Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Ш.Мұртаза. «Тұтқын бала» («Қызыл жебе» романынан үзінді)

Ш.Мұртаза. «Тұтқын бала» («Қызыл жебе» романынан үзінді)

№24 Тұрар Рысқұлов  атындағы орта мектебі

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі:

Туленова Айгул Байзаковна

Күні: 18.02.2016 ж.

Тақырыбы:

Пәні: қазақ әдебиеті                   Сыныбы: 6а

Ш.Мұртаза. «Тұтқын бала» («Қызыл жебе» романынан үзінді)

Сабақтың мақсаты: а) білімділік – көркем шығарманы әдебиет теориясы тұрғысынан талдай отырып, әрбір оқушының өз тапсырмасын орындауына қолайлы орта туғызу;

ә) тәрбиелік – кейіпкер тағдырына ортақтаса отырып, сезімді, төзімді,

қайырымды болуға, адамды құрметтеуге, әсемдікті тани білуге, адамгершілік пен сүйіспеншілікке баулу, ұлтжандылыққа елін, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу;

б) дамытушылық – шығармашылық ізденісін шыңдау, сөйлеу мәдениетін, оқу, талдау дағдыларын қалыптастыру, іскерлік белсенділігін арттыру.

Сабақтың міндеттері: мазмұнға байланысты – 1) шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу, мазмұнын толық меңгеру; 2) оқушыларды шығарманы әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға үйрету; 3) өз бетінше ізденуге баулу;

СТО-ға байланысты – кейіпкерлер әрекетін бағалай білу; шығарманы бүгінгі өмірмен салыстыру; өзіндік көзқарас, пікірін қорғауға бағыттау;

топқа байланысты – әр оқушының жеке, жұптық, топтық жұмысы, өз

пікірін қорғайды, спикерлер нұсқауларын орындайды.

Күтілетін нәтиже Шығарма мазмұнын, идеясын ашады, ақпараттарды өз сөзімен жүйелі жеткізе алады, мәтіндегі оқиға арқылы бала Тұрардың қатал тағдырын біліп, қазақ елінің бастан кешкен қиын өмірін түсінеді. Сол кездегі балалар өмірі туралы мағлұмат алады. Мәтінді талдай отырып шыдамдылыққа, адамгершілік пен төзімділікке, қайырымдылыққа үйренеді. Шығарманы өмірмен

байланыстырып, салыстырып өз толғанысын айтады.

7 модульдің қолданылуы “АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”,“Жас ерекшеліктеріне сай оқыту”
Қолданылатын әдіс-тәсілдер СТО стратегиялары «Ойшақыру», «Әдебиет үйірмесі», «Кейіпкерге хат жазу».
Қолданылатын ресурстар Автордың шығармалар көрмесі, буклеттер, интерактивті тақта, слайд, флипчарт, үлестірмелі қағаз, маркер, тапсырмалар парағы, стикер т.б.
Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

1.      Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

2.       «Шаттық шеңбері» тренингі: Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын.

Жеті күннің әр кезі,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

3.      Топқа бөлу. («Тұлпар», «Сұңқар», «Қыран» тірек сөздері арқылы сынып оқушылары 3 топқа бөлініп отырады). (15 оқушы 5-5-тен отырады)

4.      «Бағалау парағы» таратылады.

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

«Бағалау парағы» арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

1-топ «Тұлпар»

2-топ «Сұңқар»

3-топ «Қыран»

 

Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білу

 

 

 

 

 

 

 

Қызығушылық

тарын  ояту

Үй жұмысы: «Деректер сөйлейді» тапсырмасы. (Слайд арқылы Ш.Мұртазаның өмірбаяны мен шығармашылығын айтып береді).

І саты. Ойшақыру:

1.«Тұтқын» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2.«Тұтқын бала» деген кезде ойларыңа не келеді?

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру.

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен  тапсырманы орындау.

 

 

 

 

Жетелеу сұрақтары арқылы жаңа сабаққа қадам жасау

Оқушылар топпен ақылдасып жеке-жеке сұраққа жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

Әр оқушы жеке, жұппен, топпен  жұмыс жүргізіп, өз ойларын ортаға салып, топ ішінен ең сөзге жүйрік оқушыны ортаға шығарады. (Өз ойын ортаға салғанда мәнерлі, көркем сөйлеуі қажет.

Түсіну ІІ саты. Мағынаны ажырату. Берілген тапсырмалар арқылы оқушыларға рөл бөлініп беріледі. Рөлдегі оқушылар-дың қызметі жайлы түсіндіріледі:

1.Баяндаушы (Шығарма мазмұнын қысқаша баяндайды).

2.Сілтеме табушы (Шығарманың ең қызық жерін табады. Оны неге қызық деп тапқанын түсіндіреді)

3.Ізденуші (Тақырып туралы мәлімет жинайды. Тұтқын және түрме өмірі туралы мәлімет).

4.Із қуушы (Кейіпкер ізін қуалайды, кейіп-кердің түр-түсін, мінезін,әрекетін суреттейді, кейіпкер іс-әрекетіне өз бағасын береді).

5.Сөзтапқыш (Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен бейнелі сөздерді, тақырыпқа қатысты мақал-мәтел не афоризмдерді табады).

6.Дәнекер (Шығарманы өмірмен байланыстырады).

7.Бейнелеуші-суретші (Оқиға желісімен сурет салады. Ең маңызды оқиғаны көрсете білу керек).

8.Сұрақ қоюшы (Шығарма негізінде сұрақтар қояды):

1.Автор әңгімені неге «Тұтқын бала» деп атайды?

2.Оқу барысында қандай сезімде болдың?

3.Бала Тұрардың тағдыры арқылы автор бізге қандай ой тастайды?

4.Шығармада қандай шиеленіскен жағдайлар бар?

5.Автор сені қалай қызықтырды?

6.Автор өмір туралы нені анықтайды?

7.Әңгіменің негізгі идеясы не?

8.Сендер әңгімеге қандай тақырып қояр едіңдер?

9.Шығармадағы барлық мәселелерді қалай шешер едіңдер?

10.Өзіңді қай кейіпкерге ұқсатар едің?

11Шығарма саған нені үйретті?

1.      Мәтінді еске түсіру;

2.      Әркім өз рөлін орындайды, жеке жұмыс істейді;

3.      Жұппен талқылау;

4.      Ойды ортаға салу, жариялау.

 

 

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу, жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау.
Қолдану  ІІІ  саты.

Ойтолғаныс.

1-топ. Кейіпкерге хат жазу. Хаттың мазмұнын баяндау;

2-топ. «Әкеге қарап ұл өсер», «Әке көрген оқ жонар» деген тақырыптардың біріне

шығарма жазу;

3-топ. «Венн диаграммасы» Бала Тұрар мен Тұрар Рысқұловты салыстырады.

Оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жасау Оқушылар топпен жұмыс жасайды, топтан бір адам ортаға шығып баяндайды.
Сергіту сәті «Көңілді күн» атты жаттығу жасайды Оқушылармен бірге бейнероликтегідей қимылдарды жасау. Оқушылар бейнероликте көрсетілген қымылдарды қайталап, бірге жасайды.
Талдау Ш.Мұртаза.  «Тұтқын бала» үзіндісіне байланысты постер қорғау Топтарға Бала Тұрар әңгімесінің желісі бойынша постер жасау тапсырылады Берілген тапсырманы А3 форматты қағазға түсіру, тақтаға шығып қорғау.
Жинақтау Автор орындығы

«Бала Тұрардың болашағы» тақырыбында өз қиялдарымен әңгімені аяқтау

 

Білім туралы топ бойынша Эссе жазу, жинақтайды, бір-бірін бағалайды Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізу
Бағалау Өз пікірін дәлелдеу.

Тұрар өзі айтпақшы, ол саналы түрде екі қылмыс жасады. Қандай қылмыс? Тұрар әрекетін қалай бағалайсыңдар? «Атадан асыл ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді». Демек Тұрар Рысқұлов туралы айтар сөз әлі де көп…

 

Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек Әр топ бағалау парақшасына өздерін бағалайды
Рефлексия Стикерлерді толтыру

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген көзқарасын стикерге жазып, тақтаға іледі ББҮ кестесін толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыру
Үйге тапсырма 1.“Тұтқын бала” әңгімесіне сюжеттік талдау

2. Әңгімені толық оқу.

3. Жұмыс дәптерін толтыру.

 

   
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *