Алматы облысы Ескелді ауданы Шымыр ауылы
«Мектепке дейінгі шағын орталықты
М.Маметова атындағы орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Г.А.Орынтаева
Таңдау пәні «Тілашар» 1-сынып
Тілашар «О о» дыбысы мен әрпі
Мақсаты
Күтілетін нәтиже О о дыбысынан келетін сөздерді, дыбысына байланысты буындар мен сөздерді білуге үйрету. Сөздерде қанша әріп қанша дыбыс бар екенін ауызша үйрету. Сөздік қорларын байыту, тіл байлықтарын дамыту
Р р дыбысынан келетін сөздерді, дыбысына байланысты буындар мен сөздерді біледі. Сөздерде қанша әріп қанша дыбыс бар екенін ауызша үйренеді . Сөздік қорлары, тіл байлықтары дамиды.
Сілтеме «Тілашар» Алматыкітап Сюжетті суреттер Сөздер
Әдісі Сыни тұрғыдан ойлау, Диалогтық әңгіме Топпен жұмыс
Көрнекілігі заттық суреттер, О о әрпінің баспа, жазба түрлері, себет.
Сабақтың барысы Мұғалім Оқушы
Тапсырмалар орындау
«Білім» көлігімен баққа келеді. Оқулықпен жұмыс.
Қорыту.
Рефлексия — Балалар, бүгін біз «Әріптер бағына» саяхатқа шығамыз.
— «әріптер бағына» қандай көлікпен барсақ екен?
— Ал, балалар, ол баққа мен «Білім» көлігімен барайық.
— Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма?
— Онда қарап отырмайық.
— Ал, балалар, ойнайық.
Ойнайық та ойнайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
1.«Қай топ бірінші?»
О-ға ұқсайтын машина бөлшектерін іздеу
2.Жұмбақ шешу.
«О» дегенде ақ добымды жарып алдым
Ішінен сары допты тауып алдым.
Әртүрлі заттардың ішінен О-дыбысына ұқсайтын заттарды табу
Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды? Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу
Үшбұрыш тобы — «Оюда» бармын,
«Допта» бармын,
«Түнде» жоқпын.
Мен сонда қандай дыбыспын? (О)
Төртбұрыш тобы – «Орнын тап» ойыны. О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.
Орамал, ою, отырғыш – сөз басында;
Доп, моншақ, домбыра – сөз ортасында;
Пальто, кресло — сөз соңында.
Сөздерді буынға бөлу.
Дөңгелек тобы — Сақинаға қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп?
Әр оқушы өзіне ұнаған смайликтер алады