Ракымбаева Гулден Канатовна
№4 Шонжы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік. Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметін талдау жұмыстары арқылы тереңірек меңгерту.
2.Дамыту. Оқушылардың сауаттылығын,тілін, сөйлемдерді талдай алуын,танымдылығын арттыру. 3.Тәрбиелік. Тіл өнеріне ,ерлікке,әсемдікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа оқу материалын оқып үйрену сабағы. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: топтамалар,сызбалар. Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа сабақты өту./Сынып оқушылары 3 топқа бөлінген.Топ басшылары бар./
Тірек конспект.
Еліктеу сөздер негізгі,я туынды күйінде де ,қосарланып, я қайталанып күрделенген күйінде де көбінесе көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады. Еліктеу сөз ькөмекші етістікпен тіркесіп,қолданғанда көбіне күрделі баяндауыш құрамында жұмсалады немесе етістіктің әр түрлі тұлғасында келіп,басқа да қызмет атқарады./Мына сөйлемдер арқылы сабақты түсіндіру/
1.Тұрар келіншегінің сөзіне мыңқ етпеді. 2.Қасқыр тыпырлап жатқан қозыны көре сала,ырр етіп барып бас салды. 3.Қалт еткенді аңдып отыр. 4.Оның сөзіне елең еткен адам болмады. 4. Бекіту сабағы. 1.Еліктеу сөздер сөйлемде қандай қызмет атқарады? 2.Қандай жағдайда бастауыш бола алады?
5.Жаттығу жұмыстары.
а/Кітаппен жұмыс. Кітаптағы жаттығуды 3 топтан 10 оқушы кезекпе-кезек тұрып оқып,еліктеу сөздерін тауып,қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтайды. ә/Топтама сұрақтарына жауаптар алу. /Топтамадағы тапсырмалар:/ 1.Еліктеу сөздерді тауып,мағынасы мен тұлғасына қарай ажырат. 2.Еліктеуіш сөз қандай қызмет атқарып тұр? 1-топқа:Шоқан жаудың қалжыңына түсініп,қарқ-қарқ күлді. 2-топқа:Сүйретілген дене қалар емес,бұлғаң-бұлғаң етіп ебеңдеп келеді. 3-топқа: Аттар ауыздықтарын қарш-қарш шайнап, бой бермей тұр. 3.Талдаудың түрлері: /3 топтан 1 оқушыдан шығып берілген топтамадағы талдау жұмыстарын жүргізеді./ 1-топтамада: «Желбіре» сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме бер. 2-топтамада: «Мұрагер» сөзіне фонетикалық талдау жаса. 3-топтамада: Бұрыштан жылт етіп,орысша киінген жакс жігіт шыға келді. /Синтаксистік талдау жаса/.
- «Әдебиет және еліктеу сөздер» ойыны. /3 топқа бірдей сұрақтар қойылады./ Еліктеу сздерді тап.Қай әңгімеден алынған?,Авторы кім? /М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі, С.Сейфуллин «Бандыны қуған Хамит» хикаяты/
1.Жас,қызыл қозы қасқырдың алдына топ ете түсті.Қозы екі қомағай ауыздың кергішінде қан жоса болып,дар-дар айрылды.Сырт –бырт етіп жас сүйек сынды. 2.Мылтық гүрс етіп ,оқ зу ете түсті.Сөйтіп екеуі апыр-топыр күресе кетті. Шаң бұр-бұрқ етуде 5.Сызбалы топтамамен жұмыс:
Мысалдар | Дыбыстық | Бейнелеуіш | Негізгі | Туынды | Күрделі |
Дыз
Ербең-ербең Саңқ Гүрс Жылт-жылт Қорбаң-қорбаң Тарс-тұрс |
- «Кім тез жауап береді?» ойыны а/.Желдің қатты соғуынан қандай дыбыс шығады? ә/.Электр тогынан не көресіңдер? б/.Құрғақ отын қалай жанады? в/.Судың ағысынан қандай дыбыстарды байқайсыңдар? г/.Трактордан қандай дыбыстар шығады? 7. «Еліктеу» анаграмманы шешеміз -Туыстың атауы/немере/ -Бес қарудың бірі /мылтық/ -Ай аты /шілде/ -Ұлттық ойын/ көкпар/ — «Жүзге бөлінгеннің жүзі құрысын» сияқты өсиет қалдырған шешеннің аты /Төле би/ -Түс ауып,күн енкейген кездің атауы/бесін/ -Киіз үй жабдығы /уық/ 8.Үйге тапсырма /Синтаксистік талдау жаса/
Алаңдағы қар түйіршіктері күн сәулесінен жалт-жұлт етеді. Асан тарс-тарс еткізіп ағаш жарды.Мұрат сырғанап келе жатып жалп етіп құлады. 9.Оқушыларды бағалау.Қорытындылау.
[bws_related_posts]