Ақмола облысы
Көкшетау қаласы
Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің оқытушысы
Жетписбаева Арман Тасболатовна
Топ деңгейі: базалық.
Сабақтың тақырыбы: Уақыт
Грамматикалық тақырып: Керек/қажет модаль сөздер.
Сабақтың мақсаты: а) Керек/қажет модаль сөздердің сөйлемдерде дұрыс
қолдануын түсіндіру;
б) Тыңдаушылардың грамматикалық білімдерін жетілдіру,
сөйлеу дағдыларын дамыту;
в) уақыттың алтыннан да қымбат екенін біліп, ұлттық
салт-дәстүр сабақтастығын жалғастыра білуге баулу.
Сабақтың түрі: пікірталас сабақ.
Сабақтың әдістері: топтық оқыту технологиясы, сұрақ-жауап әдісі, тренинг.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, плакат.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Грамматиканы еске түсіру тапсырмалары.
ІІІ.Оқылым тапсырмалары
ІV. Тыңдалым тапсырмалары.
- Жазылым тапсырмалары.
VІ. Сабақты бекіту.
Таныстыру: Мен Арман Тасболатқызы Жетпісбаева. Мен үшін уақыт – алтын. Өйткені осы өмірде бәрімізге де бәрін істеп үлгеруге уақыт тапшы. Сондықтан да уақытты алтынға бағалаймын. Келесі адам өзін таныстырып, уақыттың адам өміріндегі маңызы не қажетсіздігі туралы айтуы керек.
1-тапсырма. Жаңа сөздермен танысу.
Кешкі ас – ужин
сағат тілі – стрелки часов
түскі ас – обед
сағат сайын – каждый час
тоқтап қалған еді – остановились
ұйықтау – спать
бағыт – направление
жағымды – положительный
жөндеу – ремонтировать
өз бетімен – самостоятельно
мерзім – период, срок
нәтиже – результат
бірнеше — несколько
Грамматика
2-тапсырма. Ережемен танысыңыз.
Модаль сөздер – сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің қатынасын білдіреді. Модаль сөздер (модальные слова) выражают отношение говорящего к высказываемой мысли.
Жасалу жолы (способ образования):
Етістік + тұйық етістік (-у) тәуелдік жалғау + керек/қажет
|
Мысалы: Менің баруым/ кетуім керек (қажет).
Сенің баруың/кетуің керек (қажет)
Сіздің баруыңыз/ кетуіңіз керек (қажет).
Оның баруы/кетуі керек (қажет)
Біздің баруымыз/ кетуіміз керек (қажет).
Сендердің баруларың/кетулерің керек (қажет)
Сіздердің баруларыңыз/ кетулеріңіз керек (қажет).
Олардың барулары/кетулері керек (қажет)
3-тапсырма. Дұрысын таңдаңыз.
- Оның кездесуге бару/баруы керек.
- Менің есепті тексеруім/тексеруің керек.
- Қазір Алматы – Астана пойызы келуі/келу керек.
- Сіздің министрлікке хат жазуларың/жазуыңыз керек.
- Сіздің бүгін жиналысқа қатысуыңыз /қатысуың қажет.
- Сендер сынып газетін шығаруларың/шығаруың керек.
- Біздің мектепте би үйірмесін ашуымыз/ашуыңыз керек.
- Бүгін біздің сағат 14.00-де Көкшетауға ұшумыз/ұшуымыз керек.
Оқылым
4-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең.
Адамның ақшалай уақыты оның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын.
Уақыт ақсүйекті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат.
Дүниеде уақыт белгіленгеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік – уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ.
Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт.
Уақыттың көп шашылуы – шығын.
Мысалы, бір нәрсені жасау үшін уақыт көп кетсе, оның құны да қымбатқа түспек.
5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Уақыт деген не?
- Әрбір өнімге эквивалент не?
- Ақшаның эквиваленті не?
- Уақыт мемлекет үшін керек пе?
- Уақытты үнемдеу, ұқыпты пайдалану деген не?
- Бос уақыттыңыз көп пе? Жұмыстан тыс уақытыңызды қалай пайдаланасыз?
- Адамдардың бәрінде уақыт бар, әйтсе де, ол барлық адамға жетіспейді.
- Уақыт ойымыздан да жүйрік.
- Уақыт – алақанымызға құйып алған су секілді, шөлімізді қандырып үлгеруге тиіспіз.
- Уақыт бізге жаңа болып көрінген нәрсенің бәрін ескіртеді.
- Сәбидің бір сағаты, қарттың бір күнінен қысқа.
- Уақытым бос өтті деп күлмеген күніңізді айтыңыз.
- Әр күнің – жаңа өмір.
Тыңдалым
6-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз.
Уақыт өмірімізден бөлек емес, уақыт пен өмір арасындағы байланыс күнмен оның сәулесі арасындағы, ағаш пен жемісінің, көзбен көру арасындағы байланыс секілді өте тығыз. Демек, уақыт дегеніміз — біздің өміріміз. Уақытты босқа өткізу мезгілі өлшеулі, құны өлшеусіз өз өмірімізді рәсуа қылу деген сөз. Бізге бір-ақ рет берілген мүмкіндік және мәңгілік ғұмырдың кілті осы өмірде. Осыны зая қылмау үшін бірінші уақыттың қадірін білу керек және сол аралықты қалай пайдалануды жақсы меңгеру қажет.
Өткен күн – тарих, келешек — көмескі. Уақыт адамға берілген нағыз сый. Бос уақыт жоқ, босқа өткен уақыт бар. Мен болмасам кім, қазір болмаса қашан демеуге шарамыз жоқ. Уақыт адам баласының азына ие болып, көбіне мұқтаж болған нәрсесі. Барлығында жиырма төрт сағат бар. Бірақ баршасы бұны ұтымды қолданбайды. Уақыт қордаланып жиналмайды, кері қайтарылмайды. Қарызға алуға және беруге болмайды. Сыйға тартылмайды. Мирас ретінде қалдырылмайды. Уақыт деген біздің өміріміз.
7-тапсырма. Жаңа сөздер.
Ақшалай құны – денежная стоимость
өмірлік капиталы – жизненный капитал
ақсүйек – аристократ
мойындамайды – не призновать
ханға да, қараға да – и хану, и простому человеку
бағалау – ценить
бақыттың шашылуы – трата времени
ұлы мәртебелі уақыт – его превосходительство (высокопочтенное) время
шығын – убыток, ущерб
іскерлер әлемі – мир деловых
басқару – управлять
8-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз.
- ……….. деген біздің өміріміз.
- Барлығында …………….. сағат бар.
- Өткен күн – ………., ……….. — көмескі.
- Бірақ баршасы бұны ………… қолданбайды.
- Уақыт қордаланып ………………….
- Мирас ретінде ……………. .
9-тапсырма. Ойланайық, пікірлесейік.
- Уақытты бағалаймын деушілер.
- Уақытпен санаспайтындар.
Жазылым
10-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
- Менің сағат 8.30-да сабаққа баруым керек.
- Сәуленің күн сайын сағат 16.00-де ағылшын тілі курсына қатысу……………. .
- Менің досымның әр айдың дүйсенбі күні сағат 10-нан 11-ге дейін дәрігерде болу…………… .
- Сіздің аптасына бір рет сағат 9-дан 10-ға дейін жиналыс өткізу………………… .
- Бөлім бастығының айына бір рет департамент директорына есеп беру ……… .
11-тапсырма. Бір күндік жоспарыңызды жазыңыз. Керек/қажет модаль сөздерін қолданыңыз.
МЕНІҢ ЖОСПАРЫМ | |
..таңгы сагат 7.00-8.00.. | ..ояну, жуыну, таңертеңгі асты жеу… |
Сабақты бекіту. Уақыттың қадірін адам қартайғанда түсінеді екен. Бірақ бұл кезде, әрине кеш. Ұлы Абайдың
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.» — дегені дәл келеді.
Сондықтан да алтын уақытымызды қадірлей білейік деп, сабағымызды аяқтаймыз.
[bws_related_posts]