Педагог –психолог: Ермекова Н.Р
ОТБАСЫДАН ҚЫМБАТ НЕ БОЛУЫ МҮМКІН
Баланың отбасы туралы көзқарастарын диагностикалау. Бақытты отбасынын құндылығымен, маңызын түсіну. Психологиялық қолдау көрсету.
Тренинг бағдарламасы:
1. «Танысу» жаттығуы
2. «Балаңызды түсіне білесіз бе?»
3. Ата- аналарға ұсыныстар
4. Тренинг «Бақытты жанұя»
5. «Тілек шамы»
«Танысу» жаттығуы
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады.
Психолог: Отбасы- адамзат бесігін тербеткен алтын ұя. Баланың бас ұстазы ата-анасы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғытып ұшыратын әке де қыран болыу керек » деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді. Әкеден ерліктің, еңбектің, адамгершіліктің , іскерліктің, имандылықтың өнеге үлгісін үй�
�енсе, ал анадан парасаттылықтың, мейірімділіктің, сұлулықтың, қайырымдылықтың өнеге үлгісін үйренеді.
Ең негізгі қажеттілік – түсіністік. Біз концепциясының қалыптасуы; референттық топ қалыптасуы.
Ата-аналарға ұсыныстар:
Балаға әке және шеше тарапынан қойылатын талап бірдей болуы керек. Баланы әрқашан мақтап, мадақтап тұру өте маңызды. Отбасы өмірінде әрбір мүшенің еңбекке араласуы заңды.Материалдық және моральдық жағдайлар балалар мен үлкендер арасында тең болуы керек. Балаларыңызға әрқашан жылылықтарыңызды ұмытпаңыздар! Бүгінгі бала –бұл ертеңгі өркениетті қоғам мүшесі. Қазіргі кезде балаға өмір беру – оны жолбарысы бар торға лақтырғанмен бірдей. Балалар қоршаған ортаны бақылауға қабілетсіз, оларға бұл үшін шынайы мүмкіндіктер жоқ. Оларға өмір с
үру үшін махаббат және көмек қажет. Ең әрекетті құралдың бірі-бұл тек баланың дос болуы. Бақытқа бастар жолдың бір бөлігі- өз бетіндік өмірге аяқ баспайынша олраға жақсы көретініңізді білдіріңіз және көмектесіңіз.
А.С.Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, әңгілесумен, оған ақыл кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат міндеттерімен байланысты болуы керек.»
Тренинг «Бақытты жанұя»
Тренингтің шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан-жағына отбасы бақыты сөздер арқылы жеткізу керек. Ол қандай жанұя? -деген сауал бойынша өз ойларыңызды білдірсеңіздер.
«Тілек шамы»
Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.
«Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттын да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
«Балаңызды түсіне білесіз бе?»
1.Балаңыздың болмашы ісіне қатты ашуланып,артынан өкінесіз бе?
Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10
2.Кей кезде балаларыңыздың оғаш қылығына не істеріңізді білмей, туыстарыңыздан ақыл сұрайсыз ба?
Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0
3. Сіздің тәжірибеңіз бен түйсігіңіз болса тәрбиеленудегі ең жақсы ақылшы
Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10
4. кейде ересек адамдарға айтпаған сырыңызды балаңызға ақтара аласыз ба?
Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0
5.Сіздің балаңыз туралы өзгелердің жайсыз пікіріне ашуланасыз ба?
Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10
6.Сіз өзіңіздің балаңыздың көзінше жасаған ыңғайсыз сөзіңіз немесе қылығыңызға кешірім өтінесіз бе?
Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0
7.Балаңыздың сізден құпиясы болмауы керек деп ойлайсыз ба?
Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10
8.Балаңыздың бойынан сізде жоқ ерекше қасиет көрсеңіз қуанасыз ба?
Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0
9.Балаңыздың сәтсіздігіне қатты қиналасыз ба?
Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10
10.Артық ақшаныз болған жағдайда балаңызда бұл зат бар екенін біле тұра сатып аласыз ба?
Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0
11.Баланы тәрбиелеу үшін ең бастысы –жазалау деп ойлайсыз ба?
Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10
12.Сіздің балаңыз ойыңыздағыдай ма ?
Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0
13.Балаңыз қуаныштан гөрі уайым әкеледі ме?
Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10
14.Кейде балаңыз сізден ақылды көрінеді, сіз білмейтіндерді үйретеді?
Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0
15.Балаңызбен жиі ұрысып қаласыз ба?
Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10
Жауабы: 100-150 ұпайға дейін. Өз балаңызды жақсы түсінуге тырысасыз. Қөзқарасыңыз бен ойлау қабілетіңіз тәрбие мәселесінде көп нәрсеге көмектеседі. Сіз балаларға үлгі боларлықтай жансыз.
50-95 ұпай. Бала тәрбиелеудің оң жолында келесіз. Балаңызға тікелей ықпал етесіз. Сондықтан да , дұрыс болғанымыз жөн. Түсіну-қабылдау емес, бұны тек балалармен емес, жеке басыңызда да қолданғаныңыз жөн.
0-45 ұпай. Сіздің балаңызды тек аяуға болады. Өйткені, ол сізден жақсы дос таппады. Өмірдің қиын кездерінде ата-ананың оны түсініп көмектесе алмайтынына өкінеді. Бірақ, әлі де кеш емес. Балаңызға шын мәнінде көмектескеңіз келсе, қарым-қатынасыңыз бен тәрбиеңізді түзеген дұрыс.
«Ашығын айтсам »
Сабақтың жүргізілген күні : —————
Менің тренинг барысында түйгенім———-
Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады ————-
Жүргізушіге ұсыныс———
Маған ең пайдалы, құнды болған———-
Мен бұдан да ашық, шынайы болар едім,егер—————-
Маған ұнамағаны—————
Ең жақсы ұнағаны—————
Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді——————-
Тренинг жүргізуші сізге ұнады ма?—————
Тренинг жүргізушінің орнында мен болсам————-
Тренингті қорытындылау—————————
Қолы————————————
Идеальды үлгілер:
Ата-ана-жұмсақ және қатты ( жағдайға байланысты); қамқор, көмектесуге бейім; жаман әдеттері жоқ; үйдегі үйлесімділік.
Бала- жақсы оқитын; жаман әдетсіз; ұғымтал; құрметтей білетін; көмектескіш;бос уақытын тиімді пайдаланатын (спорт, би т.б.); ата-аналарымен белгілі бір тақырыпта әңгімелесе білуі.
Балаңызды түсіне білесіз бе?»
1.Балаңыздың болмашы ісіне қатты ашуланып,артынан өкінесіз бе?
Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10
2.Кей кезде балаларыңыздың оғаш қылығына не істеріңізді білмей, туыстарыңыздан ақыл сұрайсыз ба?
Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0
3. Сіздің тәжірибеңіз бен түйсігіңіз болса тәрбиеленудегі ең жақсы ақылшы
Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10
4. кейде ересек адамдарға айтпаған сырыңызды балаңызға ақтара аласыз ба?
Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0
5.Сіздің балаңыз туралы өзгелердің жайсыз пікіріне ашуланасыз ба?
Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10
6.Сіз өзіңіздің балаңыздың көзінше жасаған ыңғайсыз сөзіңіз немесе қылығыңызға кешірім өтінесіз бе?
Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0
7.Балаңыздың сізден құпиясы болмауы керек деп ойлайсыз ба?
Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10
8.Балаңыздың бойынан сізде жоқ ерекше қасиет көрсеңіз қуанасыз ба?
Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0
9.Балаңыздың сәтсіздігіне қатты қиналасыз ба?
Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10
10.Артық ақшаныз болған жағдайда балаңызда бұл зат бар екенін біле тұра сатып аласыз ба?
Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0
11.Баланы тәрбиелеу үшін ең бастысы –жазалау деп ойлайсыз ба?
Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10
12.Сіздің балаңыз ойыңыздағыдай ма ?
Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0
13.Балаңыз қуаныштан гөрі уайым әкеледі ме?
Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10
14.Кейде балаңыз сізден ақылды көрінеді, сіз білмейтіндерді үйретеді?
Ия-10, білмеймін-5, жоқ-0
15.Балаңызбен жиі ұрысып қаласыз ба?
Ия-0, білмеймін-5, жоқ-10