Қызылорда қаласы
№ 120 Жамбыл атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Жаңбыршиева Сауле Жумадуллақызы
Сабақ жоспары
26.04.14 жыл |
№1 сабағы, Дүниетану |
4 «А» сынып |
||||||
Сабақ тақырыбы: |
«Халық батырлары» |
|||||||
Жалпы мақсат: |
Оқушыларды қазақ батырларымен таныстыру. Халық батырларының ерліктері туралы мағлұматтар бере отырып, оқушылардың бойында патриоттық сезім, ой-пікір қалыптастыру. |
|||||||
Сілтеме: |
|
|||||||
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: |
Халық батырларының ерліктерін, жетістіктерін айта білу. |
|||||||
Негізгі идеялар: |
Танымдық қызығушылықты бақылай білу,талдау,қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту. |
|||||||
Сабақта қолданылатын материалдар: |
|
|||||||
Оқыту әдістері: |
Жаңа әдістер СТО(сыни тұрғыда ойлау) . |
1. Диалог 2. Жеке жұмыс 3. Топтық жұмыс 4. Эссе 5. Сурет салу |
||||||
Дерек көздері: |
Оқушы анықтамалығы Қазақстан тарихы журналы Интернет.Тарихи тұлғалар кітабы. Батырлар суреттері. Мақал мәтелдер кітабы.Батырлар жыры. |
|||||||
Тапсырмалар: |
Сұрақтарға жауап беру,кестені толтыру, сурет салу,эссе жазу,мақал – мәтел жазу,өлең шығару |
|||||||
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||||||
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин) «Мен қазақпын» сергіту сәті. Топқа бөлу. |
Оқушылармен бірге билеп, балаларды сергіту. «Ер қаруы-бес қару». Қарудың атаулары бойынша оқушыларды топқа бөлу. |
Оқушылар әуенмен билеп,көңілдері көтеріледі. Сурет арқылы топ құралады. |
||||||
Үй тапсырмасын сұрау (7 мин) |
Әр топқа схема берілді |
1.Топ болып схеманың ішін үйге берген тақырып бойынша толтырады. 2. Тақырыпты қорғайды. 3. Топтар «Шапалақтау» әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды. |
||||||
Жаңа тақырып Кітаппен жұмыс Дәптермен жұмыс |
Плакат таратылып беріледі. Кіріспе. Халық батырлары туралы айту. Мұғалімнің ұсыныс айтып бағалауы |
Халық батырларының іс-әрекетін мазмүндайды,сурет салады,мақал мәтел айтады,эссе жазады,өлең шығарады
Мәтінді бөліктерге бөліп оқиды Кесте толтырады |
||||||
Сергіту сәті (2 минут) Жаңбыр жауды себелеп. |
Аспанда бұлт қаптайды, Жаңбыр жауды себелеп. Жапыраққа жабысып, Бұға қалды көбелек. |
Оқушылар мұғаліммен бірге жасайды: Екі қолды жоғары көтеру Екі қолды айналдыру иықтан бастап Өзін-өзі құшақтау Төмен тізе бүгіп отыру. |
||||||
Қорытындылау Блум кубигі |
Power Point –та жасалған «Халық батырлары » тақырыбындағы презентацияны көрсетеді. -Балалар 16-17 ғасырларда қазақ батырлары жоңғар басқыншыларына қарсы шауып өз елін, жерін қорғаған батырларымыз Қабанбай. Бөгенбай, Райымбек, Абылайхан, Наурызбай, Жәнібек болатын болса, 1941 – 1945 жылдар аралығында фашистік Германияға қарсы өз Отанымызды қорғаған батырларымызда бар. Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы ағаларымыздай Кеңес Одағының батырлары бар. Ал, 1986 жылы желтоқсан айында қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жандарын қиған батырларымыз Сәбира, Қайрат, Ербол,Ләззаттар. Осы батырларымыздың арқасында тәуелсіз егеменді елімізде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан да батырлар ерлігін мәңгі есте сақтаймыз. Рефлексия (сұрақ-жауап) Бүгінгі сабақ барысында еліміздің бостандығы үшін жоңғар басқыншыларымен күресіп, ар-ожданын, жерін қорғаған халық батырлары туралы мәліметтер алдық. Сурет салып, эссе жазып, өлең шығарып, мақал – мәтелдер айттыңдар. Осыларды жинақтай келе, балалар өздеріңе, сұрақ қоямын.
Осы арқылы сабақты қорытындылаймын. |
Презентацияны көреді.Сұрақтарға жауап береді. |
||||||
Үйге тапсырмасын беру (2 мин) |
«Халық батырлары» тақырыбын оқып келу. |
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу |
||||||
Бағалау (4 мин) Рефлексия (2 мин ) |
Мұғалімнің іс-әрекеті Кері байланыс парағын қолдану. |
Оқушының іс-әрекеті Кері байланыс парағын толтырады
|
[bws_related_posts]