Оңтүстік Қазақстан облысы
Төлеби ауданы
Облыстық мамандандырылған дарынды «Тау самалы»
оқу-сауықтыру орталығының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі :
Садыкова Лаура Жумановна
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Журналистика | Сынып: 10 «А», «Ә» | Мерзімі: 3.04.2015жыл | ||||
Тақырыбы: «Біз айтсақ…» бағдарламасы. | ||||||
Мақсаты: | Бағдарлама арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін түйінді ойларға жетелеу, тіл байлығын жетілдіру, уақыттың қадірін білуге баулу, бос уақытты тиімді істерге жұмсауға бағыт беру.
|
|||||
Күтілетін нәтиже: | Оқушылар бағдарламаға қатысу арқылы уақыттың маңызы жайында біледі, өзіндік пікір қалыптастырады, ой бөліседі, сөздік қорлары молаяды, тіл байлықтары артадыуақыттың қадірін түсінеді. | |||||
Кезең | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушының іс-әрекеті: | Бағалау | Ресурстар | |
Кіріспе | 3 минут | Тыныштық сәті: (оқушылар көздеррін жұмғанда, мен мәтін оқимын, аудио арқылы әуен орындалып тұрады, сыныпта тыныштық орнайды). | Сергіту сәтіне қатысады, көңілдері жайланып қалады, сабаққа зейінін бұрады. | Смайликтер
Аудио жазба |
||
2 минут | Топқа («Уақыт», «Алтын», «Қымбат» сөздерін кеспе қағаздарына жазу арқылы) бөлемін. | Топқа қызығушылықпен бөлінеді. | Түрлі-түсті үлестірме қағаздары | |||
Таныстырылым | 3 минут | Миға шабуыл: «Уақыт » деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
Уақыт немен өлшенеді? Аудио арқылы «Уақыт» тақырыбында өлең тыңдатамын. |
Қойылған сұрақтарға оқушылар ойларын жеткізу арқылы жауап береді. | Ауызша бағалау | АКТ, фото, презентация | |
Негізгі бөлім
|
7 минут | Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын.
Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт-еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын ұлы мәртебелі уақыт. Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Өмірдегі әрбір уақытын, өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсауы керек. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек. Қазіргі жастық шақ – адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні — жылға азық», — дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні — сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шұбатылып, ол тез өтіп кетпек, оны өз тұсыңнан өте бергенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тоқтап тұрмақ емес. Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе, уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек, уақыт — адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді. Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан да алтынға балайды. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта. Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Мысалы, жаман әдетке құмар адам уақытын тек осы жолға арнайды. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен өткізеді. Құмар ойнағыш уақытын ойынмен толтырады. Ал өзің алтын уақытыңды қалай өткізудесің? Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды. Уақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секунттың өзіндік құны бар |
Оқушылар зейінін бүгінгі тақырыпқа бұрады, құлақ салып тыңдайды. Өздеріне қажетті мәліметтерді есте сақтайды. | Топтар «Бас бармақ» әдісі бойынша басқа топтарды бағалайды. | ||
Тапсырмалар топтамасы | 10 минут | 1-тапсырма: Пікір алмасу
1.Өз бос уақытыңды қалай өткізесің? 2. Белгілі бір жоспар немесе уақыт бойынша жүресің бе? 3. Өміріңде қандай маңызды немесе құнды істерге кешігіп қалған сәттерің болды ма? 4. Бос уақытты тиімді пайдалана алмауыңа қандай кедергілер әсер етіп жатыр? 5. Өзің секілді жастарға қандай кеңес берер едің? 6. Сенің ойыңша, бүгінгі бағдарламадан ой түйіп, қорытынды шығаруыңа септігі болады ма? 7. Қай жағынан? 8. Әрбір өткен уақыттың ерекшелігі неде? 2-тапсырма: «Суреттер сөйлейді» (Сыни тұрғыдан ойлауды, шешім шығаруды ұсынамын ). |
Әр топ мүшелері белсенділік танытып, тапсырманы орындайды | Формативтік бағалау смайликтер арқылы жүргізіледі. | ||
«Алғыр болсаң, алып көр» | 2 минут
1.30 минут |
«Түйінді ойлар» сыныптың әр оқушысына бағдарламаны ұорытындылауға мүмкіндік беремін (тақырыпқа байланысты мақал-мәтел, нақыл сөз, пікір білдіру арқылы жеткізулері тиіс.)
Уақыттың қадірі туралы видео көрсетемін. |
Оқушылар ой қорытып, түйінді ойға, маңызды пікірге келеді, бағдарламаны қорытындылайды. | Ауызша бағалау.
Жиынтық бағалау. |
Смайликтер,
Видео |
|
Қорытынды
|
5 минут | Адамның өмірі кеше, бүгін және ертеңнен тұрады. Кешегі күн өтті, оны өзгерту мүмкін емес, ертеңгі күн әлі келген жоқ, оны Аллаһ біледі, сол себепті адам бүгінгі күнін дұрыс амалмен өткізуі тиіс.
63 жыл өмір сүрген адам күніне 8 сағат жұмыс істесе, оның өмірінің 21 жылы жұмыс істеуге кетеді екен. Тәулігіне 8 сағат ұйықтаса тағы бір 21 жылы ұйқыға кетеді. 6 жылы тамақ ішуге, 5 жылы сапарларға, 1 жылы телефонмен сөйлесуге кететін көрінеді.
Рефлексия: сабақ соңында 1. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз немесе не үйрендіңіз? 2. Сабақ барысында сізге не ұнады/ұнамады? 3. Сабақ мазмұны бойынша немесе кез келген сұрағыңыз. Үй тапсырмасы: «Уақыт – алтыннан да қымбат» тақырыбында эссе жазу. |
Әр топ өтілген сабаққа байланысты екі ұсыныс, бір тілек білдірулері тиіс. | Топтық жұмыста өздерін бағалайды, топты бас бармақ әдісі бойынша бағалайды. Жиынтық бағалау. | Бағалау парағы, А4 форматтағы қағаздар. |
<iframe src=»https://docs.google.com/presentation/d/1JUEwlMEdfdfPoaGXEFQOEigKjNOJjSuukkYhBvhleKg/embed?start=true&loop=false&delayms=3000″ frameborder=»0″ width=»480″ height=»389″ allowfullscreen=»true» mozallowfullscreen=»true» webkitallowfullscreen=»true»></iframe>
[bws_related_posts]