Басы » Физика » Қуат (Презентация)

Қуат (Презентация)

guljanҚызылорда қаласы, Белкөл кенті,
№189 орта мектеп
физика пәнінің мұғалімі
Сулейменова Гулжан Мусиралиевна
Сабақтың тақырыбы: Қуат

Сабақтың мақсаты:      Оқушыларға механикалық қуатты түсіндіру. Тәжірибе арқылы                           механикалық қуатты есептеп корсету. Оқушылардың өз бетімен,   ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту. Болашаққа, өмірдегі                  өзгерістерге ойлы көзқараспен қарауға, қорытынды шығара білуге машықтандыру
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың  өту әдісі: Топтық, жұптық, сұрақ-жауап, тәжірибе
Пәнаралық байланыс: Математика, технология, тарих
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, динамометр, жүк, секундомер, сызғыш, көлбеу тақтай, таратпалар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды  «Жұмыс», «Күш», «Қуат» сөздер арқылы топтастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Әр топ откен тақырып бойынша сұрақтар дайындап келеді.  Сол дайындап келген сұрақтарын келесі топқа қояды. Оқушылар топтың берген жауабын бағдаршам тәсілімен бағалайды.
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
1.     Ой қозғау
«Қуат» сөзін естігенде ойымызға не келеді?
Әр топ өз ойларын плакатқа түсіріп, қорғайды
Бір бірімізді тыңдаймыз,
Сын тұрғысынан ойлаймыз.
Күш жігерімізді арттырып,
Қуатымызды сақтаймыз.
2.     “Мағынаны  ашу.”
1-тапсырма
І-топ. Жерді әртүрлі әдіспен қопсытуға болады: трактормен, атқа соқаны жегіп алып және күрекпен аудару.
ІІ-топ. Ауылға әженің үйіне бару үшін велосипедпен, автобуспен  және жаяу баруға болады
ІІІ-топ. Құдық, шелек, бос бошке, насос бар делік. Өздерің жұмыстың шартын құрастырыңдар
—         Сендер қайсысын таңдайсыңдар?
—         Не себепті?
—         Барлығы да бірдей жұмыс жасағанымен, айырмашылығы неде? (жұмыстың тез орындалуында)
Бұдан шығатын қорытынды: Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады. Қуатты N әріпімен белгілейді.
Қуат скалярлық шама,яғни оның бағыты болмайды.
—         Жылдамдық немен анықталады? (уақытпен)
—         Барлығымыз бірге ойланайық физикалық шама қуатты қалай анықтауға болады?
—         Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек:
 
   (1) 
—         Жұмыстың өлшем бірлігі қандай?(Дж)
—         Уақыттытың СИ жүйесінде өлшем бірлігі (с)
—         Қуаттың өлшем бірлігін табыңдар (Дж/с)
Қуаттың өлшем бірлігі ретінде бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ойшылы Джеймс Уаттың құрметіне ‘Ватт’деп берілген Қуатты өлшеудің бірлігіне 1секундта істелетін 1 джоуль жұмыс алынады.

 1Вт=1Дж/с

 1кВт=1000 Вт

1мВт=0,001Вт

1мкВт=0,000001 Вт

 

Физикалық шама

Формуласы

Өлшем бірлігі

              Жұмыс

Қуат =

Уақыт

N=A/t

1Вт=1Дж/с

 

Жұмыс = Қуат*Уақыт

 

A=N*t

1Дж=1Вт*1с

                   Жұмыс

Уақыт =

Қуат

t=A/N

1с=1Дж/1Вт

2тапсырма

Ұшак, автокөлік, кеме және т.б тасымал құралдары кейде бірқалыпты жылдамдықпен қозғалады, мысалы автокөлік біршама уақыт 100км/сағ жылдамдықпен қозғала алады.

— бұл дененің жылдамдығы неге тәуелді? (автокөлік қозғалтқышының қуаттылығына)

— дене жұмыс жасау үшін оған не әрекет етеді? (оған күш әрекет етеді, A=F*S)

— әрекет ету дегеніміз не? (сол уақыт аралығында жол жүреді)

-жолды қалай анықтайды? (Жол=жылдамдық*уақыт,S=v*t)

-жұмыстың формуласын осы шамарды пайдаланып жазуға болады ма?                                         A=F*v*t;             v;

                                    N=F*v (2)

(2) өрнектен егер N=const болса, жылдамдықты өзгерте отырып күшті кемітуге немесе арттыруға болатынын көреміз

Физикалық шама

Формуласы

Өлшем бірлігі

Жұмыс =Күш*Жол

A=F*S

1Дж=1Н*1м

Жол= Жылдамдық* Уақыт

S=v*t

1м=м*м/с*с

Жұмыс =Күш*Уақыт*Жылдамдық

A=F*v*t

1Дж=1Н*с*м/с

Қуат= Күш*Жылдамдық

 

N=F*v

1Вт=1Н*м/с

                   Қуат

Күш =

Жылдамдық

F=N/v

1Н=1Вт/мс

                            Қуат

Жылдамдық =

Күш

v=N/F

1м/с=1Вт/1Н

Кейбір қозғалтқыштардың орташа қуаты:

Адамның қалыпты жұмыс жасағандағы қуаты 70-80 Вт

«Волга» автомовилінің қуаты 70-80 кВт

Атом мұзжарғыш кемесінің қуаты 55  000 кВт

«Восток» ғарыш зымыранының қуаты 15 000 000 кВт

«Энергия» ғарыш зымыранының қуаты 125 000 000 кВт

 

ІІІ-кезең: Қызығушылықты ояту.”

Тәжірибе: көлбеу тақтайдың бетімен жүкті жоғары қарай көтеру үшін жұмсалған жұмысты және осы кездегі қуатты анықтау керек.

  1. Динамометрмен жүкті өлшейді
  2. Көтерілу уақытын секундомермен өлшейді
  3. Тақтай ұзындығына тең көтерілу биіктігі сызғыштың көмегімен анықталады

 

ІV-кезең: «Ой толғау»

3 топқа бір-бір есептен беріледі

І-топ. Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді?

ІІ-топ. Моторының тарту күші 5*104 Н ұшақ 800км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты ұшты. Оның қуаты қандай?

ІІІ-топ. Велосипедші 5минутта 4кДж жұмыс істеді. Велосипедшінің қуатын табыңдар.

 

 

 

V. Қорытындылау:

1.Тест “Толқын

 1. Жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайиын шама қуат деп аталады./ иә

2. Қуат векторлық шама,яғни оның бағыты бар. /жоқ

3. Қуатты N әріпімен белгілейді.  /иә

4. Қуаттың өлшем бірлігі Дж*с/ жоқ

5. Қуаттың формуласы        /иә

6. Қуаттың өлшем бірлігі Джоульдің құрметіне берілген. /жоқ

7. Қуаттың СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі [Вт]. /иә

8. Барлық қозғалқыштардың қуаты бірдей болады. /жоқ

2.

бүгін қандай тақырыппен таныс болдыңдар?

— қай тапсырма сендерді көбірек қызықтырды, не үшін?

— түсінікті? қажетті? Қызықты?

— не үйрендік

-маған бұл сабақ не берді?

— мені ойландырды?

-мені қызықтыра түсті?

VI. Оқушыларды бағалау

VII. Үй тапсырмасы

§52 оқу, 29 жаттығудың №1 есебі.

§53 дайындалып келу

(ЖҮКТЕУ)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *