Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Жыр жампозы – Жамбыл (Презинтация)

Жыр жампозы – Жамбыл (Презинтация)

Садыкова ЛаураОңтүстік Қазақстан облысы
Төлеби ауданы
Облыстық мамандандырылған дарынды «Тау самалы»

оқу-сауықтыру орталығының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі :
Садыкова Лаура Жумановна

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні:  Қазақ әдебиеті Сынып:  10 «В», «Б» Мерзімі: 12.02.2015жыл
Тақырыбы: Жыр жампозы – Жамбыл.
Мақсаты: Айтыскер ақын Жамбылдың өмір жолы, айтыс ақыны ретінде танылуы, айтыстарындағы сол кездегі әлеуметтік мәселенің көтерілуі, Жамбылдың айтыстағы ақындық шеберлігі туралы мағлұмат беру.
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру, топпен жұмыс істеу арқылы өзіндік пікір айту дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Жамбыл Жабаевтың өмірі, шығармашылығы, ақындығы туралы жан — жақты біледі;  өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыланады; Жамбылдың айтыстағы ақындық шеберлігін таниды.
Топпен жұмыс істеуде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артады.
Кезең Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті: Бағалау Ресурстар
Кіріспе 3 минут Сергіту сәті: Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңін аудио арқылы тыңдатамын. Аудиожазбадан ақын өлеңін тыңдау арқылы бойларына әсер алады, сабаққа зейінін бұрады. Ауызша бағалау смайликтер
2 минут Топқа (Жамбыл шығармашылығына байланысты «Жыр», «Өлең», «Айтыс»)  кеспе қағаздарына жазу  арқылы сыныпты үш топқа бөлемін. Топқа қызығушылықпен бөлінеді. Формативті бағалау
Таныстырылым 10 минут Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығына байланысты видео ұсынып, интерактивти тақта арқылы көрсетемін. Видеоны көріп тамашалайды, ой түйеді, пікір қалыптастырады. Интерактивті тақта, слайд, видео
Негізгі бөлім

 

А) “Өткеніміз өнеге, күткеніміз келешек”

Ә) “Өлең – сөздің патшасы”

Б) “Айтыс – халық тарихы”

В) “Шығармашылық жұмыс”

 

Оқушылар зейінін бүгінгі тақырыпқа бұрады, құлақ салып тыңдайды. Өздеріне қажетті мәліметтерді есте сақтайды, дәптерлеріне түртіп жазып алады, сабақ кезеңдерімен таныс болады. Топтар «Бас бармақ» әдісі бойынша басқа топтарды бағалайды. Слайдтар
Тапсырмалар топтамасы 15 минут  1-тапсырма: “Өткеніміз өнеге, күткеніміз келешек”(әр топ мүшелеріне сұрақ қоямын.)

2-тапсырма: “Өлең – сөздің патшасы”

(топтық жұмыс)

3-тапсырма: «Айтыс – халық тарихы». Әр топ Жамбылдың айтыскерлігіне зерттеу жүргізеді.

І топ: Жамбыл – айтыс шебері
ІІ топ: Жамбыл мен Құлмамбеттің айтысы
ІІІ топ: Айтыстағы Жамбылдың артықшылығы

(топтық жұмыс)

4-тапсырма:  «Шығармашылық жұмыс» (топтық)

1-тапсырмада «орамал тастау» әдісін қолданамын, әр оқушы өзіне тиесілі сұраққа жауап береді.

2-тапсырмада топтар ақын өлеңдерінің шығу тарихымен таныстырады.

3-тапсырмада Жамбылдың айтыскерлігіне зерттеу жасайды.

4-тапсырма: «Микс» әдісін қолдану арқылы 1-топ: “Қарны тойса қалғып сала бермейтін ұрпақ керек” тақырыбында эссе жазу.

2-топ: Жамбылдың кез-келген өлеңі бойынша көрініс құру.

3-топ: Жастар рухын көтеру, ұрандату мақсатында өлең шығару.

Сабақ барысындағы тапсырмаларды топпен орындау арқылы белсенділіктері артады, қызығушылықтары оянады.

Формативтік бағалау смайликтер арқылы жүргізіледі.
Қорытынды

 

5 минут Рефлексия: Керібайланыс

1. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз немесе не үйрендіңіз?

2. Сабақ барысында сізге не ұнады/ұнамады?

3.  Сабақ мазмұны бойынша немесе кез келген сұрағыңыз.

 

Үй тапсырмасы: Жамбыл өлеңдеріндегі көркемдегіш тәсілдерді жазып келу.

Әр оқушы керібайланыс бойынша қойылған сауалдарға жауап береді. Топтық жұмыста өздерін бағалайды, топты бас бармақ әдісі бойынша бағалайды. Жиынтық бағалау. Бағалау парағы, А4 форматтағы қағаздар.

 


[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *