Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы «№ 20 жалпы
орта білім беретін дамыта оқыту
мектебі» КММ Мектепалды
даярлық 0 «А» тобының
Тәрбиешісі:
Угушева Райхан Замантаевна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- Білім беру саласы: «Қатынас»
- Бөлім: «Сауат ашу және жазу негіздері»
- Тақырыбы:Д д дыбысы және әрпі.
- Мақсаты:д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Д дыбысы кездесетін сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жаңылтпаш жаттатқызу арқылы тілдерін ұстарту, ауызекі сөйлеулерін дамыту. Оқу іс-әрекеті барысында еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
- Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелесу, сөзжұмбақ тапсырмасы.
- Мерзімі:24.12.2013
- Құрал жабдықтары: кеспе әріптер, әріп таңбасы, текшелер, Алдаркөсе, домбыра, доп.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Баланың іс – әрекеті |
Мотивация-лық қозғаушы | Балалар орындарыннан тұрып
Армысын, алтын күн! Армысың, көк аспан! Армысың, жан досым! Жылуыма жылу қос, Міне, менің қолым.
|
Балалар орындарынан тұрып шаттық өлеңін айтады |
Іздену – ұйымдас-тырушылық |
-Балалар, бүгін бізге қонаққа Алдаркөсе келіпті. Алдармен бірге «Әріптер бағына» саяхатқа шығамыз. Алдар немен жүреді? — «Әріптер бағына» қандай көлікпен барсақ екен? Ат қалай жүреді? Аттың жүрісін тілімізбен көрсетейік. — Балалар, мен ол баққа Алдармен бірге «Білім көлігімен барғым келіп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма? — Онда біз өткен әріптерді қайталайық. Тасбақа, орындық, нан, робот, ғарыш, піл, аққу, шағала, қауын, лақ, ай, алма деген сөздер қандай дыбыстан басталады? — Әріптер неше дыбысқа бөлінеді? -Жарайсыңдар! Дұрыс айтасыңдар! — Онда қарап отырмайық. Ал, балалар, ойнайық. Ойнайық та, ойлайық. Қандай жұмбақ болса да Шешпей оны қоймайық. Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Дауылда бар, боранда жоқ. Дәуірде бар, заманда жоқ. (Д) қандай дыбыс. Бүгін бізд дыбысы әрпімен танысамыз. — Д дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы? — Дұрыс айтасыңдар доп д дыбысынан басталады. — Д дыбысы дауысты ма? әлде дауыссыз ба? — Қандай текшемен белгілейміз? — Дұрыс көкпен белгілейміз дауыссыз дыбысты. — Неге? Не үшін? Ол дауыссыз дыбыс. — Қәне, д дыбысын барлығымыз айтайық. — Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? — Дұрыс айтасыңдар дауысымыз еркін шықпайды, созылып шықпайды, бөгет болады. Қәне, альфавит ішіндеД дыбысын табайық. (тақтадағы әріптердің ішінен 1 оқушы көрсетеді) Сергіту сәті. Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық. Әліппе-дәптермен жұмыс: -Д дыбысына мысалдар келтіріңдер. Осы сөздерді алақанмен шапалақтап ұра отырып буынға бөлейік. Дұрыс, өте жақсы. -Ал, енді буындарды оқиық. -Қәне, дәптердегі д әрпін үлгіге қарап жазайық. Жазу жолдың ортасында сергіту сәтін орындайды. Бала, бала, балақан, Қәне қайсы алақан. Саусақтарың әйбәт, Былай, былай, ойнап. Топ – топ басайық Жалаудан күн жасайық Жаса – жаса жарқын күн Жаса – жаса алтын күн. Жазуымызды жалғастырайық.
|
-Атқа мініп жүреді. -Атпен
—Ия, дайынбыз.
-Т әрпі, — О әрпі, — Н әрпі, — Р әрпі, — Ғ әрпі, — П әрпі, — У әрпі, — Ш әрпі, — Қ әрпі, — Л әрпі, — Й әрпі, — А әрпі -Екі дыбысқа бөлінеді, дауысты, дауыссыз.
— Д дыбысы
— Доп, Домбыра.
— Дауыссыз — Көк.
— Барлығы хормен айтады. — Өйткені ол созылмайды
Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
-Доп, домбыра дәптер. -Доп, дом-бы-ра, дәп-тер. — Д-а, да. Д-о, до. Д-у, ду. Да-ла. Да-на.
Дәптердегі Д әрпін үлгіге қарап жазады. Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
Жазуларын жалғастырады. |
Рефлексиф-тік-
қорытын-дылау |
Қорытындылау:
Тақтадағы сөзжұмбақты шешейік. -Жел толтырылған, резеңке, ойыншық (доп) -Күй ойнайтын аспап. (домбыра) -Оқу құралының бірі, жазу жазамыз. (дәптер) — Жазық жер, алаңқай. -Осы шешілген сөздер қай дыбыстан басталады? Ал, енді біз жаңылтпаш жаттайық. Доп деп, Дөп теп. (2-3 рет қайталайды) — Ал, балалар Алдаркөсеге айтыңдаршы қандай әріппен таныстыңдар? -Д дыбысы қандай дыбыс? -Дыбыстар нешеге бөлінеді?
|
— Доп. — Домбыра. — Дәптер. — Дала.
— Д дыбысынан. Хормен қайталайды.
— Д әрпімен таныстық. — Дауыссыз. — Дыбыстар екіге бөлінеді.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар «Д» дыбысынан басталатын сөздерді біледі.
Болу: Балалар дәптерде әдемі, ұқыпты жазу ниетте болу.
Істей білу: Домбыра, дәптер, дала, доп сөздерін буынға бөлуді сөзжұмбақты шеше білу.
[bws_related_posts]