Басы » Кембридж бағдарламасы » ХҮІ-ХҮІІ ғ. Қазақстан қалалары, қалалардың құлдырауы, оның себептері

ХҮІ-ХҮІІ ғ. Қазақстан қалалары, қалалардың құлдырауы, оның себептері

Қысқа мерзімді жоспар

Қазақстан тарихы   7-сынып Сабақ №3
ТАҚЫРЫБЫ ХҮІ-ХҮІІ ғ.  Қазақстан қалалары, қалалардың құлдырауы, оның себептері
Мақсаты Оқушылардың өз халқының тарихын  орта ғасырдағы  қалалардың маңызы  жайлы  толық меңгеруіне ықпал ету
Нәтижелері Сабақ барысында   тақырып  бойынша білімдері артады, сөздік қоры дамиды
Кезеңдері Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
І.Қызығушылықты ояту

Білу.5-10 мин

ХҮІ — ХҮІІ ғасырлардағы

Қазақ  халқының  шаруашылығы қолөнері жайлы білу

    Оқушылардың арасында ынтымақтастық

атмосфераны қалыптастыру мақсатында  

сергіту сәтін өткізу

 Әр айдың 1-30 аралығында туған оқушылар

бойынша реттеп тұрғызу бір-біріне тілек айту

      Топтарға сыр сандық бойынша шаруашылыққа

байланысты  сұрақтар қою

  • 1. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы дегенді қалай түсінеміз?
  • 2.Маусымды көшіпқонудың қандай пайдасы бар?
  • 3,Қазақтар егін шаруашылығымен қай жерлерде айналысты?
  • 4,Қазақ қолөнерінің түрлерін атаңдар?

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойларын

 дамыту үшін 25  сөз жаздыру.Оқушылар қазақ халқының шаруашылығына байланысты  оны үй жихаздары. ыдыстар. киімдер, құралдар   деп бөліп  25 сөзді оқу

      Мәсі,  торсық,  алаша, пышақ, саба, сандық,қамшы, текемет, сырмақ, қасық,  күрек, балта, орақ, пышақ, тақия, қырғыш, таға, жүкаяқ, қамзол, тырма,жүген,тымақ,қоржын, қамшы, тостақ.

Оқушыларды  түрлі смайлик арқылы 4-топқа бөліп орналастыру

Магнитті смайликтер

Топ ішінде өз-өзін бағалауды үйренеді.

Сабақ үстінде  сыни көзбен қарауға дағдыланады.

Маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту

   Кім көп сөз жазады, сол оқушының есте сақтау қабілеті жақсы анықталады.

ІІ.Мағынаны тану

Түсіну 8-мин

Қалалардың құлдырауына әсері жайлы түсіну

ХҮІ-ХҮІІ ғ.  Қазақстан қалалары, қалалардың құлдырауы, оның себептері                             

 Орта ғасырдағы   қалалар

XV ғасырдың бірінші жартысы — XVII ғасырдың басында – Қазақстан қалаларының саны 23-ке дейін азайып кетті. Рабадтар бос қалып, қала халқы бекініс қамалы бар орталыққа шоғырланды. XVI-XVII ғасырларда аймақтың саяси және экономикалық өміріндегі басшылық рөлі Сырдарияның солтүстік жағалауындағы Аркөк, Аққорған, Құтжан, Үзгент қалаларына ауысты. Қаратаудың солтүстігіндегі басты қала – Созақ. Түркістан – Оңтүстік Қазақстанның басты қаласы.Сығанақ – Шығыс Дешті-Қыпшақ үшін «сауда аймағы», Қасым хандығының ордасы. XVI-XVII ғғ. қазақ хандығының астанасы, діни орталық. Сырдария бойындағы көшпелі даламен шектесіп жатқан шеткі қала.Отырар – Оңтүстік Қазақстан жеріндегі ірі сауда-өнеркәсіп орталығы. XVI ғасырда Түркістандағы Шайбан әулетінің мекені. VIII ғасырдың басынан Тарбанд атымен белгілі қала. Деректерде: Тұрарбанд, Тұрар, Фараб. V-XV ғғ. Арал бойындағы көшпелілермен сауда жүргізетін орталық болған. Ерзен хан қалада мешіт-медреселер салдырған.Сауран – XVI ғасырдағы мұнаралы, биік қамал қабырғалы, терең ор қазылған қорғаныс жүйесі. Оның тербеліп тұратын мұнаралары болған. Сауран қаласы үшін Өзбек пен Қазақ хандығының арасында І ғасырға созылған шайқас болды. XVI ғасырда Қазақ хандығына түпкілікті өтті. Тәуекел хан тұсында – берік қамал, ірі сауда орталығы.Сайрам – мықты бекініс, ірі сауда-өнеркәсіп орталығы. Мәуереннахрдан Түркістан мен Жетісуға шығатын сауда және әскери жолдардың торабына орналасқан қала. Сайрам XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық өмірінде басты орын алды.Созақ – ірі бекініс, сауда және өнеркәсіп орталығы. Қазақ хандығы билеушілерінің басты тірегі, әскери бақылау орталығы.Йасы (Түркістан XIV ғ.) — XVII ғ. екінші жартысында Қазақ хандығына өтті. Есім хан тұсында астана болды. Керуен сауда жолы Түркістанды басып өтті.

Мәселені бірлесіп шешудің амалын табады;

Барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізеді

Танымдық    қабілеттері артады              Интерактивті   тақтамен,

Мәтіндер мен құжаттарды

оқып танысады

Қолдану. 5-10 мин

Қалалардағы   қоныстармен құрылыстарға

постер жасап  қолдану

1 –топ   Түркістан.  2-топ   Сауран

3топ  Сығанақ.  4-топ  Отырар  
    1.  Ұлы Жібек жолында пайда болған қалалардың түркі тілдес ру-тайпалардың  отырықшылануына пайдасы тиді;  2. Отырықшылыққа бейімделген тайпалар егін егіп, сауда жасап, мал өсірді, т.б.;    3.Орта ғасырлардағы Тараз, Сайрам, Талғар, Отырар, Түркістан, т.б. қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына  әсер етті.

Интерактивті тақтадан  слайдтардан фрагменттер көрсетіледі

Тақырыпқа сәйкес постер жасату .  Қорғайды  бірін-бірі  оқытады, үйретеді

Бағдаршам  арқылы бағалау өте жақсы, жақсы, орташа т,б

Талдау

8-10 мин

Қалалардың  маңызы және құлдырау  себебі  жайлы    зерттеп, саралап талдау

   Реттеуші – ұйымдастыру(Әр оқушыға сөз беріп отырады).

2. Баяндаушы – топта өткен ой талқысын мұғалімге айтып береді.

3. Бейнелеуші – ол  берілген  қаланы  көз алдына қалай елестейтінін, соны сурет арқылы бейнелеп, мінездеме береді.

4. Сұрақ қоюшы – ой талқысы болған кезде сұрақтарды қояды.

 Барлық оқушылар ізденіс жұмыстарын жүргізеді
Берілген оқиғалар мен құбылыстарға сыни тұрғыдан талдау жасайды
Жинақтау

7-мин

Қалалардың    құлдырау  себептері  жайлы білімдерін жинақтау

     Қалалардың  құлдырау себептері :

1.Жоңғар-қалмақ шапқыншылығы

2. Қазақ-өзбек хандықтарының бұл қалалар үшін жүз жылға жуық соғысуы

3.Ұлы Жібек жолының сауда жасау қуатының әлсіреуі

Жеке оқушылар жұптар өздерінің жеке табыстарын шығармашылық ептіліктерін көрсете алады.

Әрбір топ өздерінің қол жеткізген табыстарын ортаға салып байланысқа түседі

Бағалау

5-мин: Тақырыпқа байланысты жұмбақ құрастыру. Топтық бағалау
ІІІ. Қорытындылау

ІҮ. Рефлексия

Ү. Үйге тапсырма

 Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сұрақтар беру

11-  12 жастағылар  1-топ 3 оқушы

12-13 жастағылар  2-топ  3-оқушы

Өзін-өзі азара бағалау

Бақылау арқылы бағалау Топтық кері байланыс, бас бармақ әдісі

«Екі жұлдыз,  бір тілек»

Оқушылармен кері байланыс орнату Оқушылар стикер арқылы рефлексия жазады
«Қазақ шаруашылығы» атты тақырыпта эссе жазу Эссе жазады.

 

.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *