Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Отан отбасынан басталады

Отан отбасынан басталады

aigyyl Айгүл Қоспанқызы Рысқұлова
Көкшетау қаласының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің
 «Тілдерді оқыту орталығы»КММ-нің 
І- санатты оқытушы
 
 ОБЛЫСТЫҚ ӨҢІРЛІК СЕМИНАРДА ӨТКІЗІЛГЕН АШЫҚ САБАҚ.
Топ деңгейі: жоғары
Сабақтың тақырыбы: Отан отбасынан басталады.
Грамматикалық тақырып:  Сан есім (қайталау)
Сабақтың мақсаты: а) Сан есімді  тапсырмалар орындату арқылы еске түсіру.
б) отбасының негізгі өмірдің ұйтқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерін, тіл байлығын дамыту.
в)отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың әдістері: топтық оқыту технологиясы сұрақ-жауап әдісі, тренинг.
Сабақтың формасы:бірлескен топтық іс-әрекет.
Сабақтың көрнекілігі:  шартты белгілер,слайд.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сөйлесім тапсырмалары.
ІІІ.Тыңдалым тапсырмалары.
ІY. Жазылым тапсырмалары.
Y. Сабақты бекіту.
І. Таныстыру:  «Менің есімім Айгүл Қоспанқызы мен отбасының ұйтқысымын» Келесі адам менің айтқанымды қайталап өз есіміне қосып отбасындағы  атқаратын рөлін айтып өтуі қажет. Солай жалғасады. Әр адам өзінің алдындағы адамның айтқанын ғана қайталайды.

4 шағын топқа бөлініп отырады.
(жасылдар, қызылдар, сарылар, көктер)

«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз.
Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» дегендей сіздердің алдарыңызға төрт түрлі мәтін беріліп отыр.

1- тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді оқып, берілген сұрақтар бойынша өзара мәтінді талқылау.
Мәтіннің тақырыптары:
1. Отбасындағы бала тәрбиесі
2. Отбасындағы ана жылуы
3. Отбасындағы әкенің орны
4. Отбасындағы дәстүрлік тәрбие

Жасыл түстілердің тапсырмасы:
тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Отбасындағы бала тәрбиесі
Бала тәрбиесі- ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеудемектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. «Отан отбасынан басталады» демекші, ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай,  оның мұң-мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді. Бала әке-шешенің тәрбиелеу объектісі емес, ортақ отбасылық өмірдің одақтасы болу керек. Сондықтан отбасылық өмірге, мақсаттар мен жоспарларға ортақтас болғанда ғана біржақты тәрбие жойылып, маңызды диалог құрыла бастайды.
2-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша мәтінді өзара талқылаңыз.
Отбасындағы бала тәрбиесі дегенді сіздер қалай түсінесіздер?
Ана көңілін алаңдататын қандай жағдайларды білесіздер?
Бала теріс жолға түсіп кетпеуі  үшін отбасындағы тәрбие қандай болуы керек?
Қызыл түстілердің тапсырмасы:
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Отбасындағы ана жылуы
Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы»Адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған» деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады Қазақтар қыздарын ерте күйеуге беруін «тұзды көп сақтама су бұзар, қызды көп сақтама сөз бұзар» деген ел арасында тараған мақалмен түсіндіреді. Қазақтың «қайын енесінің топырағынан жаралған» деген келінге қатысты сөзінің  астарында, ене тәрбиесін жалғастырған келіннің мінез-құлқы жатыр. Келін күйеуінің туыстарының үлкен-кішісіне қарамай, ат теріп, аттарын атамаған, тіпті күйеуінің де атын атамаған. Ертедегі шаруаның негізі мал өсіру, егін салу болғандықтан осыған қатысты сыртқы жұмыстарды ер адамдар атқарса, тамақ дайындау, киім тігу, жүн сабау, киіз басу, жіп иіріп алаша, кілем тоқу тәрізді әртүрлі тұрмысқа қажетті бұйымдарды тігу, мал сауу, кір жуып, үй жинау, көшіп қонған кезде тең буып, оны шешу, үй жығып, оны тігу және жас балалар мен қартайған ана-енесіне қарау сияқты үй ішінің ұсақ-түйек шаруасы түгелдей әйелдер мойнында болады. Әсіресе, ақылды, парасатты, тәрбиесі жоғары әйел тек еріне ғана емес, сонымен бірге бүкіл ауылға да өзінің ықпалын тигізген. Үлкен-кішіні бірдей сыйлап, қажет жерінде жарасымды әзіл айтып, барлық шаруаны атқарады. Қазақ отбасында ең алдымен әйел салтанатына көп көңіл бөлген. Алайда аты аңызға айналған ақылды да, тапқыр аналардың ісін кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде әңгіме-жыр еткен туындылар халық ауыз әдебиетінде өте жиі кездеседі.
2-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша мәтінді өзара талқылаңыз.

Сіздердің ойыңызша отбасындағы ананың рөлі қандай?
Ана мен бала арасындағы қарым-қатынас қандай болуы керек?
 
Сары түстілердің тапсырмасы:
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Отбасындағы әкенің орны
Отбасындағы әкенің алатын орны – асқар таудай тұлға. Әкенің жалт етіп қарауынан сескенетін әйел де, бала да сол үйдің тыныштығы мен бейбітшілігін, берекесін сақтайды. «Әкеге қарап ұл өсер» деген халық даналығы, бала тәрбиесіне әке жауапкершілігінің үлкендігін көрсетеді. Әкенің үлгі боларлық қасиеттері отбасын алға ұмтылдырып, жетелеп отырады. Әрбір отағасы өз міндетін біліп, отбасы өмірін сақтап, рухани байытып, үй-ішінің береке-бірлігін ойлап отырады. Әке – таным тірегі, табыс табушы, қамқоршы, қорғаушы, салмақты сөйлейтін, дөрекі сөз айтпайтын, шылым шекпейтін, арақ ішпейтін, жанұяға адал болатын жан. Көп балалы үй, отбасында берекелі келеді. «Қызға қырық үйден тыйым» деген халық мәтелінің тәрбиелілігі, қыз ажары, қыз абыройы баға жетпес қазына. «Ұлың өссе – ұлы жақсымен, қызың өссе – қызы жақсымен жолдас бол» деген халық даналығы орынды айтылған. «Адамды жолдасынан таны» деген мақал айқындап көрсетіп тұрады.
Әке — деген биік шыңы адамның,
Әке — деген тірегі ғой ғаламның,
Әке — деген бойыңдағы қаның да,
Шыққан тегің, ол-негізің, жаныңда.
Шығыс халқында «Әкеден асқан дана жоқ, әкеден асқан пана жоқ» деп тегін айтпаған. Әке тұлғасы -болашақ үшін үлгі көрсетерлік отбасының тірегі.
2-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша мәтінді өзара талқылаңыз.

Отбасындағы әкенің рөлі қандай ?
2.     Қазақ отбасындағы ер адамның орны?

 
Ақ түстілердің тапсырмасы:
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
           Қазақ отбасындағы дәстүрлік тәрбие
Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Ал моральдік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз — адамгершіліктің асқар шыңы. Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталады. Адамгершілік негізі – имандылық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады. Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған. Ер балаларға үлкендерге қос қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап жол беруді, жасы үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық, кішіпейілділік қағидаларын үнемі сіңіруменболған.  Жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызға ие. Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді . Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұң-мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді. Бүгінгі ұрпақ-еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз –қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға өсіру. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өсіреді . Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы бабаларымыздың өнеге-өсиетін сабақта ұтымды пайдалана білуімізге де байланысты деп ойлаймын.
2-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша мәтінді өзара талқылаңыз.

 

Қазақ отбасындағы ұлттық тәрбие дегенді қалай түсінесіздер?
Ұлттық тәрбие қазіргі жас отбастарында кездесе ме?

Өзара талқылап болсаңыздар, әр топтан  1 тыңдаушы мәтіннің тақырыбын ашсын.

Алмасу. Әр үстелдің бірінші нөмірлі тыңдаушылары тұрыңыздар, сағаттың тілі бойынша ауысып келесі үстелге отырыңыздар.

2-тапсырма. Берілген жағдаят бойынша  өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
 
 
                                              Жағдаят
 
Жасыл түстілердің тапсырмасы:

Жаздың әдемі бір күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі егілген ағаштарды көреді. Ағаштарға қарап тұрып әкесі баласынан былай деп сұрайды: “Мына ағаш  тіп-тік, ана ағаш неге қисық біткен?”
 
Қызыл түстілерге тапсырма:
 
“Ана сүтін анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың” дегенді қалай түсінесіздер?
 
Сары түстілерге тапсырма:

Бірінші баласынан: «Кімнің қателігінен сабақ аласың, балам?», деп сұрапты атасы. «Өзімнің», деп жауап беріпті ол. Сонда сол сұрағын атасы екінші баласына қойғанда, ол: «Басқа ақылды адамдардың қатесінен сабақ алар едім, ата!», деп жауап берді. Сонда атасы: «Онда сенің келешегің бар екен, әр кез жолын болсын, балам!», деп, батасын беріпті.

Ақ түстілерге тапсырма:

Бір бұзық баланы көріп, Абай атамыз былай деген екен: «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі ата анасынан, екіншісі ұстазынан, үшіншісі құрбысынан.»
Алмасу. Әр үстелдің екінші нөмірлі тыңдаушылары тұрыңыздар, сағаттың тілі бойынша ауысып келесі үстелге отырыңыздар.

Өркениетке қадам бастық десек те, қоғамда етектен тартатын өрескел жәйттер аз кездесіп жатқан жоқ. Соның бірі — тастанды балалар тағдыры.«Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған» бейнематериал көріп, әр топ берілген мәтін тақырыбына сай ойларыңызды ортаға салыңыздар.

3-тапсырма. Әр топтан бір тыңдаушы өз тақырыбына сай ойын ортаға салсын.
 
Алмасу. Әр үстелдің үшінші нөмірлі тыңдаушылары тұрыңыздар, сағаттың тілі бойынша ауысып келесі үстелге отырыңыздар.
 
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына берілген сандарды жазбаша жаза отырып, мақал-мәтелдерді тауып, мағынасын түсіндіріңіз.

2                                      4
… аяқтыда бажа тату,  …. аяқтыда бота тату.

3
… ағайынды жігіттің отарда малы бар,
2
… ағайынды жігіттің мойында талы бар.
1                        2
… жақсы қыз — … жаман ұлға татиды.
6
…  ұл туған ананы —
Ханым десе болады,
Кезек сыйласқан ағайынды —
Жаным десе болады.

3
…  ағайынды жігіттің отарда малы бар,
2
…  ағайынды жігіттің мойында талы бар,
Жалғыз жігіттің шығар шықпас жаны бар.
7
…  атасын білмеген  — жетімдіктің белгісі.

5
…  саусақ бірдей емес.

2
Бас …  болмай,
2
Мал …  болмас.

1000
…  жүзін білгенше,
1
…  атын біл.
40
Қызға  … тыйым.
4
… түгел болса, аспандағы келеді.
6
… ала болса, ауыздағы кетеді.

Ағайын – 6,  ана — 1.

Алмасу. Әр үстелдің төртіншілері тұрыңыздар, сағаттың тілі бойынша ауысып келесі үстелге отырыңыздар.

5-тапсырма. «Кім тапқыр»
І  Мақал-мәтелді жалғастырыңыз.
1. Ел болам десең …….            бесігіңді түзе.
2. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
3. Ата даңқымен ұл өтер,
Ана даңқымен қыз өтер.
4. Әкең барда ел таны, көріп жүріп,
Атың барда жер таны, желіп жүріп.

ІІ  Туыстық атауларды білесіз бе?
1. Баба – арғы ата, үлкен ата

2. Ажын – қайын інісінің әйелі
3. Қарсы құда – ұлы мен қызын бесіктегі кезінде атастырған құдалар
4. Шөпшек – шөбереден туған бала
ІІІ  Берілген сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем құраңыз.
Сөз                                   Сөз тіркесі                       Сөйлем
Отбасы                            Үлгілі отбасы               Үлгілі отбасының мүшелері
Туыс
Тәрбие
Қазақ
Бала

Сабақты бекіту: Тренинг «Шаңырақ»

Құрметті тыңдаушылар мына шаңырақтың  әр уығында   отбасы туралы жазылған нақыл сөз немесе мақал-мәтелді бірге оқып шығайық.
 

 

 

Алтын ұң – Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат,
Аймалайтын – анаң қымбат,
Асқар тауың – әкең қымбат.

2.Туған үйдің түтіні жылы,
Туған ананың күтімі жылы.

3. Ана – барлық көркемдіктің үлгісі.

4.  Анада үш бақыт бар: ожданы, бөбегі, ізгі еңбегі.

5. Отбасынан басталған әділеттік, отау құрғанда да қалады.

6. Әкенің «батырым», шешенің «құлыным» деген сөзін естіген балада жақсы сезім туып дамиды.

7. Отбасын құрып, отау көтеру өзара түсінушіліктің үлгісі.

8. Әйел күндіз – күн, түнде – шырақ.

9. Бірінші көрнекілік – отбасы, ошақ қасы.

10. Отбасы ар-намыс, қуаныш пен бақыт, тілек пен үміт ұясы.

11. Бала тәрбиесі – бесіктен.

12. Ана алдында – құрмет
Ата алдында – қызмет.

  • Осындай байтақ елімізде қазақ жастары шаңырақ көтеріп, иманды отбасы көбейе берсін деген тілекпен сабағымызды аяқтаймыз.
  •  [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *