Калиева Салтанат Абужаровна,
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің
I санатты информатика пәнінің оқытушысы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Тақырыбы:XXI ғасыр – компьютер ғасыры (интеллектуалды сабақ)
Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары:
Білімділігі: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру;
Дамытушылығы: Студенттердің логикалық ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін дамыту;
Тәрбиелігі: Ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны
қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: Компьютерлік технология, қоғамтану, ағылшын тілі, орыс тілі
Сабақтың көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, слайдтар, бейне сұрақтар, бағалау қағазы
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды телеойыны бағытында жүргізіледі
Сабақтың әдісі: қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой-толғаныс стратегиялары
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сайысқа 6 студент қатысады.
- Оқытушы сөзі:
Сәлематсыздар ма, құрметті оқытушылар, әділ-қазылар, студенттер!
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жаңа заман талабына сәйкес бүкіл әлемдегі деңгейге сәйкес жастарға жаңа білім беру өте қажет деген болатын. Қоғамымыздың барлық салалары қазіргі кезде комьютерлік бағдарламаға көшірілуде. Сондықтан да бүгінгі бұл сайыстың өткізілуі тегін емес. Біздің бүгінгі интеллектуалды сайысымызға 1 курс студенттері қатысады. Олар өз білімдері мен ой ұшқырларын танытады.
Сонымен, «XXI ғасыр – компьютер ғасыры» атты интеллектуалды сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жылдан-жылға оқу салған ой-арнаң,
Талапкердің толқынымен тулайды,
Сусындалып ғылым шыңның басында
Сұңқар болып білімпаздар шулайды.
Шақырамыз өзіңізді жас буын.
Қазағымның қара шаңырақ көгінде,
Білімменен асқақтаған ақ туың – деп, қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
Алдымызға сайысқа қатысушы студенттерді шақырамыз:
- Тілекбаева Рита
- Кочерова Ақтолқын
- Ходжабаев Жангірхан
- Кадырбаева Махаббат
- Қалдыбаева Гүлдана
- Рахматтулаева Гүлшат
Бақпен сыналар бұл жарысқа қатысып тұрған сайыскерге сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – дей келе әділқазылар алқасымен таныстырып, өтейін:
- Директордың оқу — әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары –
Н.Ж.Кайболдиева
- Колледж әдіскері – А.П.Қозыбақова
- Жаратылыстану — математика және информатика ПЦК жетекшісі –
М.Е.Таумурунова
- Директордың ақпараттық технологиялар орынбасары – А.С.Елдашбаева
- Информатика пәні оқытушысы – А.Е.Кошерова
С а й ы с VI т у р д а н т ұ р а д ы:
I тур «Бәйге»
II тур «Кім шебер»
III тур «Тіл — өнер»
IV тур «Ғажайып жетілік»
V тур «Қиял әлемі»
VI тур «Жорға»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге бәйгелерді көріңіз, — деп «БӘЙГЕ» турын бастаймыз.
Бұл кезең бойынша 10 сұрақ беріледі. Сол сұрақтарға алғырлықпен жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай.
- Microsoft компаниясының құрушысы кім? (Билл Гейтс)
- Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? ( Сканер)
- Процессорды қандай фирмалар шығарады? (Intel және AMD)
- Пуск қайда орналасқан? (Есептеу тақтасында)
- Процессор мен жедел жад арасындағы жад қалай аталады? (Кэш жады)
- Бір типтес ақпараттар жиынына берілген атау? (файл)
- ОЖ міндетіне қарай неше топқа бөлінеді? (2)
- Көлемі үлкен файлдарды сығып, көлемін кішірейтетін утилитті бағдарлама? (архивтеу бағдарламалары)
- MS Word бағдарламасындағы тізімдердің түрлерін атаңыз?
- ДК қай жылы, қай фирманың ұсынысымен пайда болды? (1981 ж., IBM фирмасы)
Әділқазылар алқасынан І турдың қорытындысын шығара беруіңізді сұраймын.
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай адамды
Тіл беріп сөйлеткен
Комьютер емей немене?
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене?
ІІ. «КІМ ШЕБЕР» турында әрбір сайыскер әртүрлі тақырыпта слайд түрінде дайындаған жұмыстарының тақырыбының мазмұнын ашып беруі керек. Талғамға сай жасалған жұмыс 5,10 ұпаймен бағаланады. (Регламент – 3 мин)
- Тілекбаева Р. – Ақтау қаласының тарихы және оның көркеюі
- Кочерова А. — Маңғыстау өлкесінің асыл қазынасы — мұнай
- Ходжабаев Ж. — Колледжіміздің тарихы
- Кадырбаева М. — Мемлекеттік рәміздер
- Қалдыбаева Г. — Арал теңізінің тартылу себептері
- Рахматуллаева Г. — Еліміздегі шипайжайлар
Жоғарыдағы турдың қортындысы бойынша сайыскерлердің жинаған ұпайы туралы ақапарт алу үшін әділқазы алқасына сөз береміз.
«Ойында жеңілсең де, өмірде жеңілме» деп ортадан шығарып саламыз.
«Ана тілім – арым бұл,
Ұлтың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте», — деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек келесі сайысымыз «ТІЛ — ӨНЕР» деп аталады.
Келді кезек жұмбақты шешуге
Жауаптарын беруге үш тілдерде
Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға сайыскер саған несібе
Жасырылған жұмбақтардың жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек. Үш тілге — 20 ұпай, ал екі тілде айтса 10 ұпай беріледі.
Сұрақты мұқият тыңдаймыз:
- Ас – адамның арқауы, ал компьютердің асы (ток, ток, current )
- Бағдарламадағы немесе мәтіндегі кемшілік ( қате, ощибка, mistake)
- Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер
(ақпарат, информация, information)
- Серігі бар қасында, кілемі бар астында
Құлағы бар қалқиған, құйрығы бар процессорға жалғанған
(тышқан, мыщь, mouse)
- Сәлем ненің патшасы? (сөз, слово, word)
- Суретіңді көшіріп, монитордан көрсеткен (ізкескіш, сканер, scanner )
- Тетігін бассаң алаңсыз, жазады қалам, қағазсыз (пернетақта, клавиатура, keyboard)
- Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған (қоржын, корзина, basket)
Сайыскерлер ұпайын шығару әділқазылар алқасынан сұралады.
Төмен балл жинаған сайыскеріміз — _________________ ортадан шығарамыз.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын.
Келесі тур «ҒАЖАЙЫП ЖЕТІЛІК»
Алдарыңыздағы тақтада көрсетілген нөмірлеген сұрақтарды таңдаймыз. Сұрақ таңдауды ұпайы ең төмен сайыскерден бастаймыз. Дұрыс жауап сұрақтың нөміріне сәйкес 10,20,30 ұпай болып саналады.
10 (оң жақ) – Ішкі құрылғылармен сыртқы құрылғыларды байланыстыратын жүйелік блоктағы арнайы тесіктер қалай аталады? (Порттар)
10 (сол жақ) – Файл неше бөліктен тұрады? Атап шығыңыз. (аты, типі)
10 (ортадағы) – Процессордың үстіне орналасқан желдеткіш қалай аталады?
(кулер)
20 (оң жақ) – Жоларалық интервал дегеніміз не? MS Word – та жоларалық интервалды өзгерту командасы? (Жоларалық интервал дегеніміз – жолдардың арақашықтығы. Главная бетшесінен интервал батырмасын шертеміз немесе контексті менюден Абзац – междустрочный – керек түрін таңдаймыз.)
20 (сол жақ) – MS Word бағдарламасында кесте құрудың және кестеге жол қосудың жолдарын атап шығыңыз. (кесте құрудың 3 жолы бар: меню арқылы, батырма арқылы, қалам арқылы. Жол қосу: меню арқылы, Enter, Tab пернелері арқылы, контексті меню арқылы)
20(ортадағы) – Жадтың неше түрі бар. Соның ішінде ішкі жадтың неше түрі бар?
(Жадтың екі түрі бар: ішкі жад және сыртқы жад. Ішкі жад 2 – ге бөлінеді: тұрақты жад және уақытша жад)
30 (оң жақ) – Дискіні дефрагментациялау дегеніміз не? Іске қосу командасы? (Дискідегі шахмат тақтасы сияқты ретсіз бос орындарды реттеуге арналған
утилитті — Дискіні дефрегментациялау дейміз. Іске қосу командасы — Пуск – все программы – стандартные – служебные – дефрегментация диска)
30 (сол жақ) – CD компакт дискісінің сыйымдылығы қандай және ақпаратты жазуға қарай нешеге бөлінеді? (700 Мбайт, ақпаратты жазуға қарай CDR және CDRW болып бөлінеді)
30 (ортадағы) – Бірміндетті операциялық жүйенің көпміндетті операциялық жүйеден айырмашылығы қандай? (бірміндетті операциялық жүйе тек бір тереземен жұмыс істейді, ал көпміндетті операциялық жүйеде бір уақытта бірнеше тереземен жұмыс істеуге болады. Мысалы, бір уақытта текст теруге, әуен тыңдауға т.б. болады)
Сайыскерлер ұпайын шығару әділқазылар алқасынан сұралады. Ұпайы аз сайыскеріміз – ойынан шығарылады.
Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.
VI тур «Қиял әлемі»
Сайыскерлерге тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек.
1: «Егер де мен еліміздің президенті болсам…»
2: «Егер де мен облысымыздың әкімі болсам…»
3: «Егер де мен колледжіміздің директоры болсам…»
Сайыскерлерге дайындалуға 2 минут уақыт беріледі. Әділ – қазылар алқасы жауаптарына қарай 5, 10 ұпаймен бағалайды.
Сайыскерлер ұпайын шығару әділқазылар алқасынан сұралады. Ұпайы аз сайыскеріміз – ойынан шығарылады.
Білімнің ұшқарлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
Ең қиыны жарыстың енді келді,
Мықтылары қалыпты, жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойынан көреміз ерен ерді.
VІ I тур «Жорға» жарысы
1 минуттың ішінде 10 сұраққа шапшаң жауап беру керек. Ұпайы аз сайыскерден бастаймыз.
Сұрақтар:
- 1 Дюйм неше см-ге тең? (1 Дюйм 2,54 см тең).
- Процессордың жиілігінің өлшембірлігі? (мегагерц (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц))
- Компьютердің жұмыс істеу принципін алғашқы рет жазған американдық ғалым? (Джон Фон Нейман)
- F1-F12 пернелері? (функционалды пернелер)
- Мәліметтер енгізу пернесі (Enter)
- Принтердің түрлерін атаңыз? (матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік)
- Компьютердің атасы кім? (Чарьлз Бейбидж)
- Жолдар мен бағандардың бірлестігін қалай атаймыз?(Кесте)
- 1 символ неше байтқа тең? (1 байт)
- ОЖ — ғы обьектілерді суретке түсіретін перне қалай аталады? (PrintScreen)
Соңғы турда сайыскерлердің жинаған ұпай саны әділқазылар алқасынан сұралады.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтті ғой ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, деп сөз кезегін Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары – Н. Ж.Кайболдиеваға береміз.
III. Жеңімпаздарды марапаттау
Сонымен, бүгінгі интеллектуалдық сайысымыздың жеңімпазы –
_________________________________________________________________
«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен «XXI ғасыр – компьютер ғасыры» интеллектуалды сабағын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар! Қош сау болыңыздар!
[bws_related_posts]