушылар Не білдім деген сұраққа өз ойларын жазыпты да Не білгім келеді? деген сұраққа мардымды еш нәрсе жаза алмапты. Сабақ соңында сыныптағы барлық оқушыларының тізімі жазылған плакатқа әр оқушының тұсына алған бағасына қарай түрлі-түсті стикерлер ілу арқылы бағаланды. Яғни «5» — жасыл түс, «4» — сары түс, «3» — қызыл түс. Түрлі тапсырмаларды орындау барысында белсенділік танытып сабаққа жақсы атсал
ысқан оқушыларға өз тарапымнан мадақтаулар айттып отырдым. Және ол оқушылар сыныптастары тарапынан қол соғу қошеметіне ие болды. Бұл әрекет арқылы сабаққа жақсы дайындалып келіп белсенді атсалысқан оқушылар одан әрі қарай шабыттанса, бұл сабақта өзін көрсете алмаған оқушылар бүгінгі қошеметке ие болған оқушылардай өздері де келесі сабақта дәл осындай қошеметке ие болуға ұмтылды.
Бұл сабақты «Кембридж» тәсілдерімен өту барысында бұрынғы өткен сабақтардағы кемшіліктерді анықтаумен қатар көтеген жетістіктерге қол жеткіздім.
Топқа бөлу барысында 2-топқа үлгерімі төмен екі оқушының қатар отырып қалғанынан алғашында қатты уайымдап едім. Жоқ уайымым себепсіз болып шықты. Топпен бірігіп жұмыс атқару, сонымен оқытудағы небір қызықты да жаңа тәсілдердің арқауы болуы керек бағанағы мен уайымдаған үлгерімі төмен екі оқушым сұрақ-жауапта қол көтеріп белсеніп жауап беріп отырды. Ысақов Кәмілжан өзара бағалауда стикерге өз ойын жазып келесі топты бағалауда жақсы ат салысты. Сұлтан Әбдірахман деген оқушыма «Бинго» ойынының құрылымы ұнаған болуы керек тақтаға шығы�
� жәшік ішінен дөңгелек таңдады. Бірақ жауабын сәл ойланып жауап берді. Десе де ол оқушымның бүгінгі сабақтағы белсенділігі маған қатты ой салды. Осы уақытқа дейінгі Әбдірахманды «Сабаққа қызықпайды» деген ойымның қате екеніне көзім жетті. Сабаққа қызықпайтын оқушы жоқ, оқушыны мұғалім қызықтыра алмайды деген нақыл сөздің қалай тауып айтылғана енді тәнті болдым.