Басы » Баяндамалар » Бастауыш сыныптарда сабақта ойын технологиясын пайдалану

Бастауыш сыныптарда сабақта ойын технологиясын пайдалану

Бастауыш сыныптарда  сабақта  ойын технологиясын пайдалану

Ойын — әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану.Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық  тіресіп  тұру  үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерде-лі, өз бетімен іс — әрекет ете алатын, қоғам-нан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.  Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс — әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізде-нуге, таңдауға, т. б. үйренеді.Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Мен сол себепті «Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш мектептің қазақ ті-лі сабақтарында ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту» деп өзімнің проблемалық тақырыбыма сүйенемін.Әрбір ұстаздың мақсаты — сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқу-шының қызығушылығын арттыру. Сондай — ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңар-тылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. «Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тә-сілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана  қой-майды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Тиімді қолданылған ойын мұғалім-нің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауың-қырап тұрады. Қызықты ойын  түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақы-рыпқа орай әртүрлі әдіс — тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.
Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады.
1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2.Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы -ыдыс , Ыдырыс, ыстық , і — ілгіш, ірімшік, тіршілік , е — береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ,қырық
«Дыбыс таңдау ойыны» Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.
«Адасқан әріптер»ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1.р,о,б.-бор     2.а,ш,а,ғ.-шаға
Лексика бойынша «жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1.Ұяда….                         2.Көп…
Ұшқанда                          Терең…
«Кім білгір»ойыны. Тақтаға заттардың, жан — жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байла-нысты мақал — мәтелдерді кім біледі?«Жылдам жауап»ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал — мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек.
Морфология  саласы бойынша.«Ойлан тап»ойыны. 1.Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен  синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? (Асқазан)
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? (Ақбөкен)
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? (Жетісу, Талдықорған)
«Ойна да ойлан !»ойыны.1. Адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз.                  2. қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз.
«Ұйқасын тап ойыны» Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. (қоян).»Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. (кірпі)  «Жалғасын тап ойыны» атаңның баласы болма, (адамның баласы бол).                         «Сөз қуаласпақ ойыны » Ойынның шарты: 1 — қатардағы оқушыларға «бастауыш»,                       2 — қатарға «баяндауыш»деп ат қойылады. «Бастауыштар»сөйлемде бастауыш болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды  білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрай-ды.Әр ойынды ойнар кезде сол ойынға сәйкес өлең оқу арқылы қызығушылығын арттыруға болады. Сабаққа ынтасын, ықыласын бірден аудару мақсатында өлең есепте қолданудың маңызы зор. мысалы:
Бізде қызық ойын бар                                                                                                                           Ал, ықылас қойыңдар.                                                                                                                            Қане, тәртіп сақтайық,
Баспалдақтан аттайық,                                                                                                                  Есептеуден қашпайық,
Жүлделі болып қайтайық. — Балалар зейіндерін аударып, тақтаға екі жағынан жарыстыра сатылап, мысалдарды шығарту. Балалар төменгі сатыдан жоғарғы сатыға шығып мәредегі ойыншықты алады. Бұл ойынды «қоянға көмектесейік» немесе «балапанды құтқарайық» деп атауға болады.
Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты  етіп өткізу арқылы  бүлдір-шіндердің оқуға деген ынта — ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі «сергіту сәті» Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет. Мысалы: « Ұзын құлақ, сұр қоян». Немесе, дене қимылдарына қатысты сергіту ойындары:«Әй,шымыжық, шымыжық»
Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып, балаға тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қой-майды. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз мүмкіндігінше іс — шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады.
Қорыта айтқанда, кез — келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой — өрісін ойын арқылы дамытады.
№57 Е.Көшербаев  атындағы  орта мектебінің

бастауыш      сынып  мұғалімі  Төлебаева Светлана

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *