Басы » Tәрбие сағаттары » Отбасы- адамзат бесігін тербететін ұя

Отбасы- адамзат бесігін тербететін ұя

№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі

Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Таюпова Сәуле

1)     Ата-аналармен бетпе-бет кездесе отырып отбасыдағы салауатылық, адам денсаулығының қымбатылығы, өмір сүру үшін қажеттілігі туралы түсіндіру, денсаулықтың басты байлық екендігін ұғындыру.

2)    Тазалық және жеке бас гигиенасы, мәдени дағдыларының жетілдіру.

Ата-анамен жақсы қарым қатнас жасау, пікір алысуға ымталандыру.

3)     Отбасыдағы сыйластықты артыруға, денсаулықты сақтауға, ұқыпты, таза да әдемі болуға, зиянды әдеттен аулақ болуға, салауатты өмір салтын сақтап өмір сүруге тәрбиелеу

Казіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі- жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың тәртіпті, саналы, жан-жақты дамыған, шығармашылқпен жұмыс істей білетін азамат болып қалыптасу үшін ата-ананың рөлі зор.

Отбасы- адамзат бесігін тербететін ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. Отбасыдағы тәлім-тәрбиенің мақсаты- баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсаттқа жету үшін отбасыдағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

—  Отбасыдағы баланың өсінуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалығын қалыптастыру.

—  Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын артыру, өзіне-өзі қызмет етуге үйрету.

—  Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға, жас үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.

—  Ұқыптылыққа, адамгершілікке, ойшылдыққа тәрбиелеу

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *