Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»

Тасымгалиева Арайлым Сарсенбаевна

БҚО, Бөрлі ауданы

Тихонов НОМ

Сабақтың тақырыбы:  Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың  Шәкәрім  шығармашылығы  бойынша
білімдерін кеңейту. «Борыш» ұғымына  талдау арқылы  жете  түсінік беру. Өлеңнің негізгі  тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылық: Балалардың өз ойын нақты, көркем сөздерді  қолданып жеткізе білу дағдыларын  қалыптастыру.  Есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік. Нағыз адамға тән міндеттерді дәріптей отырып,
оқушылардың  бойына сіңіру. Өз елінің, жерінің қамын ойлайтын ,өз ісіне жауап бере алатын,адал қызмет атқаратын бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Ашық ойлар.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: Ойтолғау, салыстыру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрім портреті, хронологиялық карта, ҚР картасы, көрме, техникалық құрал, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, география, орыс әдебиеті пәндерімен, өмірмен байланыс.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен сәлемдесемін.
2.Кезекшімен сұхбат. (Оқушыларды түгендеу,күнді анықтау)
3.Сабақ барысымен,мақсатымен таныстырамын.
Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылар алдын-ала бөлінген сала бойынша Шәкәрім Құдайбердұлы туралы деректер жайында ой толғайды.
Тарихшылар. Шәкәрім Құдайбердіұлына байланысты даталар мен оқиғалар туралы жазады..
Географ. География пәні бойынша картамен жұмыс.

Мәдениет саласы.

Әдебиетшілер. Шәкәрім кім? сұрағы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлын жан-жақты таныта отырып дәлелдейді.
(Шәкәрім — Абайдың немере інісі. Ұлы Абайдың жеті ағайынды болғаны белгілі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сол жетеудің үлкені. Шәкәрімнің жеті жасында әкесі қайтыс болады. Бұдан соңғы жерде ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады.
Шәкәрім-ақын.Шәкәрімнің ақын жүрегі өзінің айналасындағы құбылыстарды сырттаай ғана саралап құрғақ беәнелеуші болып қалған жоқ. Ол құбылыстар мен заттардың әрқайсысына терең мән берді. Жақсылығына қуанып,кемшілігіне езілді. Осыдан келіп Шәкәрімнің ақындық болмыс бітімі, азаматтық үні қалыптасты. Халық тағдыры — Шәкәрімнің жырындағы көкейтесті тақырып. Өз өлеңдерінде ол әрдайым халық басындағы жағдайларды баяндады.
Шәкәрім батыс әдебиетінен көп мағұлмат алған.
Шәкәрім шығармашылығы туралы көрмемен танысу (кітапханашы).
Жаңа сабақ . Шәкәрім шығармаларының тақырыбы — адамгершілік. «Борыш» сөзіне түсінік (міндет, парыз, қарыз). Әрбір адамның Отан алдында, халық алдында, ата-ана алдындағы борышы туралы түсінік.
«Адамдық борышың» өлеңі мәнерлеп оқылады.
«Адамдық борышың»
Адамдық борышың-
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз,
Болады ақын –тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл

Өлгеніңше,
Жоба тап ,

Жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып ,
Қауымға келмейсің,
Барыңды,

Нәріңді
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт-осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!
Негізгі тақырыбы-адамзат міндеті.

Идеясы-артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.
Түсіндірме сөздік.
Мансап-атақ
Нәпсі-жаман іс
Тұл-ешнәрсесі жоқ
Ғибрат-үлгі
Өлең мазмұнын түсіндіремін. Адамның борышы-халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтарданаулақ болу.
Өлеңді тізбекпен оқимыз.

Өлеңді құрылысына талдау.

Авторы- Ш. Құдайбердіұлы

Негізгі тақырыбы— адамзат міндеті

Идеясы-артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.

Жанрлық түрі-поэзия

Шумақ-6 шумақ

Тармақ-24

Бунақ-63

Буын-1 шумақ-6 буыннан
Дәптермен жұмыс.

Адамдық борыштарды жазамыз.
1.адал еңбек ету
2.білім мен өнер үйрену
3.келешекке жол көрсету
4.үлгі болатын іс қалдыру

Тақтада сөздер берілген. Білімді, мақтаншақ, арлы, білімсіз, еңбекқор, мансапқор, айлакер, жалқау, өсекші, шыншыл, өнерлі, өтірікші, жомарт, сараң, қайырымсыз, ата-ананы сыйлайды.

Балалар, адамға тән жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді бөліп жазайықшы.

Адамның жақсы қасиеттері / Адамның жаман қасиеттері
Білімді                                                         мақтаншақ
арлы                                                             білімсіз
еңбекқор                                                      мансапқор
шыншыл                                                      айлакер
өнерлі                                                           жалқау
жомарт                                                         өсекші
ата ананы сыйлайды                                  өтірікші
сараң

 

Қазақтың өлеңінің пірі болған,

Халқының сөзін айтар ұлы болған.

Абайдың аманат қып беріп кеткен.

Шәкәрім түсірмеген туын қолдан

(С. Мәуленов)

Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі, университеті – Абай болды. Ұстазының «Ғылым таппай мақтанба, пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» – деген өсиетін бойына сіңіріп, санасына тоқып өскен Шәкәрім ғылым-білім жолында бар өмірін сарп етті.

Ақындық өнер жолына түскенде он тоғыз жасында жазған өлеңі көбінесе жастарға арналған.
Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам айда, зорлықсыз мал табалық,
Өтпес өмір, таусылмас мал берелік,
Бір білімді данышпан жан табалық… деп, жастарды Абайдан үлгі-өнеге алып, тәлім алуға шақырады

—  Тақырыбы  жағынан, идеясы  жағынан  Шәкәрімнің «Адамдық  борышың»  өлеңі  Абайдың  сендер  білетін  қай  өлеңдеріне

ұқсайды?

—  «Әсемпаз  болма  әрнеге», «Ғылым  таппай  мақтанба?»  өлеңдеріне.

Өлеңді  білетін  оқушыларға  жатқа  оқытып,өлең  сөздеріне  талдау  жасату.

-Осы  өлеңдері  арқылы  Абай  мен  Шәкәрім  жұртты  қандай  қасиеттерге

үндейді?

—  Адамгершілікке  , халыққа  қызмет  етуге,  өнер -білім  үйренуге,  арлы  болуға,т.б.

—  Адам  бойындағы  қандай  қасиеттерді  бағалайсыңдар?

                                                 Кестемен  жұмыс

Абай

Шәкәрім

«Әсемпаз болма әрнеге»

«Адамдық борышың»

Пайда көрсең бас ұрып,

Мақтанды іздеп қайғы алма.

Мақтанға салынба,

Мансаптың тағы үшін.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

Жоба тап, жол көрсет,

Келешек қамы үшін.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт-осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!
Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл.

Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бәйге алма.

Білімсіз, өнерсіз,
Болады ақын –тұл.

Сабақты бекіту

Деңгейлік сұрақтар

Жоғары деңгей сұрақтары
1. «Адамдық борышың » өлеңі туралы өз пікірің?
2. «Менің борышым» өлең жазу

Орта деңгей сұрақтары
1. «Ақ жолдан айныма»сөз тіркесінің мағынасы қандай?

2.Ақын «шын бақыт» деп нені көрсетті?
Төмен деңгейдің сұрақтары
1.Адамдық борыштарды ата.
2.Қандай істерден аулақ болу керек?
Қорытындылау.

1.Үйге тапсырма. «Адамдық борышың» өлеңін жаттау.
«Менің борышым»тақырыбына шығарма жазу.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *