Сабақтың тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?
Сабақтың барысы
1 Жүргізуші: Құрметті мұғалімдер, оқушылар!
Біздің Сайысымызға қош келдіңіздер!
Оқушылар шығып өлеңдер оқиды.
- Қазақ тілі – дана тілі, асыл тіл
Қазақ тілі – баба тілі, ғасыр тіл
Қазағымның қуанышын сен жырлап
Елдігімнің дәрежесін асыр тіл.
- Қазақ тілі – атаң, анаң
Қуат алар Отан да одан
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.
- Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
2-жүргізуші: Қазақ тілі апталығына байланысты өткізіліп отырған «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымызды бастаймыз.
Сайысқа қатысатын топтар: 5 «а» Ойшылдар
5 «б» Қырандар
5 «в» Тапқырлар
Бүгін бәріміз қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Қазақ тілін қаншалықты білетінімізді көрсетеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады.
1-жүргізуші:
Сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
Мектеп директоры: Анисимова Екатерина Николаевна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Келімбетова Мария Жапаковна
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурдунова Шырын Магамедовна
Қазақ тілі бірлестік жетекшісі Біркелемова Айнагүл Төлепбергенқызы
2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, біз үш топқа бөлініп өтырмыз. Ендігі кезекті әрбір топ басшыларына береміз. Өз тобымен таныстырып өтсін.
І «Қайырлы таң» бекеті
Тапқырлар: Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа.
Сәлемдесу кіреді,
Ата-дәстүр салтына.
- Топтың аты
- «Тапқырлар»
- Біздің ұранымыз
- «Біз тапқырмыз, біз мықтымыз!»
Ойшылдар: Әрі қатты, әрі тәтті өмірге,
Келген жоқпыз бекерге көшке еруге.
Тиістіміз болашақтың алдында,
Тік түрегеп, тура жауап беруге.
- Топтың аты
- «Ойшылдар»
- Біздің ұранымыз
- «Таудан биік, теңізден терең ойлаймыз!»
Қырандар: Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте — бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?
- Топ аты
- «Қырандар»
- Топ ұраны
- «Білім қымбыт – білу қиын»
ІІ «Ғалым» бекеті (сұрақ-жауап)
Сұрақтар:
- Әнұранның авторлары кім?
- Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
- Оқушы бала, мұғалім сөздері қандай сұрақтарға жауап береді?
- Абайдың шын аты кім?
- Наурыз көжеге не қосады?
- Қазақ тілінде неше септік бар?
- Мына мақалдың жалғасын тап: Тіл тас жарады — …
Сұрақтар:
- Тудың авторы кім?
- Наурыз көже қашан беріледі?
- Қызыл, жасыл, сары сөздері қандай сұрақтарға жауап береді?
- Қазақ тілінде неше жалғау бар?
- Алматы қаласына биыл неше жыл толды?
- Сан есім дегеніміз не?
- Мақалдың жалғасын тап: Өнер алды — …
Сұрақтар:
- Елтаңбаның авторлары кім?
- Бір, екі, үш сөздері қандай сұраққа жауап береді?
- ҰҚай қалада тұрасың?
- Наурызды қашан тойлаймыз?
- Көктем мерекелерін ата?
- Зат есім дегеніміз не?
- Мақалды жалғастыр: Ең ащы да тіл — …
ІІІ «Үміт» бекеті. Мақал-мәтел жарысы сөздің көркі – мақал
Қай топ көп мақал-мәтел білетінін әділқазылар алқасы анықтайды.
ІҮ «Өнерлі өрге жүзер» бекеті
Әр топ өз өнерін көрсетеді, ән айтады, би билейді
Ү «Қызықты грамматика» бекеті (сөздерді тәуелде, септеу, жіктеу)
ҮІ «Шешен» бекеті. Мәнерлеп оқу сайысы.
Қорытынды бөлім
2-жүргізуші: Тіл – қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді.
1-жүргізуші:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Екеуі бірге:
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тілі – арым, иманым,
Аманат саған, аманат.
Әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Топтарды бағалап, марапаттау