Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Астана – болашақтың қаласы. Етістіктің шақтары

Астана – болашақтың қаласы. Етістіктің шақтары

astanaАқтау қаласы, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Кдырова Гулбану Гинаятовна
Сабақтың тақырыбы: «Астана – болашақтың қаласы. Етістіктің шақтары»
(Орыс тілді топ студенттеріне қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар арасындағы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» облыстық байқауына дайындалған сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерту, оқушылардың өз елі туралы, Астана туралы мәліметтерін молайту, қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: түрлі тапсырмаларды орындату арқылы студенттердің сөздік қорын молайту. Еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Ойлау арқылы өз ойын еркін жеткізу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: студенттердің мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін ояту арқылы патриоттық тұрғыда тәрбиелеу.
Құрал жабдығы: интерактивті тақта
Көрнекілігі:  слаид, кеспелер
Сабақтың түрі: білімді жинақтау және жүйелеу
Сабақтың әдісі: аралас (сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, СТО технологиясының «Қызығушылықты ояту», «Бес жолды өлең», «Егер де мен…» әдістері)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй жұмысын тексеру. «Қызығушылықты ояту» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру.
ІІІ. Жаңа сабақ.

Полиглот.
Мәтінмен  жұмыс
Аударма жұмысы
Грамматикалық тапсырма мәтін бойынша
«Жылдар сөйлейді» тапсырмасы
«Дода» ойыны
«Көршісін тап» ойыны
Бес жолды өлең (синкуйн әдісі).
Қазақстан, Астана туралы өлеңдерді жатқа оқу.
ІҮ. Үйге тапсырма «Егер де мен…» әдісі бойынша «Астана – болашақтың қаласы» тақырыбына әңгіме жазу.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Студенттермен амандасу. Кезекші топ студенттерінің сабаққа қатысы, күннің жадын, апта күнін, үйге берілген тапсырма туралы айтып өтеді.
Балалар, үй тапсырмасын пысықтау үшін келесі сұрақтарға жауап беріңіздер.
Өтілген тақырыптар бойынша интерактивті тақтадан көрсетілген сұрақтарға жауап алынады.
ІІ.  «Қызығушылықты ояту» әдісі  арқылы үй тапсырмасын тексеру.
Қазақстан қандай мемлекет? (тәуелсіз, егеменді, көпұлтты)
Еліміз қай жылы тәуелсіздікке қол жеткізді?
Тәуелсіздігімізді немен  дәлелдейміз?
Конституция  қашан қабылданды?
Болашақ мамандығыңыздың  Отанымыздың дамуына қандай үлесі бар ?
Қазақстанның астанасы болған қалаларды атағыз.
Енді көңілдеріңізді мына суретке аударыңыз. Ненің суретін көріп отырсыз? Кезекпен суреттерді көрсету арқылы жауаптарын аламын.
Мынау не?  Спасск мұнарасы — Мәскеу
Мынау не?  Бостандық мұнарасы — Нью- Иорк
Мынау не?  Эйфел мұнарасы — Париж
Мынау не?  Бәйтерек монументі — Астана
Бәйтерек кімнің идеясымен салынды?
Бәйтерек монументі қай қаланың белгісі? (Астана қаласының)

Өзіңіз түсініп отырғандай бүгінгі сабағымыз еліміздің астанасы Астана қаласына арналады. Астана қаласы туралы мәтінді, сөйлемдерді негізге ала отырып, етістіктің шақтары бойынша тапсырмалар орындаймыз.
Тақтаға назар аударайық. Тақырып бойынша полиглот ойыны. Мәтін бойынша сөздерді үш тілде аудару қажет. Президент Н.Ә.Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » атты Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобаны кезең – кезеңімен іске асыруды ұсынды. Осы жобада қазақ тілі —  мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қарым – қатынас тілі, ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі деп атап көрсетті.
Полиглот
Оқушыларға слайд арқылы сөздер көрсетіліп оқылады.Сол сөздерді орыс, ағылшын тілдеріне аударып, сөйлем құрастырады. Сөйлемдер тақырыпқа сай болу керек.
Егеменді – суверенный — sovereign
Бекініс – крепость — stronghold
Бірлік –  единство — unity
Ел – страна — country
Әйгілі —  известный — known
тарихи – исторический — historical
ғимараттар – здание — buildings
мәдени – культурный- cultural
мемлекет – государство – state

Мәтінмен  жұмыс.
Слайд бойынша «Астана» мәтіні оқылады. Аударма жүргізу.

Астана

Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. 1830 жылы  Астана Есіл өзенінің жағасында казак-орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1862 жылы  Ақмола қала мәртебесін алды. 1961 жылы наурыздың 20-сында  қалаға Целиноград атауы берілді. 1992 жылы бұрынғы Ақмола атауы қайтарылды.

1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы Жарлыққа қол қойды.   1998 жылы маусымның 10-ында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. 1998 жылы Президенттің Жарлығымен  Ақмола қаласы – Астана қаласы болып өзгертілді.

Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр.  Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа Астананың сұлулығы ерекше. «Бәйтерек» ғимараты астана тұрғындарын, алыс, жақын шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.

Астана – болашағы үлкен қала.   1998 жылы  ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды.

Астана іскерлік жаңа мәдени орталыққа айналды. Астана қаласы – жаңа Қазақстанның белгісі.D:\АЛТЫН\2012-13 оқу жылындағы жұмыстар\ПЦК\қазақ тілі\06.11.12\IMG_7020.JPG

  1. Мәтін аудио арқылы оқылады.

  2. Оқушылар абзац бойынша кезекпен оқиды.

  3. Мәтін бойынша аударма жұмысын жүргіземін (сөздікпен).

  4. Оқушылар мәтін бойынша сұрақ қояды (3 -4 сұрақ).

  5. Мәтін ішінде қарамен жазылған сөздермен жұмыс.

  • Балалар, мәтін ішінде асты сызылған сөздер бар. Сол сөздерге көңіл бөлейік. Сөздер қай сөз табына жатады? Қай шақта жасалып тұр? Етістік туралы білімдерін төмендегі сұрақтар бойынша еске түсіреміз..

Етістік дегеніміз ?

Ол қандай сұрақтарға жауап береді?

Етістіктің неше шағы бар?

Осы шақтың неше түрі бар?

Өткен шақтың неше түрі бар?

Келер шақ қалай жасалады? т.б. Еске түсіру мақсатында тірек схемасын көрсетемін.

 

Етістік

осы шақ

өткен шақ

келер шақ

нақ

ауыспалы

жедел

бұрынғы

ауыспалы

мақсатты

болжалды

ауыспалы

дара

күрделі

-ды

-ді

-ты

-ті

-ған

-ген

-қан

-кен

-ып

-іп

-п

-атын

-етін

-йтын

-йтін

-мақ

-мек

-бақ

-бек

-пақ

-пек

-ар

-ер

жүр

отыр

жатыр

тұр

-ып,

-іп, -п

жүр

отыр

жатыр

тұр

кел-е

бар-а

әкел-е

апар-а

  жатыр

 

Тақтамен жұмыс

Мәтіннен асты сызылған сөздердің шағын анықтап жіктейді. Тапсырмаларды оқушылар өздері тексереді.

 

алды (жедел ө.ш.)

 

Мен алдым

Сен алдың

Сіз алдыңыз

Ол алды

Біз алдық

Сендер алдыңдар

Сіздер алдыңыздар

Олар алды

қол қойды  (жедел ө.ш.)

 

Мен қол қойдым

Сен қол қойдың

Сіз қол қойдыңыз

Ол қойды

Біз қол қойдық

Сендер қол қойдыңдар

Сіздер қол қойдыңыздар

Олар қол қойды

таң қалдырады (ауыспалы келер шақ)

Мен таң қалдырамын

Сен таң қалдырасың

Сіз таң қалдырасыз

Ол таң қалдырады

Біз таң қалдырамыз

Сендер таң қалдырасыңдар

Сіздер таң қалдырасыздар

Олар таң қалдырады

Етістіктерді көрсетілген үлгі бойынша теріп жазамыз. Тапсырманы жазып болған соң өзара тексеру жұмысын жүргізеді.

 

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

алады

салынып жатыр

таң қалдырады

алды

қайтарылды

берілді

болып өзгертілді

қол қойды

өтті

айналды

марапатталды

      Келесі тапсырма «Жылдар сөйлейді» . Бұл тапсырмада берілген жылдар бойынша жауабын табу керек.

 1830 ж. Астана Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.

1961 ж. наурыздың 20 -сында  қалаға Целиноград атауы берілді.

1997 ж. Егемен Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаев Жарлығымен Елорданы

Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданды.

1998 ж. мамырдың 6-сында  жаңа Елорданың атауы Астана болып өзгертілді.

1998 ж. маусымның 10-ында Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді. (Международная презентация новой столицы Казахстана — Астаны состоялась 10 июня 1998 года.

1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атақ беріліп, медальмен марапатталды.

 

Ендігі тапсырма «Дода» ойыны. Берілген сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береміз.

 

Қазақстанның қалалары.

10 – Білім мен мәдениеттің ордасы. (Алматы қаласы)

20 – Қазақстанның шығысында Қытай мемлекетімен +

шектесіп жатырған облыс. (Шығыс Қазақстан)

30-  Тарихи қалалар. (Түркістан, Отырар,Тараз)

40 – Бұрынғы Ақмешіт қазір қалай аталады? (Қызылорда)

 

Қазақстанның жетістіктері.

10 – 1992 жылы Қазақстан қандай ұйымға кірді?

(Біріккен Ұлттар Ұйымына)

20 – Қай жылы ұлттық валюта төл теңгеміз айналысқа енді? (1993 жылы)

30 – 1997 жылы Қазақстан Республикасының қандай Заңы қабылданды? («Тіл туралы» Заңы)

40 — 2012 ж. Лондон Олимпиадасынан қазақстандық спортшылар қандай жетістік әкелді?

(7 алтын, 1 күміс, 5 қола)

 

«Көршісін тап» ойыны. Бұл ойын арқылы берілген сөздерді сөздердің орналасу тәртібімен сөйлем құрастыру керек.

  1. республиканың, әкімшілік, бас қала, мәдени, саяси, орталығы, Астана –, Қазақстанның.

(Астана – Қазақстан республикасының саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы, бас қала.)

2. дамып жатқан, Астана, белсенді, айналды, сөресіне, қоғамның.

(Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды.)

3.  дамыған, өткен сайын, қызмет, жыл, Астана, көрсету саласы, мегаполиске, айналып келеді,ірі.

(Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегаполиске айналып келеді.)

4. дамып, заманауи, жатқан, қала, жедел, қарқынмен, Астана-, Бүгінгі.

(Бүгінгі Астана-жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала.)

 

Бес жолды өлең (синкуйн әдісі).

Бүгінгі тақырыпқа байланысты  алған білімдеріңізді төмендегі тапсырмалар бойынша пысықтаймыз.

  1. Астана     (зат есім).

  2. Сын есім 2 сөзден.

  3. Етістік 3 сөзден.

  4. Сөйлем 4 сөзден.

  5. Синоним.

Келесі тапсырма  Қазақстан, Астана туралы ақындардың өлеңдерін жатқа оқу. Тақырыпқа байланысты өлең шумақтарын тыңдау.

Үйге тапсырма. «Егер де мен…» әдісі бойынша «Астана – болашақтың қаласы» тақырыбына өз ойларын дәптерге түсіру. Әңгіме құрастыру.

Мысалы: Егер де мен болашақта сәулетші болсам, еліміздің бас қаласын …

Бағалау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *