Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Әбділдә Тәжібаев туралы сөз, әдеби ертегінің ауыз әдебиетіндегі ертегі жанрынан айырмашылығы мен ұқсастығы туралы түсінік беру.
- Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ержүректілікке тәрбиелеу.
- Дамытушылық: оқушылардың өз ойын жүйелі айта білуін, шапшаңдыққа, сөздік қорының молдығына назар аудару.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.Әдеби ертегілер туралы түсінік.
2.«Толағай» ертегісінен үзінді жаттау
Білім тексеру:
Сұрақ жауап
1.Әдеби ертегілер деген не?
- Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар?
ІІІ.Жаңа сабақ
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- Ертегінің түрлерін оқушылар өздері жазады.
Хайуанаттар
туралы қиял-ғажайып ертегілер
шыншыл ертегі әдеби ертегілер
- Әдеби ертегі авторы Ә.Тәжібаев өмірі, шығармашылығы.
- 1909 жылы 4- ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
- 1998 жылы 23 – қыркүйекте 89 жасында дүниеден өткен.
- Ә.Тәжібаев – ақын, драматург, әдебиет зерттеуші,Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор.
- Қарсақбайдағы «Қызыл кенші», республикалық «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет атқарған.
- Тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» 1933жылы жарық көрген. 50 шақты кітаптың авторы.
- «Толағай» әдеби ертегісі 1978 жылы жазылған
- «Жамбыл» кинофильмінің сценарийін жазған.
- Марапаттаулары: «Октябрь революциясы» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен.
- « Толағай» ертегісін оқушылардың өздеріне жекелеп оқыттыру.
Түсінік тексеру:
Суретпен жұмыс:
Суреттерге қарап оның ертегіге қандай қатысы бар екені анықталады, суретке тақырып қойылады.(жұппен)
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Салыстыру (Венн диаграммасы)
V1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1.Ертегіні оқып, түсінгенін өз сөзімен айту.
2.Жоспар құру, бөлімге бөліп ат қою.
[bws_related_posts]