Павлодар облысы
Лебяжі ауданы
А.Баймұлдин атындағы ЖОББМ
Ибраева Гульзар Кабиденовна
Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің салт-дәстүрі және діни наным — сенімі.
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың үйсіндердің туралы білімдерін жетілдіру арқылы олардың салт-дәстүрлері мен діни наным-сенімдері туралы түсініктерін қалыптастыру.Танымдық қызығушылықтарын,бақылай білу,талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру, топтық, жұптық жұмыс істеу ережесінің сақталуын өздері қадағалауды дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Құралдар: Интербелсенді тақта, үйсіндердің салт-дәстүрлері суреттер, маркер, флипчарт,үлестірме суреттер, қайшы, желім, скрепка, түрлі – түсті қарындаштар, фотоаппарат, видеокамера.
Әдіс-тәсілдер: Сұхбат, ой қозғау, топтастыру, эссе жазу, оқулықпен жұмыс.
Оқыту нәтижесі:
— оқушылардың тіл байлығы дамиды;
— топта пікірталасқа түсуге дағдыланады;
— топтың ойын, идеясын толық жеткізуге машықтанады;
Сілтеме: Қазақстан тарихы «Алматы Атамұра» 2011
Сабақ кезеңдері |
Уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі |
2мин |
Психологиялық дайындықОқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыру.
Қазақстан- қол алысады, Италия- құшақтап амандасады, Зимбабва- арқаларымен төс қағысу Македония- шынтақтарын тигізе амандасу, Никорагуа-иық қағысады Бразилия- арқа сипайды Австралиялық аборигендер- қол шапалақтап, аяқпен секіреді, жамбаспен көршісін қағады.
Оқушыларды Қазақстан, Бразилия, Италия елдеріне бөлу арқылы топтастыру, |
Оқушылар мұғалім көрсеткен іс –әрекетті қайталайды. Көңіл-күйлері жақсарады.
АКТ |
Білу кезеңі | 4мин | Үй тапсырмасын оқушылардың өздері құрастырған тест жұмысы арқылы тексеру.
«Ойшыл хат» әдісі бойынша үш топқа 3 конверт таратылады. |
Тесті орындайды, жұпта бірін-бірі тексеріп, бағалайды.
СТО,ДО,ОмОЖТ, ОЖЕСО
Қай топқа мәтіннен үзінді және сұрақ түссе, сол топ ой бөліседі, басқа да топтардың ойын біледі. Осылайша жаңа тақырыпқа шығады. |
Түсіну жаңа материалмен жұмыс | 10 | «Ойлан,жұптас, топтас» тапсырмасы. Топтарға мәтінді бөліп беру.
— 1 топ-Үйсіндердің салт-дәстүрі. — 2 топ- Үйсіңдердің наным-сенімдері.. — 3 топ – эксперттер (Маулен, Наурызгүл, Бекзат, Бекболат) Топпен жұмыс кезінде. Оқушылардың рөлге бөлінгенің, іс – әрекеттерін бақылайды. |
СТО, ОБжК, ДО. ТжДО
Мәліметпен танысып болған соң, топтардан 2 оқушыдан бір-біріне қонаққа келеді, эксперттер 2-2-ден бөлінеді. Оқушылар мәліметтермен алмасып, олардың жұмысын эксперттер бағалайды.Қонақтар қайтпайды, Эксперттер өз тобына қайтады.
|
Қолдану | 10 | Оқушыларды түстер бойынша топтастыру.(қызыл, жасыл, сары)
Алған білімдерін пайдаланып, тапсырмалар дайындау. Үйсіндердің орналасқан жері, үйсіндер туралы деректер және олардың қоғамдық құрылымы тақырыбына 1 –топ: Тарихи диктант тапсырмасын дайындайды. 2-топ: Сәйкестендіру тапсырмасын дайындау. 3-топ: Эксперттерге шығармашылық тапсырма болады. Қазіргі қазақ халық мәдениетімен үйсіндердің мәдениетінің ұқсастығы мен айырмашылқтары жайлы салыстырып, схеманы толтыр.
|
ТжДО, ОБжК, ДО, СТО.
Топтар тапсырмаларын дайындайды.
Оқушылар өз-өзін бағалап, бағалау парағын мұғалімге тапсырады.
|
Талдау | 6 мин | 1-2 топтар тапсырмаларын алмасып, орындап, қорғайды, тапсырмалар нәтижесін эксперттер бағалайды.
Эксперттер тобы өз тапсырмаларын ортаға салып, дәлелдейді. Оларды 2 топ оқушылары саусақпен бағалайды. |
СТО, ДО,АКТ
түсіндіріп, алмасып, орындап, бірін-бірі тексереді, эксперттік топ тапсырмасы арқылы қосымша мәлімет алады. |
Жинақтау
(синтездеу) |
4 мин | Әткеншек әдісін қолдану.Оқушыларды ішкі және сыртқы шеңберге бөліп орналастыру. (сабақта белсенділігі төмен болған оқушыларды ішкі шеңберге енгізу)
Үй тапсырмасын беру: Үйсіндер жайлы шағын эссе жазып келу. |
Сыртқы шеңбердегі оқушылар ішкі шеңбердегі оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояды.
СТО, ТжДО |
Бағалау | 3мин | Әр оқушы сабақ бойынша өз жұмысына баға береді.
«insert» әдісі Нені білдім? Не біле алмадым? Не білгім келеді? |
Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады.
ОБжК, СТО, ОүБжОБ, ДО |
Бағалау | 2 мин | Эксперттер, бақылаушылар парағы бойынша мұғалім қорытындысы
|
Сабақты бағалау. Өзін- өзі бағалау, топтық бағалау. ОүБжОБ, ДО |