Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,
Қарабұтақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Ербозымова Мирамгүл Нұрланқызы.
Тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: білімділік: Шығарманың тақырыбын, сюжеттік-композициялық желісін, негізгі идеясын ашу, күйдің шығу тарихына арналған қосымша ақпараттар іздестіру, мультимедиялық жүйе арқылы оқушы санасына жеткізу;
дамытушылық: оқушылардың шығарма кейіпкерлеріне жан-жақты талдау жасап, кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, өз ой-пікірін білдіруге дағдыландыру; тәрбиелік: еркін сөйлеуге, ашық пікір айта білуге баулу, өнерге деген қызығушылығын арттыру, өнерді қадірлеуге, оның құдіретін тануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ақпараттық жүйе арқылы баяндау, сұрақ-жауап, «Әңгіме кестесі», «Балық сүйегі» («Фишбоун») стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: жазушы портреті, оның шығармашылығына арналған кестелер, З. Қабдолов суреті, әдебиеттанушының жазушыға берген бағасы, интерактивті тақта, слайдтар, әңгіме бойынша салынған суреті бар плакат
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, бейнелеу өнері
I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге Тахауи Ахтановтың өмірі мен қызметіне байланысты хронологиялық кестені жаттау, жазушының «Күй аңызы» әңгімесін оқу, мазмұндау
Әңгіменің сюжеттік-композициялық құрылымы экраннан сызба түрінде шығады.
I. Оқиғаның басталуы
Жолда. Ипан тауы. Көңілсіз көрініс.
II. Оқиғаның байланысы
Домбыра мен тізгін. Жарты күй. Ботасы өлген бозінген
III. Оқиғаның дамуы.
Қайнардағы қараша үй.
IV. Оқиғаның шиеленісуі.
Қиын қолқа.
V. Оқиғаның шарықтау шегі.
Күй қанатында
VI. Оқиғаның шешімі.
Естеместің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі
III. Жаңа сабақ
Сабақтың эпиграфы:
«Т.Ахтанов – биік реализм мен терең психологизмнің жазушысы»
Әдебиеттанушы Зейнолла Қабдолов
«Балық сүйегі» (білім діңгегі) әдісі
Күй құдіреті |
|
1.Екі салт атты келе жатқан тауды жазушы қалай суреттейді? Тау қалай аталады? 2.Екі күйшінің портретін ауызша суреттеп айтып көр. 3.Естемес күйші өзінің жас әріптесіне қандай ақыл айтты? 4.Күйшілерге жырада кездескен малды өз сөзіңмен суреттеп көр. 5.Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай әсер етті? 6. Естеместің жаңа күйінің тууы суреттелетін жерді қайта оқып, күйдің неге шықпай қалғанын түсіндір. 7. Күй Оразымбетке қалай әсер етті? 8. Естемес күй орындауға, күй шығаруға қандай талап қояды? 9. Күйшілер алдынан шыққан Жаңыл қыздың портретін жаз: дене бітімі, киім киісі, дауысы, мінезі? 10. Жұт болған жылдың қарттың шаңырағына қандай салмақ түсіргенін айтып бер. Естеместің қолқасына шал қалай жауап берді? 11. Жаңылдың «Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген сөзін қалай түсінгеніңді әңгімелеп бер. |
Сарапшы оқушының қорытындысы, ой түйіні |
Сарапшы оқушы әр топтың жұмысына баға береді, ортақ тақырып бойынша ой түйеді.
Пәнаралық байланыс: Оқиғаның байланысында Естемес күйшінің аяқтай алмаған жарты күйін әңгімелеген соң музыка пәнінің мұғалімінің көмегімен сол сәт оқушыларға тыңдатылады. Құрымбаева Жансая «Нар идірген» күйінің алғашқы ширегін орындап береді.
ҮІ. «Автор орындығы» стратегиясы
«Егер сен автор болсаң, шығарманы қалай аяқтар едің?» деген тақырыпта оқушылар эссе жазады. Осы уақытта «Нар идірген» күйі толық тыңдалады
ҮІІ. «Әңгіме кестесі» стратегиясы бойынша оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастыру. Әр жұп дайындалып болғанша «Көңіл толқыны» тыңдатылады.
ҮІІІ. Қорытындылау
«Тест интервью» әдісі
№ |
Сұрақ |
Сұраққа берілетін жауап |
1 | Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай? | Халық өнерін қастерлейді. Жақсы ұстаз, күйші, өнер таратушы, салт басты. |
2 | Жаңылдың мінезі ұнады ма? Несімен ұнады? | Ақылды, ибалы, инабатты, өжет. Өз болашағын егде адаммен өткізгеннен жастау жігітпен өткізгенді дұрыс санаған ол өжеттілік танытты. |
3. | «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш. | Әкесі мен Естемес арасындағы әңгімені естіген Жаңыл таңдауы жас Оразымбетте екенін астарлап жеткізгісі келді. |
4. | Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың? | Себебі әңгімеде көп шиеленіскен оқиға жоқ, тек күйдің туындауы ғана берілген. Сондықтан ұнамсыз кейіпкер жоқ. |
5 | Оқиғаның шешімі сен қандай ойға жетеледі? |
ІХ. Үйге тапсырма: «Қазақтың күй құдіреті» тақырыбында шығарма жазу
Х. Оқушыларды бағалау
Тахауи Ахтанов
«Күй аңызы» әңгімесі
І. Әңгіменің сюжеттік-композициялық құрылымы:
I. Оқиғаның басталуы ________________________________________________________
____________________________________________________________________________
II. Оқиғаның байланысы ______________________________________________________
____________________________________________________________________________
III. Оқиғаның дамуы __________________________________________________________
____________________________________________________________________________
IV. Оқиғаның шиеленісуі ______________________________________________________
____________________________________________________________________________
V. Оқиғаның шарықтау шегі ___________________________________________________
____________________________________________________________________________
VI. Оқиғаның шешімі _________________________________________________________
____________________________________________________________________________
ІІ. «Балық сүйегі» стратегиясы
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ІІІ. «Автор орындығы» стратегиясы
«Егер сен автор болсаң, шығарманы қалай аяқтар едің?»
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
ІҮ. «Әңгіме кестесі» стратегиясы
Ү. «Тест интервью» әдісі
№ |
Сұрақ |
Сұраққа берілетін жауап |
1 | Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай?
|
|
2 | Жаңылдың мінезі ұнады ма?
Несімен ұнады?
|
|
3. | «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш.
|
|
4. | Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың?
|
|
5 | Оқиғаның шешімі сен қандай ойға жетеледі?
|
Ү. «Тест интервью» әдісі
№ |
Сұрақ |
Сұраққа берілетін жауап |
1 | Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай? |
2Жаңылдың мінезі ұнады ма?
Несімен ұнады?
3.«Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш.
4.Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың?
5Оқиғаның шешімі сен қандай ойға жетеледі?
[bws_related_posts]