Басы » Баяндамалар » ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҚИЫН ЖЕТКІНШЕКТЕРДІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫН ЖҮЙЕЛЕУ

ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҚИЫН ЖЕТКІНШЕКТЕРДІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫН ЖҮЙЕЛЕУ

ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ  ҚИЫН ЖЕТКІНШЕКТЕРДІ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫН ЖҮЙЕЛЕУ

Тулешова Гүлсая Мұратханқызы

Батыс Қазақстан облысы

МДЖОжТКББҰҰ облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері

   Оқу-тәрбие ісінде қиын балаларға педагогтар мен психологтар ерекше назар аударуда. Кімді болса да қиын бала деген кім, ол қалай пайда болады деген сұрақ толғандырады. Міне, сол үшін пайдасыз әдістердің зиянды салдарын түзеу үшін жан-жақты ойластырылған, ғылыми негізделген психологиялық-педагогикалық жүйе болуы керек. Қалыпты отбасынан «қиын» бала шыға қоймайтыны белгілі. Алайда, Л.Толстой жазған: «барлық бақытты отбасылар бір-біріне қандай ұқсас болса, әрбір бақытсыз отбасы бір-біріне ұқсамайтын әрқилы бақытсыз», десе ал ұлы Абайдың сөзі қайта тәрбиелеу ісін жігермен бастауға дем береді: «баланы ең алдымен қоршаған ортасы, көшесі тәрбиелейді», — деп тұжырымдайды.

Психолог-педагог ғалымдар А.Выготский, П.Блонский «қиын» балалар мәселелерін жан-жақты зерттей отыра зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша «қиын» балалардың шығуына үш фактор себепші болады деп көрсетеді:

Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, тұрмыстағы ұрыс-керіс, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы.

1.Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер, яғни жеке оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыласын, қызығуын, талап-тілегін ескермеу.

2.Жұртшылықтың, қоғамдық ортаның тәрбие үрдістеріне дұрыс көңіл бөлмеуі.

«Қиын» балалар кім және оның нақты анықтамасын қалай тұжырымдауға болады деген сұраққа ғалым психологтардың  зерттеу нәтижесінде көздері  жеткен мәселелеріне сүйенуге болады. Мәселен: В.Трифанов зерттеулеріндегі  «қиын» бала анықтамасы – күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық  еңбегін қажетсінетін оқушы. А.Фортунов «қиын» бала ұғымына үлгірмеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады. В.А.Сухомлинский қиын балаларға тән мінез ызалылық, ашуланшақтық, дөрекелік, бірбеткейлік, ұрыс-жанжалға жақын, айқай-шу шығарып айналасындағыларға маза бермейтіндер, теріс ықпалға тез түсетіндер тобын жатқызады. Қиын бала дегеніміз П.П.Блонскийдің пікіріне жүгінсек, қиын оқушы мұғалім еңбегінің өнімсіздігінен туындайды. Л.С.Выготскийдің ойынша оқушы қиындығының негізінде баланың өсу жолындағы өтпелі шақтың аномаль құбылыстары жатады деп тұжырымдайды.

«Қиын» баланың шығу себептеріне XX ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялылары мен ағартушылары да назардан тыс қалдырмаған.  Мәселен, Ж.Аймауытов, Ә.Жұмабаев, мектептің «қиын» оқушыларымен жұмыс жүргізу жүйесін жасады. Сондай-ақ ғалым-педагог Л.К.Керімов «қиын» балаларды жеке және топтап қайта тәрбиелеу бағдарламасын ұсынды.

Ғалымдардың анықтамасына сүйенсек, «қиын» балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, қозу күйін дәрі-дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәрбие бұзушы жасөспірімдер жатады.

Жеткіншектер аса еліктегіш келеді. Әке, шеше және отбасының басқа да мүшелері жеткіншектерге тек сөз арқылы ғана емес, жеке бастарының өнегесімен, іс-әрекетінің үлгісімен ықпал етеді. Осы ретте тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін отбасылық  жағдайды мектеп өмірімен ұштастыру қажет. Кейде отбасының көп жыл бойы балаға жасаған ықпалы, оны қоршаған ортаның қоғамдық әсерінен басым түсуі әбден ықтимал. Сондықтан, отбасы тәрбиесіне теріс ықпал ететін жағдай жеткіншектің бойында ұнамсыз қасиеттердің болуына, қоғамға жат ой-пиғылдардың  қалыптасуына әсер ететін басты себептердің бірі болып  табылады. Елдегі эканомикалық-әлеуметтік жағдайдың нашарлауы отбасындағы күнкөріс, тіршілік ету жағдайына өз ықпалын тигізеді. Отбасындағы мұндай келеңсіздіктер балалардың оқуға бармай, дала кезіп, ұрлық, кісі тонау секілді қоғамға жат қылықтармен айналысуына әкеп соғады, нәтижесінде мектеп өмірінде мінез-құлқы күдік келтіретін «қиын» деген балалар қалыптасады. «Қиын» балалардың тағдырына қазіргі күнде қоғам, мемлекет ұйымдары ерекше көңіл аударып келеді.

ҚР-ның 2004 жылғы шілде айында қабылданған «Кәмелетке жасы толмағандар арасында заң бұзушылықтың алдын алу және балалар арасында қаңғыбастықты болдырмау» заңындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты:

  • кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық санасын және мәдениетін қалыптастыру жөніндегі мақсатты жұмысты қамтамасыз ету;
  • кәмелетке жасы толмағандармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу үшін құқықтық негіздерді қалыптастыру;
  • кәмелетке жасы толмағандар ата-аналарымен және басқа да заңды өкілдерімен өзара қарым-қатынас жасау;
  • балаларды оқыту , тәрбиелеу, емдеу, спорт және өзге де мекемелермен тиісті дәрежеде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • кәмелетке жасы толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу;
  • балалардың дене бітімі, зияткерлік, рухани және имандылық дамуына, оларды патриоттыққа, азаматтыққа және бейбітшілік сүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал етуден тұрады.

Ғылыми деректерге қарағанда, тәрбиесі қиын балаларда байқалатын белгілер: біріншіден, анамальды қажеттілік, екіншіден, тұрақты жаман қасиеттердің жиынтығы, үшіншіден, ата-аналарымен немесе мұғалімдермен тұрақты егесу жағдайлары, төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзін-өзі түзетуге қабілетсіздігі.

Белгілі психолог ғалым К.К.Платонов жеке адамның психологиялық болмысын төрт салаға бөледі:

  1. Баланың темпераменті және жыныстық ерекшеліктері мен жас ерекшелігі (физиологиялық ерекшеліктер);
  2. Жеке адамның дамып қалыптасуына негіз болатын психологиялық құбылыстар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығушылық, мінез, әдет- биологиялық ерекшеліктер;
  3. Баланың күнделікті өмір тіршілігі, білімі, әдет-дағдысы, икемділігі;
  4. Ұстанған бағыттары мен адамгершілігі.

Негізінен, барлық мәселе ата-аналар тарапынан баланың бос уақытының орнықты пайдаланбаудан, тұрмыстың нашарлығы мен отбасындағы қақтығыстардан бастау алады. Ата-ананың жылуынан, сүйіспеншілігінен, ыстық ықыласынан айырылған балалар көшесінің қағидасымен өмір сүруге бейімделеді. Қылмыстық жолға түседі.   Жасөспірімдердің осындай келеңсіз оқиғалардан  аулақ болуын жан-жақты тұрғыда қарастырып, бірлесіп іс-әрекет жасағанда ғана іске асыруға болады. Осы орайда қиын жеткіншектерді қайта қалпына келтіру орталығында және жалпы білім беретін орта мектептерде психологиялық қызметті ұйымдастыруды жүйелі жолға қойса, мектеп психологы ата-аналармен және мектеп инспекторларымен етене жұмыс жүргізсе, қиын бала мәселесі біршама орнымен шешілуі мүмкін болар еді деп ойлаймыз. Осытұрғыда біз төмендеқиын  жеткіншектерді  қайта қалпына келтіру орталығында психологиялық қызметті ұйымдастырудың құрылымдық жүйесін ұсынып отырмын:

Қиын  жеткіншектерді  қайта  қалпына  келтіру  мақсатында  психологиялық қызметті  ұйымдастырудың  құрылымдық  жүйесі

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Выготский Л.С. Проблемы возраста. П.С.С. Т.4. М,.1982.
  2. В.Г.Баженов, В.П. Баженова. Психолого-педагогическая диагностика и коррекция девиантного поведения школьников. Тараз, 2003.
  3. Л.С. Байсеркеев. Нравственные основы правового воспитания школьников. Алматы, 1999.
  4. //Сыныптағы тәрбие  . №5-2004ж. 12б.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *