Сын есім

Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақ негізделген оқу мақсаты   Сын есімді біледі, ажырата алады

 

Сабақ

мақсаттары:

 

 

 

Барлық оқушылар:
  • Сын есімді оның қай заттың белгісін білдіріп тұрғанын, сұрақтарын біледі
Оқушылардың басым бөлігі:
  • Негізгі және туынды сын есімді ажырата алады.
Кейбір оқушылар:
  • Қарсы мәндес сын есімді пайдаланып мәтін құрастыра алады
Тілдік мақсат:

 

 

 

 

 

 

Оқушылар:

  • Сын есімді біледі
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Сын есім, негізгі және туынды сын есім, қарсы мәндес сын есім
Сыныптағы диалог
Сын есімдер заттың қандай белгісін білдіріп тұрғанын айта аласың ба?
Өлеңнен сын есімдерді тауып қайсысы негізгі , қайсысы туынды сын есім екенін айта білесің бе?
Алдыңғы оқу: Өткен шақ
Жоспар  
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басы

10 мин

3 мин

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

4-мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мин

Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Психологиялық ахуал: Теңеу

Нұрбақыт- нардай

Жанерке-  жайдары

Қарлығаш-…

Топқа бөлу:  негізгі, туынды сын есім болып 2 топқа бөлінеді

Үй тапсырмасын сұрау:

1.  « Туған тілім» тақырыбына жазып келген әңгімелерін оқиды , бағалайды.

2. « Ыстық орындық » әдісі

1-топ

Етістікті табады, қай шақта, қай жақта тұрғанын айтады. Жіктік жалғауын табады.

Ақ бидайдың қадірін ашыққанда білерсің, Ағарғанның қадірін қыс түскенде білерсің.

2-топ

Ол құндыз бөрік киіп отыр. Бұл маңда жыртқыш аңдар толып жүр.

Оқушыларды сабақ мақсатымен, жетістік критерийлерімен таныстырамын.

Жетістік критерийлері:

Етістікті, оның шақтарын,  беретін мағынасын ажырата алады.

Дескриптор:

-Етістікті табады

-Қай шақта тұрғанын айтады

-Қай жақта тұрғанын айтады

— Жіктік жалғауын табады

Бағалау: 4 балл

Кері байланыс: « Блоб ағашы »

 

 

 

 

 

 

стикер

 

 

 

стикер

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ

Ортасы

25 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

5 мин

 

 

2 мин

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 «Сұрақты ұстап ал» әдісі   «Сын есім»

Топпен жұмыс     «Ақпаратпен бөліс» әдісі

1-жаттығу . Өлеңді оқиды. Өлеңнен сын есімді табады. Олардың қайсысы негізгі, қайсысы туынды сын есім екенін айтады

Бағалау: «Бас бармақ» арқылы

Жұппен жұмыс «Көршіңмен сырлас»

2-жаттығу. Жұмбақты  оқиды. Шешуін табады. Сын есімдерді табады, олар заттың қандай белгісін білдіріп тұрғанын айтады

5-жаттығу. Өлеңді оқиды, түсіп қалған сөздерді төменнен тауып, өз орнына қояды

3-жаттығу

Мәтінді алдымен толық, сонан соң сын есімсіз оқиды, мәтін мазмұнында  қандай өзгеріс болғанын айтады. Сын есімдердің не үшін қажет екенін түсіндіреді. Мәтінді көшіріп жазып, сын есімдердің астын сызады, қайсысы негізгі , қайсысы туынды екенін айтады.

4-жаттығу

Берілген сын есімдерге сай келетін затты табады, неліктен сол затты айтқанын дәлелдейді

Әр жұп берілген тапсырмаларды басқаларға таныстырады.

Бағалау  « Бағдаршам » арқылы

Кері байланыс: «Күн көзі»

бұршақ салынған қалта

 

оқулықпен жұмыс

Соңы

10 мин

5 мин

 

 

 

2 мин

2 мин

 

 

 

1 мин

Жеке  жұмыс: «Ой қозғау»

6-жаттығу

Суретке қарап әңгіме құрастырады. Әңгімеге қарсы мәндес сын есімдерді қатыстырады.

Бағалау « Гүлдер »

Кері байланыс: «Көз жұмып ойлану »

Қызық болды   …

Бүгін мынаны түсіндім …

Қиын болды …

Үйге тапсырма:  Сын есімді қатыстырып 4 сөйлем жазу

оқулық
Қосымша ақпарат
Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау- оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік  және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтардағы байланыс.

 Оқушылардың өзіндік іс- әрекетін ұйымдастыру

топпен жұмыс «Ақпаратпен бөліс», «Ыстық орындық»,

жұппен жұмыс «Көршіңмен сырлас» бірін-бірі оқыту,

жеке жұмыс «Миға шабуыл»

қабілетті баламен жұмыс «Ой қозғау»

 

 Қалыптастырушы бағалау – үздіксіз жүргізіледі, кері байланысты қамтамасыз етеді, оқу процесін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді

 

Бағдаршам

Басбармақ

Гүлдер

Балл қою

« Блоб ағашы»,

2 жұлдыз, 1 тілек

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану,

АКТ-мен байланыс: Интербелсенді тақтаны, ноутбукты пайдалана отырып керекті мәліметтерді көреді

Құндылықтардағы байланыс: адамгершілікке тәрбиелеу, өз елі үшін мақтаныш

 

 

 

Рефлексия

 

Сабақ мақсаты оқу мақсатына сай қолжетімді болды. Оқушылар сабақта  сын есімді, оның қай заттың белгісін білдіріп тұрғанын, сұрақтарын, мағынасы мен құрамын  ажырата, таба білді.Сабақтағы оқу материалдары мен ресурстар оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеліп, сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.
Қорытынды бағамдау : Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі:

1.Балалар оқудың тек мұғалім беретін біліммен шектелмейтінін ұқты.

2.Баланы оқытуға ықпал ететін кез келген әдіс қолданылады.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады?:

1.Оқушылар пассивті тыңдаушылар емес, сабақтың белсенді қатысушылары.

2.Мұғалімдер табысқа жету үшін әрқайсысын ынталандырады.

Сабақты жақсартуға топпен, жұппен, жеке жұмыстар, кері байланыс ықпал ете алады.

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *