Атап айтқанда 99 560 оқушы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Бұл жалпы түлектердің 72 пайызы. Оның 68 315 қазақ мектептерінің балалары. ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай жақын күндері тест тапсыру орыны, кестесі даярланатын болады. Естеріңізге сала кетейік, биыл тест сұрақтарының 36 пайызы жаңарған.
Дереккөз: http://bnews.kz/kk/news/post/137237/