ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ
ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ
№24 инновациялық типтегі
жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:
Аубакирова Баянгуль Мейрашевна
Тақырыбы: «Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым»
«Заманың қалай болса, бөркіңді солай ки» — деген мақал бүгінгі біз оқып жатқан білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі курс негізінде айтылған сияқты. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасын насихаттайтын курс — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бастама. Білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдіс жалпы білім беретін мектептерде ғана емес, мемлекетімізде де өзекті мәселе болып саналатын қазақ тілінің берілу жағдайын дөп көрсете білуде. Заман өзгерген сайын қоғамның сұранысы да арта түседі.Сондықтан дәстүрлі оқыту жүйесіне жаңалықтың енгізілуі педагог қызметкерлерді ерекше қуантты.
Екібастұз қаласында өткізілген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұның жаңарту аясында орыс тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілік арттыру курсының негізгі мақсаты: жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымын, мақсат -міндеттерін меңгерту. Курста жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс тәсілдер және белсенді оқыту техникалары қарастырылды.
Курс барысында тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын оқушылардың бойында дамыту мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер мен графикалық органайзерлермен белсенді жұмыс жасаған мұғалімдер өздерін бір сәтке оқушылардың орнына да қойып көрді, үй тапсырмаларын да тиянақты орындады. «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының 12-күнінде өтілген «Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым» тақырыбы тіл үйренушілер үшін өте тиімді тәсіл. Тақырыпты игеру барысында мұғалімдер әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, түрленген сабақтар да берді, оқушының рөліне еніп, тапсырмаларды да орындады. Сабақ барысында көз жеткізгеніміз:
Жазылым мақсаттарына жету оқушыдан да, мұғалімнен де көп жауапкершілік пен табандылықты қажет етеді. Оқушылар жазуды бастамас бұрын алдымен жоспарлау керек:
Жоспарлау үдерісі:
-аудиторияны анықтау;
-мақсатты анықтау;
-оқырмандар білгісі келетін ақпаратты анықтау;
-ақпаратты кеңейту;
-сөз көлемін белгілеу.
Осылайша жоспарлау логикалық жүйелілікпен жазуға және мақсатты мазмұндауға дағдыландырады.
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым үш кезеңді қамтиды:
— Өз бетінше жазудың алдында идея тудыру кезеңі
— жазбаша жұмыс жазылып жатқан кездегі кезең;
— Жазбаша жұмыстан кейінгі кезең.
Жазылым кезеңінде ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін қажетті дағдыларды дарыту үшін мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, жалықпай үнемі ізденісте болған шығармашыл ұстаз ғана нәтижеге жетеді.
[bws_related_posts]