Ракымбаева Гулден Канатовна
№4 Шонжы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
5 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: МҰХТАР ӘУЕЗОВ «АҚЫН ҚОНАҚТАР»
Мақсаты:Оқушының танымдық қабілеттерін жетілдіре отырып, Абай туралы, М.Әуезов туралы білімдерін кеңейту, шығарманың толық мазмұнын білу, идеясын ашу
Міндеттері:
Білімділік:М.Әуезов туралы мәліметтер ала отырып «Абай жолы» романынан алынған үзіндінің мазмұнынан Абайдың балалық шағы, ғылымға, өнерге деген құштарлығының дамуын танып біледі. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашады.
Дамытушылық:Жазушының Абайды танытудағы азаматтық мұратын айқындайды. Шығарманың тіліне, портрет жасау шеберлігіне тоқталады.
Тәрбиелік:Дүниетанымдары артады. Көркем шығарманыоқуға құштарлық сезімдері оянады. Бала Абайға еліктеу, халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқуға, кітапханамен байланыс сезімдері артады. Ұлттық құндылықты бағалайды.
Көрнекіліктер:Ақын портреті, шығармалар жинағы, фото-суреттер, цитаттар. Слайд және интерактивті тақтаны қолдану.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет теориясы, тарих, география, өнер.
Сабақтың әдісі: Ой шақыру, топтастыру,сұрақ-жауап, СТО стратегиялары.
Сабақтың барысы:
- Қызығушылықты ояту:
Сабақтың ұраны
— Әрбір адам?
— Туысым, досым, жұрағат.
— Әрбір сабақ?
— Үйрену, ұғу, ұлағат.
— Әрбір ісім?
— Тірлік, тірек, адамдық.
— Әрбір сөзім?
— Шындық, бірлік, адалдық
2.Үй тапсырмасын сұрау:
- М.Әуезов кім? Қай жерде туған?
- Кімнің тәрбиесінде өскен?
- Кімнің шығармаларын жаттап өседі?
- Қандай атақты шығармасы бар?
- Абай рухымен ер жетті дегенді қалай түсінесіңдер?
- Француз жазушысы не дейді?
- Мағынаны ажырату:М.Әуезов «Абай жолынан» үзінді.
Ақын қонақтар
«Мәтін бөліктері»-оқушылар 4 топқа бөлінеді. Түстер арқылы
- «Кіріспе»; 2-«Негізгі ой»; 3-«Қорытынды»; 4-«Толықтыру» .Мәтін бөліктерін әңгімелеуді ретімен бастайды. «Толықтыру» тобы әрбір топтан кейін сөз алады.
Оқушылар әңгімені оқи отырып әр бөлімге тақырып қояды, әңгімелейді.
- Абайдың науқас күйі. Келбеті
- Зере мен Ұлжан әңгімелері
- Құтты қонақтардың жырлары
- Ақын Барластың сыйы, батасы
Суреттер сөйлейді:Слайд ашу, экранда Абайдың 13 жасындағы портреті, Зере әже немересімен түскен портреті, ақын қонақтар портреттері көрсетіледі.
- Ой толғаныс: Пысықтау сұрақтары
- Абай қалай сауығып кетті?
- Абайға әсер еткен ең сұлу жыр, әсерлі жыр, күшті жыр-қай жыр?
(Қобыланды жыры)
- Жырды айтқанда Абай қандай әсер алады? (Мәтіннен тауып оқы)
- Әңгіме адамға шаттық сыйлайды дегенді қалай түсінесің?
- «Халық өнерінен нәр алған» дегенге тоқтал.
- Жас Абай сияқты өздерің қандай ертегі жырлар оқыдыңдар?
- Бұл эпизод М.Әуезовтың қай шығармасынан үзінді?
- Портрет дегеніміз не? Абай портретін жатқа оқу?
Оқулықпен жұмыс: портреттер табу, Барлас, Байкөкше ақындардың портретін тауып, дәптерге жазу.
Экранда: Портрет – көркем әбебиетте адамның сырт бітімін, кескі- келбетін, жүріс-тұрысын суреттеу.
Сабақты бекіту: Оқушылар жеке тапсырманы орындайды, жұпта бір бірімен салыстырады, тақтада қорғайды.
Зере әжесінен естіген әңгімелер | Барлас, Байкөкше ақындардан тыңдаған жырлар |
«Еділ- Жайық», «Жұпар қорығы», «Құламерген», «Қожаберді ақын», «Мамыр, Еңлік» қайғылары,
«Жүсіп-Злиха» қиссасы |
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»,
«Қобыланды батыр» жыры т.б. |
Рефлексия:
Сұрақтарым бар | Есімде қалды
|
Түсіндім | Түсінбедім
|
Үйге тапсырма: М.Әуезов «Абай жолы» романы. Абай портретін жаттау.
[bws_related_posts]