Ақмола облысы
Көкшетау қаласы
Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің оқытушысы
Жетписбаева Арман Тасболатовна
Топ деңгейі: базалық.
Сабақтың тақырыбы: Уақыт
Грамматикалық тақырып: Есімшенің –ған/-ген, -қан/-кен жұрнақтары.
Сабақтың мақсаты: а) Есімшенің –ған/-ген, -қан/-кен жұрнақтарының
жалғануы туралы түсінік беру.
б) уақыт ұғымы туралы түсінік беріп, тыңдаушылардың
ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту;
в) тыңдаушыларды уақытты бағалауға, уақытпен санасуға
баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ.
Сабақтың әдістері: дамыта оқыту технологиясы, сұрақ-жауап әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: слайд.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Грамматиканы түсіндіру тапсырмалары.
ІІІ.Оқылым тапсырмалары
ІV. Тыңдалым тапсырмалары.
- Жазылым тапсырмалары.
VІ. Сабақты бекіту.
І. Таныстыру: Менің есімім Арман Тасболатқызы Жетпісбаева. Мен уақытты бағалаймын. Әр минутты қажетті ісімді атқаруға жұмсаймын. Ал сіз ше? (Келесі адам өзін таныстырып, уақытқа байланысты пікірін білдіреді)
1-тапсырма. Жаңа сөздермен танысу.
Жарым – половина
кеткенде – когда уйдет
қалғанда – когда останется
тура – ровно
уақыт – время
жұмыстан тыс уақыт – вне рабочее время
сағат тілі – стрелки часов
таңғы ас – завтрак
тәулік – сутки
түскі ас — обед
2-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз. Сағат қанша болды?
Сағат үш жарым болды. 19:25 -? 10:20 -?
3-тапсырма. Грамматиканы түсіндіру.
Грамматика
Есімшенің –ған/-ген, -қан/-кен жұрнақтары өткен шақтың мағынасын береді. Есімшеде етістіктің де, сын есімнің де қасиеттері болғандықтан, олар жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Аффиксы причастия -ған/-ген, -қан/-кен передают значение прошедшего времени. Поскольку причастия имеют признаки прилагательного и признаки глагола, они склоняются в притяжательной форме. Если к причастию присоединяется предложный падеж, он выражает место локализации предмета, лица, положения в пространстве и время, в котором они находятся.
Мысалы: Асханаға барғанда тамақты асықпай іш.
Сағат алтыдан он минут кеткенде саған телефон соғамын.
Сендер тауға шыққанда абай болыңдар.
4-тапсырма. Есімшенің –ған/-ген, -қан/-кен жұрнақтары бар сөздерді табыңыз.
Сөздер | Болымды етістік | Болымсыз етістік | Ашық райлы етістік | Есімшенің
-ған/-ген, -қан/-кен жұрнақтары |
Көсемшенің –а, -е, -й жұрнақтары | |
0 | барған | + | ||||
1 | болмаймын | |||||
2 | келді | |||||
3 | көреді | |||||
4 | тазалама | |||||
5 | кеткенде | |||||
6 | жапқанда | |||||
7 | келе жатыр | |||||
8 | ішкенмін |
Оқылым
5-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Мен күнде сағат 7.30-да тұрамын. Төсегімнен тұрып, жуынатын бөлмеге барып, беті-қолымды жуамын, тісімді тазалаймын. Содан кейін жұмыс киімдерімді киемін. Таңғы асымды сағат 7-ден 50 минут кеткенде ішемін. Сосын үйдің жанындағы аялдамаға шығып, №5 автобуспен жұмысқа барамын. Менің жұмысым тура сағат 9.00-де басталады. Сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліс. Түскі үзілісте әріптестеріммен бірге асханаға барып, тамақ ішемін. Түскі үзілістен кейін сағат 14-тен 20 минут кеткенде келіп түскен құжаттарды тиянақтап тексеремін. Хаттар жазамын, орыс тілінен қазақ тіліне аударамын. Жұмыс уақыты сағат 18.00-де аяқталады. Жұмыстан кейін сағат 18-ден 25 минут кеткенде үйдің жанындағы дүкенге барып, азық-түлік сатып аламын. Содан кейін кешкі асты ішіп, теледидардан жаңалықтар, концерттік бағдарламалар, әлеуметтік мәселелер бойынша бағдарламалар, үнді, түрік хикаяларын, ресейлік фильмдерді, табиғат туралы бағдарламалар көремін. Ұйықтар алдында мәдени, ақпараттық, танымдық газет-журналдар оқимын. Сағат он жарымда ұйқыға жатамын.
6-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздер.
Күнде – ежедневно
жуынатын бөлме — ванная
жұмыс киімдері – рабочая одежда
аялдамаға шығамын – выхожу на остановку
түскі үзіліс — обеденный перерыв
әріптестеріммен – с коллегами
құжаттарды тексеремін – проверяю документы
тиянақтап тексеремін – тщательно проверяю
әлеуметтік мәселелер – социальные проблемы
ұйықтар алдында – перед сном
жұмыс уақыты – рабочее время
мәдени – культурное
ақпараттық – информационное
танымдық — познавательное
7-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- Ол күнде сағат нешеде тұрады?
- Ол нешінші автобуспен жұмысқа барады?
- Жұмыс уақыты қашан аяқталады?
- Ұйықтар алдында қандай газет-журналдар оқиды?
Уақыт ұғымы
Секунд
Минут 60 секунд
Сағат 60 минут
Күн(тәулік) 24 сағат
Апта 7 күн
Ай 30 күн
Жыл 12 ай 365 күн
Ғасыр 100 жыл
Тәулік кезеңдері
Сәрі – таң бозарып келе жатқан кез;
Таң – күн шығар алдындағы мезгіл;
Түс – күннің орта мезгілі, сағат 13.00 кезі;
Іңір – күн батып, қараңғы түсе бастаған кез;
Кеш – ымырт жабылып, қараңғы түскен уақыт;
Түн – тәуліктің кешкі уақыттан таңертеңгілікке дейінгі аралығы.
Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей иіліп, оңға бір.
Сағаттың тіліндей иіліп, солға бір.
Сағаттың тіліндей иіліп, алға бір,
Сағаттың тіліндей иіліп, артқа бір.
Оң аяқ, сол аяқ, жаттығу оңай-ақ.
Тыңдалым
8-тапсырма. Тыңдаңыз. Қайталаңыз. Есте сақтаңыз.
Сағат – час
тәулік – сутки
кетті – ушло, прошло
қалды – осталось (или: без)
кешкі – вечерний (вечера)
кеш – вечер
таңертеңгі – утренний (утра)
минут – минута
түнгі – ночной (ночи)
уақыт – время
жарым – половина
сағат қанша? – Который час?
сағат тоғыз болды. – Время девять часов.
Кешіріңіз, сағат неше болды? – Извините, который час?
Сағат бес жарым. – Время половина шестого.
Оннан он бес минут кеткенде. – В пятнадцать минут одиннадцатого.
Бірден елу минут кеткенде қайтады. – Возвращается без десяти двеннадцать.
9-тапсырма. Диалогті тыңдаңыз.
- Алло! Әсия Нұржанқызы, сізді кадрлар бөлімінің меңгерушісі шақырып жатыр.
- Қашан барайын?
- Ол кісі сағат 10-нан 15 минут кеткенде бастықтың жиналысынан босайды, сол кезде келсеңіз болады.
- Жақсы, айтқаныңыздай 10-нан 15 минут кеткенде боламын.
10-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Әсия Нұржанқызын кім шақырды?
- Әсия Нұржанқызы меңгерушіге сағат нешеде барады?
Жазылым
11-тапсырма. Уақытқа байланысты сөздермен сөйлемдер құраңыз.
Берілген сөздер: 7.30-да, сегіз жарымнан бастап, 9-дан 15 минут кеткенде, сағат тура он, кешегі уақытта, 7-ден 10 минут кетті, сағат беске 25 минут қалды.
— Француз зерттеушісі Мишель Сифр 1960 жылы тәжірибе жасап көрді. Ол күн көзі көрінбейтін, жарығы мен сағаты жоқ үңгірге кіріп екі ай өмір сүріп көрген. Нәтижесінде, 4-5 сағат болмаса, әдеттегі 24 сағаттан жаңылмаған. Яғни, уақыттың ақырын немесе жылдам өтуі тек өзіңізге байланысты. Осымен, әрдайым жаныңызға жақсы адамдарды жинап, уақытты қадірлей білейік деп сабағымызды аяқтаймыз.
[bws_related_posts]