Басы » Баяндамалар » Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

ШҚО,Жарма ауданы,Суықбұлақ кенті
«Суықбұлақ орта мектебі»КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Қиықбаева Бақыт Шәріпқанқызы

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Бала  бейімділігі  мен  икемділігі  бала  күнінен  қалыптаса   бастайды. Оқу және  еңбек  үстінде  ол  әрі  қарай  дамып , нығаяды. Мектеп табалдырығын   аттаған   оқушы оқу   және  шығармашылық   атты  егіз ұғымды  қатар  алып  жүреді. Өмірді  танып  білу  әдетте ,оқып үйренуден бастау алса, әрі қарай әр адам сол білімін шығармашылықпен пайдалануға, қоғамға  пайда  келтіруге   ұмтылады. «Барлық мүмкіндіктер балалардың бойында»,-  деп  Лев Толстой  айтқандай, сол  ашылмай бұйығып  жатқан   мол  мүмкіндікті   дер кезінде ашып, дұрыс  жолға бағыттай   білу   мұғалімнің   негізгі  міндеті.

Қабілеттілікті  қалыптастырып,  жүйелі   дамытып отырмаса,ол қасиет  жас  өскен  сайын бірте —  бірте  жойылып кетуі мүмкін. Бұл жас  жеткіншектің  болашақ   кәсіби  өміріне   бағыт  бағдар    бере  алмайды. Сондықтан  алда  тұрған  негізгі   міндеттердің  бірі балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін  дер  кезінде  анықтап  дамыту, соның  негізінде болашағына  бағыт   беру. Әсіресе , шығармашылыққа  икемдеп, білім кеңістігін дамыту.

Шығармашылық —  өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін,  белгілі  бір  нәтиже  мен  өнім  алуға   мүмкіндік жасайтын жеке  тұлға  бойындағы   қабілеттіліктің, білім  мен біліктің көрінісі.  «Шығармашылық»  сөзінің  төркіні, «шығару», «ойлап табу» дегенге саяды. Бұл  тиянақты   еңбекті   қажет     ететін  әрекет.

Шығармашылыққа  баулудағы  келесі  бір қажеттілік баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Бұл шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып,құлшындырып , еліктіру.

Шығармашылықты  дамыту кезеңінде ұстаздың оқушыға берер  психологиялық әсері мынадай болуы керек деп ойлаймын.

ü «Сенің қолыңнан бәрі келеді», «Сен қабілеттісің» деп сенім білдіру;

ü  Оқушының кішкентай жетістігі болса да, мадақтап, көтермелеу, шығармасының жарық көруіне көмектесу;

ü Шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру,сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;

ü Атақты адамдардың шығармашылық дәстүрінен қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету;

ü Оқушы сұрақтарына пейілмен  жауап беру;

ü Психологиялық еркіндікті қамтамасыз ету;

Шығармашылықты тежейтін  бірнеше кедергі бар. Сенімсіздік, қорқақтық ,өз ісіне көңілі  толмау, ұяңдық, жалқаулық. Міне осындай кедергілердің алдын алып, баланың талабын ұштау ұстазға  байланысты болып келеді.

Шығармашылық оқушыға  шын ляззат, қуаныш сезімін  әкелуі тиіс. Жаңаны жасау, өзі  жасаған тың дүние шабыт баспалдағы.

Бұл оқушы үшін әсемдік  пен сұлулық мектебі.

Оқушы  шығармашылығын дамытуда  үйірме жұмыстары мықты ықпал етеді. Мектебімізде  сан жылдан бері  қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша «Жас  қаламгер» атты үйірме жұмыс істейді.

Үйірменің  өзіндік  мақсаты  мен  міндеті, бағыттары бар. Сонымен  қатар  үйірме мүшелерінің құқықтары  мен міндеттері де бекітілген.

Үйірмеге негізінен орта буын оқушылары қатысады. Орта буында шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналысуға икемді жастар  болады. Бұлардың бойында мынандай ерекшелітер бар деуге болады:

  1. 1.     Қиялы ұшқыр, өзін танытуға құштар;
  2. 2.     Өзіндік  ойлау, тұжырым жасау қабілеті басым;
  3. 3.     Жан дүниесі нәзік, арманшыл;
  4. 4.     Ақыл ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды;
  5. 5.     Әңгіме ,өлең, ертегі, арнау жазуға қызығушылықтары жоғары, бейім;

Жоғары да айтылған мәселелерді ескере келе, дарынды оқушылармен жылдық, айлық, апталық  жұмыс жоспарлары дайындалады.Бірлестік отырысында үйірме жұмысының жоспары бекітіледі. Жыл көлемінде оқушылармен жоспарға сәйкес іс атқарылады. Жоспарда дарынды оқушыларды үйірмеге тарту,өлең,әңгіме, шығарма , мақала жазудың алғы шарттарын үйрету,әр айтулы мерекеге өз шығармаларын жазу, мектепішілік  стен газет шығару, сахналық қойылымдар қою, түрлі байқаулар өткізу, жетістіктері  үшін марапаттау, жеке  шығармашылық  жинақтарын шығару қарастырылып, ай айға  бөлініп бекітілген.Оқушылардың үздік туындылары ай сайын қалалық, аудандық, газет беттерінде жарық көріп тұрады.

         Осылайша жұмыс атқару әрдайым  түрлі байқауларға қатысуға дайын болуға көмектеседі. Оқушының шығармашылық қабілетін нығайта түседі.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *