Басы » Баяндамалар » Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз

Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
курсының I деңгей мұғалімі
Cарбекова Айгүл Рүстембекқызы
Алматы облысы Ақсу ауданы
Арасан ауылы «Б.Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
география пәні мұғалімі.
Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз.
«ХХІ ғасырда нені оқыту керек? Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген сауал бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналғаны рас. Ол — сағат сайын қарыштап дамып бара жатқан әлемнің талаптарына сай өмір сүру мен өзге елдермен терезесі тең болу туралы ойлану дегенді білдіреді. Сондықтан қазіргі мұғалімдердің көбі білімдерін жетілдірумен, оқу процесін технологияландырып, соған сәйкес авторлық әдістемелік құралдарын шығарып үздіксіз ізденіс үстінде. Бұл жұмыс мұғалімнен кәсіби білімді болумен қатар жоғары кәсіби мәдениетті, өз мамандығына беріліп еңбек етуді талап етеді. Өзінің әр сабағын белсенді және шығармашыл үрдіске айналдыру кең білімді ғана емес, сонымен қатар бақылаушы, сұрақ қоя алатын, талдай алатын, рефлексия жасай алатын, шешім қабылдай, қорыта-жинақтай алатын өз ісінің шынайы шеберінің қолынан ғана келеді.
«Әлемнің өзгеруін қаласаң , сол өзгерудің алғашқысы өзің бол» деп тұжырымдама жасаған Махатма Ганди айтқандай мен осы жобаға келгеннен бері менің өзімде де қызметімде де өзгерістер бола бастады. Адам болмысын үнемі кәсіби жаңарту арқылы өзгертуге болатынын мен Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бірінші деңгейлік бағдарламасын аяқтап, өз тәжірибелерімде, жоспар бойынша жүргізіліп жүрген іс-шараларымнан байқадым.
Үш айлық курстан өткен мұғалімдерімізді Кембридж бағдарламасымен оқыта отырып, мұғалімнің өз педагогикалық қызметіне эксперт болу керектігін, өз оқушыларын дамытуда қалай бақылаушы бола алу керектігін, қалай сыни бағалай алу, өз жұмысын жақсарту керектігін ізденудің арқасында үйрете отыра өзім үшін де үлкен тәжірибе жинадым.
Білім жетілдіру курстарында алған теориялық және практикалық білімдерінің негізінде мұғалімдер өз кәсібінің шекарасынан шығып, сол арқылы өз тәжірибесіне батыл, тез арада өзгерістер енгізе алды. Мен үшін мұғалімдердің жаңа стратегияларға талдау жасап, олардың тиімді жақтарын көре білгендері ұтымды маңызды деп есептеймін. Орындаған тапсырмалар мені неге үйретті, мен оны қай жерде қолдана аламын, менің кәсіби деңгейімнің өсуіне қандай үлес қосты деген сұрақтарға жауап бере отырып, өздерінің алған білімдеріне баға бере алды. Өз тәжірибелеріне сыни көзқараспен қарап, кем жерлерін көре білгендерін оны қалай жақсарту жолдарын да өздері айтып берді. Ендеше мұғалімдерде алға жылжу мен өсу, өзгеру бар деген сөз. Біреудің тәжірибесіне тәуелділіктен арылып, өз білгендерін, жаңалықтарын ұсынып, шығармашылық бағытта жұмыс жасауға үйренді.
Тәжірибелі мұғалімдерге коучинг әдеттегі жағдайларға немесе проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға көмектеседі. ХХІ ғасырда педагогтің рөлі өзгеріп, заманауи білім беру жүйесі жаңа талаптар қоюда. Мұғалімдерден жағдайға байланысты жылдам өзгеру, шығармашылық, жан-жақтылық, тұрақсыздық жағдайда шешім қабылдай білу және әрекет ету, болашақтағы идеяны тыңдай білу және көре білу талап етіледі. Бұрын – мұғалімдерге барлық уақытта алда жүріп, соңынан өзгелерді ерту керек болатын. Қазіргі уақытта және болашақта – мұғалім – мұғалімдердің қабілетін аша білетін адам болуы тиіс. Педагогтерді қалай өсіру керек? Не ықпалды болмақ? Даму және білім алудағы жаңа әдістерді сөз ете отырып, бүгінгі таңда жай ғана жекешелендірілген әдіс және тыңдай білу ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің әлеуетін ашу – бұл оның негізгі міндеті мен негізгі нәтижесі екенін ашу барынша тиімді бағыт болып отырғанын атап өту керек. Мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекеттегі талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг пен тәлімгерліктің барлық түрлерін біріктіруші фактор болып табылады. Соның ішінде тәлімгерлік- тәлім алушылардың кәсіби дамуына бағытталған үрдіс.

Деңгейлік тәжірибеде ұсынылған тәлімгерлік  идеялары мектептегі тәжірибе кезеңінде қалай жүзеге асырылатын қарастыратын болсак, тәлімгерлік үрдісін жүргізу ісі жоспарланған, соған байланысты тәлімгерлік үдерісін жоспарға сәйкес жүзеге асырлып отырады. Бұл жұмыс мазмұндарын іске асыру өзімнің кәсіби өсуіме және пән мұғалімі ретінде көзқарасымның өзгеруіне үлкен септігін тигізді. Ол ең алдымен өзінің педагогикалық тәжірибесіне өзгеріс енгізгісі келетін мұғалімдердің жұмысын ұйымдастыру. Сауалнама арқылы тәлім алушы мұғалімнің қажеттілігі анықталып, тәлімгерлік үрдісінің ұйымдастыру түрлері жоспарланады.
Коучинг сабақтарының басты мақсаты әріптестерімізді оқыту болса, олар арқылы оқушыларды оқыту, оқытудың тиімділігін арттыру, оқушылардың белсенділігін жетілдіру болды. Осындай сабақтарды өткізу барысында тәлімгер мен тәлім алушының арасындағы кәсіби байланыс нығая түседі.Коучинг сессиясынан кейін кері байланыс ұйымдастырылып, 7 модульды ықпалдастыру аясында құрылған сабақтар өткіземіз . Меніңше , бұл оқушы жетістіктері, даму қарқыны және оның қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс.
Осындай сабақтар топтамасынан кейін мектеп мұғалімдерінің практикасын дамыту мақсатында инновациялық оқу тәжірибелерін зерттеу және бағалау үшін кәсіби әңгіме жүргізіледі. Бұл қызмет бүкіл мектептің мұғалімдерін кәсіби дамытуға, соның негізінде оқушылардың үлгерімін жақсартуға үлкен ықпал етуде.
Менің пікірімше , тәлім алушы тәлімгерлік тәжірибесінен өзіне керек мағлұматты ала алады деп ойлаймын.Тәлімгерлік үрдісі арқылы өзінің педагогикалық тәжірибесіне көп өзгеріс енгізе алады.
Әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.
Үш айлық курстарда танысқан мәліметтер бойынша, мен өзімнің дәріс беріп жүрген мектебіме «тәлімгер» есебінде тәжірибемді бастайтыным мен үшін бір ерекше сезімде өз-өзімді ұстануыма ықпалын тигізді. Коучтер – тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар. Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Тәлімгер ,тәлім алушы мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады.  Қорыта айтқанда, тәлімгерден ,тәлім алушы сабақ жоспарын жаңа үлгіде жасауды үйренеді. Топтық жұмыспен өткізілген сабақтардың нәтижелі болатынына көз жеткізеді. Сабақ  барысында оқушыларды формативті бағалаудың маңызды екенін ұғады. Коучинг өткізуді жоспарлауды үйренеді. Алдағы уақытта тәлімгер мен тәлім алушының  бірігіп,үнемі әріптестік қарым қатынаста болып, тәжірибе жинақтай береді.

Тәлімгерлік жұмысым қазіргі таңда жалғасын табуда, кері байланыс әдістері арқылы мен мұғалідерді не қызықтырады, нені білді, нені үйренді деген сұрақтарыма жауабымды алып, келесі коучингімнің жоспарына не жоспарлайтыныма үлкен ықпалын тигізеді.
Тәлім ету, өзіңді әріптестеріңнің ортасында сенімді жеке тұлға ретінде қабылдағандары саған бір ерекше серпінді күш беретінін, мен өз тәжірибемнен айта аламын. Әрі үйренудің ең тиімді әрекеті – басқаларды үйрету екен. Мұғалімдерге оқып үйренгенімді жеткізе отырып, мен де есіме білгенімді қайта түсіремін, жаңашылдыққа ізденіс үстінде жүріп, мен де үйренемін.
Біліктілігін арттырып, мектепте коучтер бірігіп жұмыс жасап, артына тәлім алушы алып жетекші болса, білім беру саласында үлкен өзгеріс болатындығы сөссіз. Және де сындарлы оқыту жобасын қолдану барысында келешек қазақ балалары сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған,терең ойлай білетін, шығармашылық қабілеттері дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасады деп сенемін.
Қазіргі заман – жаңалықтар кезеңі. Өткенді еске алып,қатені түзетіп, жаңаны қабылдау керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық І деңгей
2. Портал материалдары
3. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы ІІ деңгей

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *