Құрметті sabaq.kz сайтының оқырмандары мен ұстаздар қауымы сіздердің назарларыңызға жаңа форматтағы курсты бітірген Қызылорда қаласы, №120 Жамбыл орта мектебінің Физика және информатика пәнінің бірінші санатты мұғалімі Белдебекова Айзада Сейсенбайқызының (А есебін) жариялаған болатынбыз. Ал, мынау (В есебін) ұсынып отырмыз. Өзін ұстаз ретінде заман талабына сай болам дейтіндердің игілігіне жарайды деп ойлаймын.
Мектептің тәжірибесін өзгерткенге дейінгі бастапқы жағдайы?
Менің мектебім неден бастауы керек?
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының Бірінші деңгей бағдарламасының бірінші «Бетпе – бет» аудиториялық кезеңінен кейін Қызылорда қаласы № 120 Жамбыл орта мектебінде «мектептегі тәжірибе» кезеңіне келген мақсатым: 6 апта ішінде мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мектеп жүйесін жан – жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды үйрете отырып, дұрыс тәсілдерді қолдану арқылы мектеп шеңберінде қажетті өзгерістерді ендіруге ықпал ету.
Қызылорда қаласындағы №120 Жамбыл атындағы орта мектебі-шәкіртке сапалы білім мен саналы тәрбие беріп отырған білім ордасы. Бұл – қаладағы білім саласында өзіндік орны бар, орысша-қазақша оқытатын, ұлттық тәрбие беретін тұңғыш мектеп. Құрылғанына 76 жыл, өзіндік тарихы бар, әр жылы сырлы шежіреге толы, әр ұстазының еңбек жолы ұрпаққа өнеге, әр түлектерінің ұлттық рұхы бекем, әр шәкірті білім биіктерінде көрініп жүрген білім шаңырағы.
І. Мектептің тарихы 1937 жылы № 4 бастауыш теміржол мектебінің ашылуымен басталады. Сол жылдары 140 оқушы 6 класс комплектісі ретінде білім алуға келген.
ІІ. 1940 жылдардың ортасында мектеп ғимаратының екінші қабаты салынды. Бұл жыл сайын оқушылар мен кластардың көбеюімен байланысты болды. Елімізге нәубет болып келген сұрапыл соғыс жылдарының қиындығына қарамастан жыл сайын 300–ге жуық бала білім алған.
ІІІ. 1960 жылға дейін жеті жылдық мектеп болып құрылды. Осы оқу жылында алғаш рет орта мектептің бірінші түлектері қанат қақты.
ІV. 1967 оқу жылында № 411 орта мектеп ретінде қайта номерленді.
V. 1989 жылдың 1қыркүйегінен бастап Жамбыл атындағы № 120 орта мектебі болып қайта номерленіп аталды.
Сыныптар саны:31
Қазіргі уақытта оқып отырған оқушы саны: 582
Оқыту тілі: аралас /мемлекеттік тілде,орыс тілде/
Мектепте мұғалімдер оқыту үрдісін терең түсінеді, оқыту үрдісін жақсарту және оқушылардың дамуын жетілдіру үшін түрлі стратегияларды, көзқарастарды және әдістерді үйлесімді, бір-бірімен кіріктіре отырып қолдану қабілеттері және мұғалімдердің кәсіби даму үрдісі олардың жұмысының мазмұнымен негізделген. Мектептегі жұмыс тиімділігін, оқыту үрдісі мен көшбасшылықтың өзара байланысын арттыруда, мұғалімдер әріптестерімен өзінің сәтті тәжірибелерімен бөліскенімен, сәтсіз жағына келгенде айтудан қашқақтайды, оның себептері мен факторларын анықтап, өзіндік іс-тәжірибелерін сын тұрғысынан бағалай алғандарымен, жетістіктерін бірге талқылап қуанышын бөлісерде тыңдағылары келмейді. Мұғалімдер өз пәндерінен жеке шығармашылық жұмыстарын дамыту мақсатында, облыстық ғылыми жоба:«Қаратау жүйесінің даму динамикасы», қалалық жоба:«Ақбөкен-сахараның шөлі», «Су-өмірдің бастауы»,қалалық мәдени іс-шара:«Қалдық тері материалдарынан сәндік бұйымдар дайындау арқылы оқушыларды ұқыптылыққа ,үнемділікке тәрбиелеу» қалалық ақпараттық сайыс:«Web дизайн және Web программалау»,қалалық әлеуметтік-мәдени шара:«Қызылорда облысында туризмді дамыту», «Ғылым жастар азығы», қалалық көркемөнерпаздар: «Шаттық» байқауларына қатысып,бірнеше жүлделі орындарды иеленді.Сонымен қатар, мұғалімдер оқыту үрдісін жақсарту және оқушылардың дамуын жетілдіру үшін ізденіс жүргізе отырып,өз сабақтарына жаңа әдіс-тәсілдерді енгізудегі шығармашылық нәтижелерін,«Тағлым», «Ұстаз үні» баспасөз беттерінде,газет-журналдарға, облыстық, халықаралақ конференция жинақтарында жариялап отырады.
Мұғалімдер өз әріптестерімен бірлесе отырып оқу ортасының бірлесіп жобасын жасау, іске асыру, басқару және жоспарлау мүмкіндіктері бар.
Жалпы мектепте алты пән бірлестігі жұмыс жасайды. Пән бірлестіктері «Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру негіздерін оқытудың ерекшеліктері» туралы әдістемелік нұсқау хатқа сүйене отырып, жұмыс жоспарларын жасап, жылына төрт рет әдістемелік отырыс ұйымдастырады. Пән бірлестіктерінің алға қойған міндеттері,мектептің жалпы міндеттерімен ұштасып:оқушыларды олимпиадаға, ҰБТ-ға, қалалық, облыстық жарыстарға дайындау, әріптестер арасында понарамалық сабақтар өткізу, БАҚ беттеріне жариялауға ұсынылатын материалдар сапасын талқылау, озық тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибелерін тарату, мұғалімдердің өз білімін көтеру туралы есебін тыңдау (пед.оқу), мектепішілік, мектепаралық семинарлар және конференциялар өткізу және қатысу.
«Мектептегі тәжірибенің» алғашқы күні мектеп әкімшілігімен кездесіп, сұхбат жүргіздім. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының Бірінші деңгей бағдарламасының негізгі идеясы, мақсаты туралы айта отырып, осы бағдарламаны оқып, игергенімді мектепте тәжірибе барысында жүзеге асыруға келгенімді хабарлап, мектептегі оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізе отырып өз мектебімізді дамыту жоспарын жасауға ынталы екенімді айттым. Бұл жұмыстарды ойдағыдай жүзеге асыру үшін ең алдымен мектептің даму жоспарымен танысуыма мүмкіндік беруін сұрадым. Мектеп директоры осындай деңгейлік оқытудың бағытта Қазақстанның шетелдік тәжірибелерді зерделеп, білім беру жүйесінің оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу талабы туындап, осы мәселеге мемлекеттік деңгейде үлкен мән беріліп, білім саласын жүйелі реформалау, түбегейлі өзгерістер енгізу қолға алынып жатқандығы туралы өз пікірін білдірді.Көшбасшылық – мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылатындығы туралы өз тәжірибесімен бөлісе отырып, 2009 – 2014 оқу жылдарына арналған ұзақ мерзімді жоспардың мақсаты: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен білім саласындағы бағдарламалар, жаңа технологияларды жүзеге асыру бағыттарын сәйкестендіріліп «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып,
2013-2014 жылдары «Жаңа озық технологияларды ендіру арқылы білім алушылардың оқу — танымдық қабілеттерін жетілдіру және белсенділіктерін арттыру» тақырыбындағы даму жоспарының басымдылықтарымен таныстырды.
Мектептің мақсаты: Білім алушыларды қажетті білімдерді өздігінен ала отырып, оларды әр түрлі туындаған проблемаларды шешу үшін іс жүзінде қолдану, өзгермелі өмір жағдайларына икемділікке бейімдеу нақты шындықтан туындаған міндеттерді көре білу және қазіргі технологияларды пайдалана отырып, шығармашылықпен ойлау қабілеттерін жетілдіру. Ол үшін мен ең алдымен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен сұхбаттасуды дұрыс шешім деп таптым. Сұхбаттасу барысында мен мектептің даму жоспары бойынша атқарылатын іс–шараларында бірқатар жүзеге асыруға тиісті жоспарлар: педагогтарды дамытуға байланысты атқарылатын жұмыс мазмұнымен, баланы тәрбиелеу мен дамыту мәселелері сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында сырттай бағалау жүйесін дамыту жұмыстары міндеттеліп, мектептің оқу – тәрбие, мектеп директорының орынбасарларының, психологиялық қызмет орталығының, әдістемелік кеңестің, оқушылардың ғылыми жоба, АӘД ұйымдастырушы үйлестірушінің жоспарлау жұмыстары жасалынған. Педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, директор жанындағы кеңестерінде,пән бірлестік жетекшілерінің отырыстарында талқылау жұмыстарын жасау және мүмкіндіктерді дамыту бойынша дене тәрбиесі,сауықтыру шараларын ұйымдастыру, мектеп түлектерін еңбекке орналасуына бақылау,оқушылардың облыстық, республикалық олимпиадаға қатысуына көмектер көрсету, материалдық техникалық базаны көтеру, патриоттық тәрбиедегі іс – шараны дамыту жұмыстары алға қойылған. Дамыту жоспарының басқару үрдісіне,дамыту іс – шараларына жауапты, орындаушы мектеп директоры белгіленген екендігі туралы маңызды мәліметтерді ала отырып, мектеп басшысына «мектептің тәжірибесінде осы жоспарлар қаншалықты жүзеге табысты атқарылуда?» деген сұрағыма салыстырмалы деректерді келтірді. Мысалы: мектеп былтырғы оқушыларымыздың пәндік олимпиадалардан, ғылыми жұмыстарды қорғауда облыстық деңгейде орташа көрсеткіштер көрсеткенін және ҰБТ – қорытындысының қала бойынша межеленген жоспары 92 % болса да,біздің білім беру ұйымымыз қалада бола тұра, оқушыларымыздың биылғы ҰБТ – дан көрсеткіш сапасы 58 % — құрағанын және «Алтын белгіге» үміткер оқушы жоқ екендігін қынжыла айтты. Осылай сұхбаттасу арқылы мен мектебімнің жоспарланған жұмыстары туралы көптеген сапалық, құнды, мәліметтерді ала білдім. Жоғарыда жоспарланған стратегиялар мектеп тәжірибесінде қаншалықты іске асырылып жатқандығы туралы толығырақ ақпарат жинау үшін мен мектептің объективті жағдайын анықтау мақсатында,мектеп қызметкерлерінен сауалнама алудан бастадым. Менің ойымша осы дерек жинау әдісі арқылы берілген сұрақтар мектептің жұмыс істеу жағдайын, мектеп әкімшілігінің қызметкерлерінің өзара қарым – қатынас мәдениетін айқындап берді. Ұсынылған «Зерттеу және рефлексия» бөліміне талдау жасағанда оқыту мен оқу тәжірибесінің сапасын арттыруда өзекті мәселе бар.
«Жоспарлау» үдерісінде мектептің даму басымдықтарына өзгерістер енгізу қажет екенін көрсетті.
Ал «Мектептің дамыту жұмыстарына оқушылардың, ата-аналардың пікірлерін ескеру, бірлесе жұмыс істеу» жолға қойылғанын және «Қызметкерлердің кәсіби дамуы» мақсатты түрде жоспарланып, назар аударылғанын, «Үйлестіру жұмыстарында қызметкерлердің кәсіби дағдылары» жоғары бағаланатынын, «Күрделі тапсырмаларды орындауда» тәжірибелі қызметкерлер тартылғанын көрсетеді.
Дәлел ретінде айтар болсам, мектептің бастапқы ахуалын зерттеуді жалғастыру барысында мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуде мұғалімдер, оқушылар мен ата – аналардың пікірі қаншалықты маңызды екенін анықтау үшін сауалнама алып, олардың ой – пікірлерін білуде «сенім жәшігін» қолдануды сапалы дереккөз болады деп келесі іс – әрекетімді жоспарладым. Себебі: біздің мектеп, ата – ана, оқушымен мектеп арасындағы шынайы байланыстың бірден – бір дәлелі ретінде «сенім жәшігі» ұйымдастырылып, жұмыс жасайды. Мақсаты: ата – аналардың, оқушылардың, ұстаздардың мектепте оқыту және оқу мәселелері бойынша ұсыныстарын, пікірлерін, кеңестерін қабылдау. Келіп түскен хаттар бойынша жауап қалыптасқан жағдайға байланысты мәселені шешу үшін, дер кезінде әрекет ету әдістері арқылы шешім қабылданып, қанағаттандырылады. «Сенім жәшігі» жасырын түрде жүргізіледі. Оған арнайы мектеп директорының бекітуімен комиссия мүшелері құралған. Комиссия құрамында: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог, кіреді. «Сенім жәшігі» аптасына 1 рет ашылады. Мектеп тәжірибесінде ең маңызды деректер осы «сенім жәшігі» арқылы анықталған жағдайлар бар. Осыдан құнды, пайдалы болып табылатындығы туралы мәліметтер алу үшін, мектептің тәжірибеге дейінгі ахуалын анықтау мақсатында «сенім жәшігіне» жүгіндім.
Сауалнама негізінде оқушылардан алынған нақты проблемалар анықталды:
1.Мұғалімдер мен оқушылар арасында сабақ соңында жұмыс сапасын арттыруға көмектесетін кері байланыстың болмауы;
2.Оқушылардың қалай оқитындығы туралы мұғалімге ойын ашық айта алмауы,мұғалімдердің оқушылардың барлығымен бірдей қарым-қатынас жасамайтындығы, басқа мектеп және басқа сынып оқушыларымен оқыту және көшбасшылық туралы талқылауға оқушыларды тартпайтындығы;
3.Мектепте қалыптасқан жағдай оқуға қызығушылықты арттырмайтындығы анықталды. Оқушылардан алынған сауалнамаға сараптау жүргізетін болсам: «Мұғалімдер оқытуда енгізіп жатқан жаңа әдіс-тәсілдер көңіліңізден шығады ма?» деген сұраққа, «Танымдық қасиеттерді арттыруда мектептегі қажетті құрал – жабдықтар (ресурстар) қолжетімді ме, жиі қолданасыз ба ?» деген сұрақтарға оқушылар «үнемі» деп, басым көпшілігі жауап берген болса, «Мұғалім оқу процесінде оқушыларға сыни тұрғыдан ойландыратын сұрақтар мен тапсырмаларды «кейде» қолданатындығы және «Мұғалім оқытуда оқушылардан салыстыруды, қолдануды, болжауды, құрастыруды жиі талап етпейтіндігі» диаграммада келтірілген.Диаграммадан оқушылардың сыни тұрғыдан ойландыратын тапсырмаларды оқу үрдісінде салыстыру, болжау, құрастыруға арналған тапсырмаларды қолдану деңгейінің төмендегі көрініп отыр. Сондықтан мен мұғалімдерге оқу үрдісіндегі әдіс-тәсілдерін өзгерту керек екенін түсіндім.
«Сенім жәшігіне» ата-аналардан келіп түскен хаттардан «менің балама осы білім ордасында оқыған ұнайды», «менің балама тереңдетілген сабақтар бағдарламасы қолайлы» деп, орыс тілі, шет тілі, биология, география, тарих, физика, информатика сияқты пәндер бойынша мектепте атқарылып жатқан жақсы жұмыстарға оң бағаларын берумен қатар, математика, қазақ тілі, химия пәндерінің жұмыстарына қазіргі таңдағы жаңаша әдіс-тәсілдер баласының қажеттілігін арттыратындығы, балаға барынша өз мүмкіндігін көп қолдануына ықпал етсеңіздер деген ұсыныс, сұраныстар келіп түскен. Осыдан мен ата-аналар сұранысы мен өз мектебімдегі пәндердің қалай оқытылып жатқандығы туралы білгім келіп физика, тарих сабақтарында оқушыларға бақылау жасадым. Сыныптағы ахуалды мен физикалық, әлеуметтік, эмоционалдық, оқу (танымдық) факторлары бойынша 2 – кестеде келтірдім.[2]
Физикалық орта
Оқытуды қолдайды
Оқытуға кедергі жасайды
Жақсы денсаулық, дұрыс тамақтану, талапқа сәйкес дәрісхана
Сыныптар таза, толық жинақталған
АКТ ресурстарымен жабдықталған
Оқушылар өзін қауіпсіз сезінеді
Әдебиеттер, қосымша материалдар жеткіліксіз, тек оқулықпен шектелген.
Әлеуметтік орта
Оқытуды қолдайды
Оқытуға кедергі жасайды
Мұғалімдер оқушының пікірімен санасады
Мұғаліммен оқушы арасында белсенді қарым – қатынас әлсіз.
Мұғалім өзара әрекеттестікте маңызды рөл атқару үшін көп сөйлейді, түсіндіреді.
Тапсырманы бірнеше оқушы ғана орындайды, қалғандары қызықпайды.
Аффекттік орта
Оқытуды қолдайды
Оқытуға кедергі жасайды
Мұғалімдер мен оқушылар мектеп жетістігіне жеке үлес қосатынын сезінеді
Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі қашықтау. Оқушылардың барлығына бірдей көңіл бөлінбегендіктен кейбір оқушылардың сабаққа қызығушылығы төмен.
Оқушылардың оң әрекеттері үшін ынталандыру төмен.
Академиялық орта
Оқытуды қолдайды
Оқытуға кедергі жасайды
Оқушылардан жоғары нәтижелер күтіледі
Баланы оқытуға ықпал ететін әдістер түрлі емес, қайталана беретін дәстүрлі әдістер.
Ойлау деңгейіне жеңіл сұрақтар мен тапсырмалардың орындалуы.
Бағалау, марапаттардың болмауы.
Бұл зерттеу сыныптарында оқушының қажеттілігіне байланысты физика және тарих пәндерінің берілуінде өзгертулер енгізуім керектігін көрсетті.
Мектептегі ата-аналардың басым көпшілігі мектепте балаларына білім беруде мұғалімдердің дәстүрлі сабақ беруіне қанағаттанбайды. Мектепте тәртіпке байланысты келеңсіз жағдайлардың балаларының білім алуына кедергі келтіретіні анықталды. Қажетті ақпараттың уақытылы берілмеуінен, балаларының сабаққа деген мотивациясы төмен. Мектеп пен ата-аналардың арасындағы байланыс өз дәрежесінде еместігі айқындалды.
№
Мұғалімдерден алынған сауалнама
Сирек
Жиі
Әрқашан
1
Мектепте сабақты жаңа тәсілді пайдаланып өтесіз бе ?
29/
62%
12/
26%
6/
12%
2
Сабақтан соң оқушылардан жұмыс тиімділігін арттыруға көмектесетін кері байланыс аласыз ба?
36/
76%
8/
18%
3/
6%
3
Барлық мұғалімдерге оқытудың мәнін, оны іске асыру жолдарын және қалыптастыратын дағдыларды сыни бағалауға мүмкіндік берілген бе?
21/
44%
14/
30%
12/
26%
Мұғалімдерден алынған сауалнамалардың нәтижесінде көпшілігінің білімді жинақтауға негізделген дәстүрлі білім беруге бейім екендігі, оқушылардың оқыту үдерісіне деген қызығушылығының төмен екендігі, ал ата-аналардың мектептің дамыту жоспарына деген ықылассыздығы байқалды.
Мектеп жұмысының ұзақ мерзімді бағыттарын анықтау бойынша шешімдерді қабылдауда мектеп директоры жетекшілік жасап, мектеп әкімшілігі және бүкіл ұжым бірлесіп келісім жасай отырып жұмыс істеді. Мектептің перспективті және жылдық жоспарын жасағанда мектеп әкімшілігі өздерімен бірге үлгі болатындай озат тәжірибелері бар ұстаздарды, кәсіподақ төрайымын, бірлестік жетекшілерін қатыстырып жасайды да,дайын жоспарды бекітпей тұрып, педагогикалық кеңесте көпшіліктің талқысына салып, тәжірибелік деңгейі әртүрлі мұғалімдердің талап-тілектерін ескере отырып, дауысқа салып бекітеді және педагогикалық кеңесінің төрағасы шығарылған қаулыны оқып таныстырады.
Мектеп жұмысының тәжірибесіне түбегейлі өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдауда, сынып жетекшілері ата-аналар жиналысын өткізіп, өзгерістер енгізу мәселесін талқылап, хаттамаларының көшірмесін жалпы мектепішілік ата-аналар комитетіне өткізеді.Мектеп тәжірибесіндегі жасалып жатқан өзгерістерге, іс-шараларға ат салысуда әр сыныптағы ата-аналар комитеті және жалпы мектепішілік ата-аналар комитетінің атқаратын ролі зор,себебі,мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізудің қажет,не қажет емес екенін,яғни қорытынды шешімді жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысында жарияланады.Осыған қарап-ақ,мектепке енгізілетін өзгерістерді оқушылар мен ата-аналармен бірлесіп талқылау мектептің ішкі ережесінің бірі деп айтуға болады.
Мектеп қызметкерлеріне көшбасшылық қызметтерін орындау мүмкіндіктері беріледі. Жас мамандарға тәжірибелі көмек көрсету мақсатында мектеп ішінде «Ұлағат»тобы жұмыс істейді. Оның жетекшісі білім саласында 30 жыл еңбек өтілімі бар жоғарғы санатты Назырова Найла Тагировна жетекшілік етеді. «Ұлағат» тобының негізгі міндеттері:
-күнтізбелік жоспар құрастыру, сағат сандарын анықтауға;
-сабақ тақырыптарын жоспарлап жазуға;
-жаңа әдіс-тәсілдер мен және озық педагогикалық іс-тәжірибелердің тиімділігімен таныстыру;
-сыныптағы оқушылармен ынтымақтастық қарым-қатынас үйлестіру;
[bws_related_posts]