Басы » Кембридж бағдарламасы » Мұғалімнің коучинг сессиясын өтудің тиімділігі

Мұғалімнің коучинг сессиясын өтудің тиімділігі

Мұғалімнің коучинг сессиясын өтудің тиімділігі

Назаралиева Гүлзира Мырзабекқызы

 Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті

№11 мектептің биология пәні мұғалімі

Деңгейлік бағдарламалар арқылы мұғалімнің біліктілігін арттыру білім берудегі мемлекет саясатына байланысты жүзеге асырылады.Деңгейлік оқудағы ең басты қағида жеті модульді ықпалдастыра отырып сапалы білім беру. Қазіргі таңда мектепте жүргізілетін коучинг сабақтардың мұғалімдер үшін маңызы зор. «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету», «Дарынды және талантты балаларды оқыту», «Диалогтік оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық», «АКТ құзіреттілігін меңгеру», «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту».Осы аталған модульдерді коучинг сабақтарда ұтымды түсіндіріп,сабақта қолдана білу жолдарын меңгерсе ұстаздарымыз жаңа форматтағы сабақтарды өтеді.

Осыған орай Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша өткізілген коучинг сабақ жоспарын әріптестеріме ұсынып отырмын:

 

Тақырып Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
Сілтеме 1.       Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (орта) деңгей. Үшінші басылым (2014)   Астана«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДДБҰ

2.      Мұғалімге арналған үлестірмелі материалдар (ресурс парақтары)  Екінші  (орта) деңгей. Үшінші басылым. (2014)

 

Жалпы мақсаты ·         Оқу үшін бағалауды сабақтарында  пайдалануды үйренуге бағыттау;

·          Оқу үшін бағалаудың оқушы үлгерімін арттыруға тигізетін ықпалына тиімді  құрал екендігіне  көз жеткізу.

Міндеттері ·         Әріптестеріме оқу үшін бағалаудың техникасын меңгеру арқылы өз тәжірибелеріне қосуға бағыт беру;

·         Оқуды бағалаудың нәтижелілігін көру үшін қалыптастырушы бағалаудың мәнін меңгерту.

Күтілетін нәтиже Коучтың бағыттауы арқылы алған білімдерін,  оқу үшін бағалау әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді пайдаланады
Түйінді идея Мұғалімдердің іс-тәжірибесінде формативті бағалау  қолданысын кеңейтуге ықпал ету
Ресурстар: Флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер,  суреттер, бояу құралдары

 

Коучинг сессияның өту барысы
Коучинг сессияның өтілу кезеңдері Уақыты Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті
Амандасу 2 минут Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады
Сергіту сәті

(жақсы психологиялық ахуал орнату)

5минут Шаттық шеңберінде бір-біріне күннің сәтті болуына тілек айтады.  Әр тілектен кейін үш шапалақ соғады.Мақсаты бір-бірін қайталамауы керек.
Топқа бөлу 2 минут Коучтың нұсқауы арқылы топқа пазлдар арқылы бөлу

1топ.Бәйтерек

2топ.Хан шатыры

3топ.Пирамида

Ой шақыру

/Үлкен себетке стикерлер арқылы ойларын жазып жабыстырады/

5 минут Тәсіл «Тағы қалай?» күнделікті сабақта қолданатын бағалаудың тізімін жасаңыз(сұрақтар тақтада пайда болады. Ойларын қағазға түсіреді. Түйінді идеяларды стикерлерге жазып, себетке салады, шарты — идеялар қайталанбау керек.)

Сұрақтар:

1) «Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалауды» сіздер қалай түсінесіздер?

2) Оқу үшін бағалаудың қандай әдіс-тәсілдерін білесіздер?

Теориялық материал 5 минут Презентация (оқу үшін бағалау оқытуды бағалау, мақсаты)
Топтық жұмыс

 

15 минут Әр топқа танысу үшін тақырыпшалар беріледі.

І топ: «Тарихи шолу» ;

ІІ топ: «Заманауи түсінік»;

ІІІ топ: «Оқу үшін бағалау»

Бағалау «екі жұлдыз бір тілек»

Жұптық жұмыс 2 минут Коучтың нұсқауымен топта қарап отырған екі адам жұпта жүмыс жасайды. Мұғалімдер  телефондарымен алмастырып бір-бірінің телефондарын бағалайды
Сергіту сәті 2 минут «Макарена» биін билеу
 
Топтық жұмыс 10 минут 1 топта  «Қиыстыру» кілті  формативті бағалау мен жиынтық бағалаудың қасиеттерін санамалап көрсетеді (тұжырым картасы/постер), 2 топ «Тағы қалай?»  күнделікті бағалаудың әртүрлі әдістерін жасайды, 3 топ «Кемшіліктер» кілті сабақта қолданатын бағалау түрлерінің кемшіліктерін теріп жазады
Кері байланыс орнату 5 минут Коуч ұсынған сұрақтар арқылы.

1.      Коуч сессиясы несімен ұнады?

2.      Сізге бұл сессияда қандай жаңашылдық көрдіңіз?

3.      Өз сабағыңызда бұл коуч сеесиясының қандай тұстарын пайдаланасыз?

Рефлексия 5 минут Орамдағы жіпті бір-біріне лақтыра отырып коучингтен алған әсерлерін, көңілдерінен шыққан тұстарын айтады

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *