Басы » Баяндамалар » ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ӨЗБЕК МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ӨЗБЕК МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

kazah-uzbekҚАЗАҚ ЖӘНЕ ӨЗБЕК МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Абилакимова Ж.Т., Төленбекова С.

Тараз  қаласы, ФМБ НЗМ

   Жұмыстың жалпы сипаттамасы

     Мақал-мәтелдер — жекелеген өмір құбылысына нақты баға беретін халық мұрасы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын мақал-мәтелдер аз сөзден жасалғанымен, көп мағынаны білдіреді. Қазақ және өзбек мақал-мәтелдері өзінің құрылым жүйесі, терең мағыналығы, бейнелілігі жағынан өзіндік ерекшеліктерге ие.

    Зерттеудің өзектілігі. Діні бір мәдениеті ұқсас тарихының түйісетін жолдары бар қазақ және өзбек халықтарының тілдеріндегі ММ-дер әлі күнге дейін ғылыми түрде салыстыра зерттеліп тұжырым жасалған жоқ.Сондықтан да қазақ және өзбек ММ-дерінің этнолингвистикалық құрылымды-грамматикалық лексика-семантикалық ерекшеліктеріне салыстыра отырып зерттеу,олардың ортақ ойларын тауып халықтың рухани мұрасы болған ММ-дердегі құнды деректер мен мәліметтерді зерттеуге деген қажеттілік-осы жұмыстың өзектілігін айқындайды.

Зерттеу  нысаны — қазақ және өзбек тілдеріндегі мақал-мәтелдерді салғастырмалы түрде лексика – грамматикалық тұрғыда зерттеу.

Зерттеудің дерек көзі ретінде  қазақ және өзбек тілдеріндегі  «Қазақтың ММ-дері», «Узбек халқ мақаллары» жинақтарынан 100-дей ММ-дер теріліп қарастырылды.

 Зерттеу әдістері. Қазақ және өзбек мақал-мәтелдерінде этнолингвистикалық және морфологиялық  талдау әдістері қолданылды.

 Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ және өзбек тілдеріндегі мақал-мәтелдерді салғастырмалы әдіс арқылы зерттей отырып, екі тілдегі мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық, құрылымды-морфологиялық, лексика-семантикалық ерекшеліктерін ашу. Осы мақсатқа орай төмендегі міндеттер қойылды:

қазақ және өзбек мақал-мәтелдерін жинақтап, бір жүйеге келтіру, мағыналық-тақырыптық топтарға бөлу

қазақ және өзбек мақал-мәтелдерінің құрылым, мағынасы, шығу тарихы жағынан ұқсастықтар мен ерекшеліктеріне этнолингвистикалық зерттеу жүргізу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысы түркологиядағы қазақ және өзбек ММ-дерін өзара этнолингвистикалық тұрғыда салыстырған алғашқы жұмыс .

Зерттеудің теориялық мәні

Екі халық арасындағы мақал-мәтелдердің орны, олардың өзара сипаты, сөздік, тақырыптық, теориялық түсінігімізді тереңдете түседі.

Зерттеудің практикалық құндылығы. Қазақ және өзбек тілдерінің арнайы сабақтарына, тіл білімі т.б. пәндерге арналған семинар сабақтарында көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Зерттеу болжамы

—           Мақал-мәтелдер халық тұрмысынан алынған жекелеген өмір құбылыстарына нақты баға беретін халық мұрасы. Олар аз сөзден жасалып, күрделі мағынада келеді.

—           Мақал-мәтелдер атадан балаға мұра болғандықтан, халықтар арасындағы мәдени байланыстарды айқындауға тарихи материал болады.

—           Мақал-мәтелдердің мағынасы әр халықтың өмір сүру ерекшелігімен, рухани өмірімен, шаруашылығымен тікелей байланысты.

Зерттеу жұмысының құрылымы.   Бұл жұмыс  кірспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің мақсаты міндеттері,  практикалық және теориялық құндылығы жайлы сөз қозғалады.

Негізгі бөлімде екі тілдегі мақал-мәтелдердің ұқсастықтары мен ерекшеліктері айтылады.

Қорытынды бөлімде қазақ және өзбек тілдерінің арасындағы ұқсастықтар жайлы .

Жалпы мақал-мәтелдер қысқа да нұсқа,бейнелі,мағынасы терең,шымыр логикаға (ойға) құрылады да, тыңдаушы көкейіне бірден қона кетеді.

ММ-дер бүкіл бір халықтың рухани қазынасын бойына жинақтап сақтайтын, ұлттық рухтың табы сіңген рухани дүние.

Қазіргі түркі мақал-мәтелдерін салыстырғанда, олардың тақырыптары мен мазмұндарының ортақтығы, ой бірлігі сияқты жалпы түркілік сипаты сақталғаны байқалады. ММ-дерді мынадай тақырыптарға топтастыруға болады. Отбасы жайлы, адамгершілік туралы, еңбек және достыққа қатысты.Мысалы:  «Есек мінгеннің аяғы тынбас,  Қос қатын алғанның құлағы тынбас». «Эшак минганинг оёғи тинмас, Қуш хотинликнинг қулоғи тинмас».«Адам аласы ішінде, Мал аласы сыртында». «Одам оласи ичида,

Мол оласи тишида». «Тұзсыз ас». «Ошнинг таьми туз билан». «Адам    мен адам кездессе де,Тау мен тау кездеспейді». «Тоғ тоғқа қовушмас, Киши кишига қовушур». «Ер жігіттің екі сөйлегені, өлгені».«Эрнинг сузи битта».

Қазақ және өзбек мақал-мәтелдерінде айтылып тұрған ой бір. Тура мағынасы: есек мінген адамның  тірлігі бұрынғыдан да көбейеді де, демалуға уақыты болмайды, ал екі қатын алғанның дау-дамайы үйінде. Күндестің күліне дейін күндес демекші, бұл екеуі ешқашан тату болған емес.

Отбасы демекші қазақ халқында «он үщте отау иесі» дейді атам қазақ. Қазақ халқында жеті атаға дейін қыз алмау қатып қалған салт, сол үшін де ең таза қан қазақтың қаны.  Қазіргі кезде замана жетісіп әйел мен еркек тең праволы болды. Әркім өзінің сүйгенін алады, қалағанына барады. Ал туыстас өзбек халқына келсек, өздеріне етене жақын бөлесімен де үйлене береді. Өзбектерде өздерінің жақындарына үйленгенді ұят көрмейді.

Отбасыға қатысты мақал-мәтелдер:

Бір күн ұрыс болған үйден,Қырық күндік береке кетер.

Бир кун уриш булган уйдан,Қирқ кун барака кетар;

Өз үйім өлең төсегім. Уз уйим, улан тушагим. Балалы үй-базар, Баласыз үй-мазар. Болалак уй-бозор, Боласиз уй-мозор. Келінді келгенде көр, Себін жайғанда көр. Келинни келганда кур, Сепини ёйганда кур. Жақсы қыз – жағадағы құндыз, Жақсы жігіт – көктегі жұлдыз. Яхши қиз – ёқадаги қундуз, Яхши йигит – кукдаги юлдуз. Балаға іс бер, Артынан өзің жүгір. Болани ишга буюр, Кетидан узинг югур. Балалы үйде ұрлық жатпас. Болалик уйда сир ётмас. Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада. Онанинг кунгли болада, Боланинг кунгли далада. Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол. Отанг боласи булма, Одам боласи бул.

Қазақ және өзбек тілдерінде мағынасы бірдей, лексикалық құрамы, морфологиялық құрылымы бірдей жұмсалатын  ММ-дер қазақта: Тек жүргенше тегін істе, өзбекте: тек тургунча, текин ишла мақал-мәтелі құрамында екі тілге ортақ тұру, жүру, істеу етістіктері бар. Олардың берілу формалары да бірдей: қазақ тіліндегі –генше есімше тұрпатындағы жүргенше етістігіне, өзбек мақалында тургунча тұрпаттағы етістігі, қазақ мақал-мәтеліндегі бұйрық рай, ІІ жақ формасындағы әсте етістігіне, өзбекше ишла деген сөз толық сәйкес келеді. Тіптен екі тілдің ММ құрамындағы тек тегін, текин сөздерінің морфологиялық сипаты да бірдей.

Өзбек, қазақ мақал-мәтелдерінде еркек пен әйелді тең дәрежеде салыстырады. Бірақ екеуіне екі түрлі ер адамға өз алдына, ал әйел адамға өз алдына сипаттар беріледі. «Ер адам елдікі, әйел адам үйдікі», «Ер адам қайсарлығымен, әйел адам нәзіктігімен сүйкімді». «Еркекке – жүрек, әйелге – тірек керек». «Ер күшінен білінеді, әйел ісінен білінеді».

Ал өзбекте де тура осылай «Эркак тузники», «Эркакка – юрак керак, хотунга – тирак», «Биянинг югириги яхши, хотиннинг – эпчили», т.б. Яғни қазақ халқында қалай берілсе, өзбекте де солай айтылады, бірақ дегенмен де кейбір кездері айырмашылықтар байқалып жатады. Өзбек халқында ер адамдары қазан-табақтың қасында, яғни ас үйде тамақ дайындап жүре береді. Ал қазақта ер адамның ас үйде жүргенін, тамақ әзірлегенін көрмейміз. Мұндай әдет қазақтар үшін өте ұят нәрсе болып көрінеді.

 Кәрілікке қатысты ММ-дер:Су ағады, тас қалады, Кәрі кетеді, жас қалады. Сув оқару тош қолар, Усма кетар, қош қолар. Бүркіт қартайса, тышқаншы болады. Бургут қариса сичқон овлар. Жас келсе іске, Кәрі келсе асқа. Ёш келса – ишга, Қари келса – ошга. Жастық-жалын, кәрілік-күл. Ёшлик чоғим – олтин чоғим.

Қазақ, өзбек ММ-дері негізгі мазмұны мен лексика-грамматикалық құрылысын сақтаған да, тек қана кейбір дыбыстық өзгеріске түскен. Қазақ тілінің ең басты ерекшелігі-дауысты дыбыстардың үндесу заңын-сингармонизмді сақтауы. Қазақ, өзбек ММ-дерінің сөздік құрамы түркі тілдерінің туыстығын білдіретін ортақ сөздерден құралады. Оның ұстіне ММ-дердің лексикалық қоры көптеген ғасырлардың куәсі. Түркі сөздері сан ғасырлық оқиғаны басынан өткізсе де, өздерінің сөздік қорын сақтап қалған. Бұл – осы даналық сөздер. ММ-дердегі синонимдер. Синонимдер түркі тілінде көптеген сөз табынан жасалады. Өзбекте: Ким бировга чуқур қазса, унга узи йиқилади. Қазақта: Кім біреуге ор қазса, оған өзі түседі. Бұл мақал екі тілде де бір мағынаны береді: чуқур (чокыр), ор сөздері синонимдес болып тұр, мағыналары жақын: шұқыр- тайыздау, ор-тереңірек қазылған шұқанақ. ММ-дерде омоним де, антоним де кездеседі.

ММ-дер өмірдің өзі сияқты өте күрделі; олар адам мен табиғат арасындағы қатынастарды толық қамтыған. Ескі, орта ғасырларда жазылып сақталған мм-дерді қазіргі тілдермен салыстырғанда – дыбыстық, кейбір лексикалық ерекшеліктері ғана кездеседі. Олардың да өз заңдылықтары бар. Демек, қазақ, өзбек мм-дері бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауға, ескі әдеби, мәдени мұраларын толық пайдалануға мүмкіншіліктері бар.

Қорытындылай келе, бұл жұмыста лексика-грамматикалық құрылысы бірдей болған мм-дерді салыстыруға тырыстым. Тағдырдың өзі қазіргі түркі тілдес халықтарды қайтадан табыстырып, жақындата түсуде. Олардың жан-жақты байланыстары әлі де тереңдей бермек, өйткені зерттелмей жатқан ортақ қазыналары көп.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1.     Арыстанбек Нұрмаханов «Түркі фразеологиясы».
  2.   Әбдуали Қайдаров «Халық даналығы».,Н. Саримсоқов «Узбек мақоллари»
  3. [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *