Басы » Кембридж бағдарламасы » Білім мазмұнына жаңалық енгізудің маңыздылығы (Коучинг жоспары)

Білім мазмұнына жаңалық енгізудің маңыздылығы (Коучинг жоспары)

people23

Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№21 орта мектеп
Рысбаева Ғалия Серікқызы
Білім мазмұнына жаңалық енгізудің маңыздылығы

«Б е к і т е м і н»

 

мектеп басшысы

 

___________

 

Болатын уақыты: 22.02.2013ж. 
Тақырыбы: Білім мазмұнына жаңалық енгізудің маңыздылығы. 
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық, слайд  
Жалпы мақсаты: Бағдарламаның мақсаты мен міндетін түсіндіре отырып, мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету. 
Оқу нәтижесі: Бағдарламаға қызығушылығын ояту. Мұғалімдердің оқыту мен оқудағы тәсілдерді өзгерту үрдісінің пайда болу себебін түсіндіру. 
Түйінді идеялар: Мұғалімдердің кәсіби дамуын арттыра отырып нәтижелі оқытуға бағыттау. Белгілі бір тапсырмаларды орындау мақсатында мұғалімдердің шағын топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игеруі. 
Жаттығулар:
  1. Сергіту сәті (5 минут)

Коучингке қатысатын адамдардың психологиялық ахуалын, оларды алаңдататын мәселелердің сипаты мен табиғатын ойлаңыз. Қатысушыларға анимациялық бейнеклиптегі кейіпкерлердің әрекеттерін қайталай отырып, билету.

http://youtube.com «Cute Froggy Dance.mp4»

 

2. Топқа бөлу (1 минут)

Қатысушыларды стикерлер арқылы шағын топтарға бөліп, шағын топтарда жұмыс істеу артықшылықтары мен ерекшеліктерін көрсету.

Топтық жұмыс туралы нұсқаулық

 

3. Бейнежазба «Әлем өзгереді – мен де өзгеремін» (7 минут)

Бейнежазба көрсету арқылы Кембридж бағдарламасынының мазмұны мен мақсаты, педагогикалық шеберлік орталығы мен Назарбаев зияткерлік мектебі туралы қысқаша мәлімет беріледі.

http://youtube.com «Әлем өзгереді – мен де өзгеремін»

 

4. Презентация «Жеті модуль – жеті әлем» (15 минут)

Презентация арқылы диалог ұйымдастырып, қатысушылардың жеті модуль туралы пікірлерін тыңдау.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық , ІІ деңгей

 

5. Топтық жұмыс «Он жетінші қара сөз» Абай. Ойтолғау

Топтық жұмысты бақылау (3 минут)

Шағын топтарда жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері.

 «Абай» ІІ том, Алматы, «Жазушы» 1995

 

6. Мағынаны ашу (15 минут)Мұғалімдердің пікірлерін талқылау және топтағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында топта жұмыс істеу нұсқаулығын қолдана отырып, не орындау қажеттігін шешу. Қатысушылардың белсенділігін арттыра отырып, тақырыпты өздері ашуына мүмкіндік беру

 

7. Бағалау, қорытындылау (10 минут)

Тақырыпқа тұжырым жасау, топтарды бағалау. Бейнежазба мен таныстырылымды талқылау үшін ұстаздардың топтарда бірлесе жұмыс істеу қорытындысы.

Топтық жұмысты бағалауға арналған кесте

 

8. Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? (6 минут)

Мультфильм үзіндісін көрсете отырып, қатысушылармен диалог ұйымдастыру.

9. Рефлекция (2 минут)

Мұғалімдердің пікірлерін стикерге жаздырып, арнайы суретке жапсыру және топтағы жұмыстың тиімділігін кері байланыс арқылы білу.

(Мақсаттың SWOT талдауы)

 

Ресурстар: ДК, флипчарт, А3 форматы, стикерлер, фломастер, бейнежазбалар 
[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *