Басы » Өзін - өзі тану » Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты

ЗОЖ

Жақсы №1орта мектебі 

Ғазез Ж.С

Тақырып : Салауатты өмір салты

Құндылық:  Ақиқат  Қасиеттері:   Тәртіптілік, өзіне сенімділік,жігерлік, қайрат, зиянды нәрселерден қашық болу.

 

Сабақ мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстанудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, шынайы болмысын
іздеуіне үйрету. Міндеттері:

1. Салауатты өмір салтының мәнін түсіндіре отырып, өмірдің шынайы ақиқат  екендігін  ұғындыру.

2.  Өзіне сенімділік, қайрат, жігерлік қасиеттерін дамыту;

3. Салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды нәрселерден қашық болуға  тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

слайд, өлеңнің аудиодискісі.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

  Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

  1. Үй тапсырмасын тексеру №11.  

1)  В.Ягодинскийдің мәтінін оқып, мазмұнын айту. 42 бет

2)  Зиянды заттардың адам ағзасына тигізер әсері туралы мәліметтер жинап келу.

Сұрақтар:

  • Мәтіннің ең басты ой  неде?
  • Зиянды заттар адам өміріне қалай әсер етеді?
  • Жинақтаған  әңгіме, мәліметтерден  қандай ой қорытар едің?
Сабақ барысын талдау:
  1. Дәйексөз.

                «Кім ақыл мен ақиқатқа сенсе, оны ешқашан да қиындық мойыта алмас» ( Белинский) (оқушылар талдап болғасын  2 рет қыздарға айтқызу  2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге   4рет айтып шығады)

  1. Әңгiмелеу  Зиянды әдеттер

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек.

Статистикалық мәліметтер бойынша планетада ересектердің 40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен.

Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен.

Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.

Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.

Досың спорт, таза ауа, өсімдік.

Ала жүріп, осылардың сыйлығын –

Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.

Оқушылар ендеше сіздерге арнайы өзіміздің мектебіміздегі     6-сынып оқушысы Хамит Айжан  келіп отыр, өзінің сіздерге  арнаған ертегісін айтып береді.

Темекінің дос іздеуі

Баяғы бір заманда темекі өмір сүріпті. Ол өте өзімшіл екен. Онымен ешкім дос болғысы келмейді. Содан ол  өзіне дос табуға  сапарға шығады.  Ол миға кездесіп, өлеңдетіп:

Ашуыңды басатын,

Көңіл -күйіңді ашатын

Темекі деген мен болам.

Менімен дос болуға қалай қарайсың?

-дос болғым-ақ келеді бірақ сенімен дос болсам қанайналымым төмендейді, мінез-құлқым да өзгереді. Сондықтан да мен сенімен дос бола алмаймын депті.

Сонда темекі:

-дос болмасан болмай-ақ қой! –деді де ауыз қуысына барады.

Өлеңдетіп:

Ашуыңды басатын,

Көңіл- күйіңді ашатын

Темекі деген мен болам.

Менімен дос боласың ба? –деді темекі.

-жоқ мен сенімен дос болғым келмейді. Сен менің тістерімді  құртасың – дейді.

Темекі мысқылдап, сенен де басқа дос табылады- деп жолға шығып кетеді.

Жолда келе жатып, Өкпені көріп, тоқтай қалып өлеңдете жөнеледі:

Ашуыңды басатын,

Көңіл -күйіңді ашатын

Темекі деген мен болам- деп, мақтанды темекі.

-менімен дос болуға қалай қарайсың?

— жоқ, мен сенен зиянды көп көремін. Сенің түтініңнің  бір тамшысы жылқыны өлтіруге күші жететін никотин бар. Тіпті мені де қатерлі ісікке апарасың. Дүниежүзінде әр бір минут сайын  бір темекі шегетін  адам қайтыс  болады. Кешір депті өкпе.

Туф-деп, өңі бұзылып, темекі жүрекке барады.

Жүректі көре сала темекі өлеңдете жөнелді.

Ашуыңды басатын,

Көңіл- күйіңді ашатын

Темекі деген мен болам.

-Менімен дос болуға қалай қарайсың?

-Жоқ, кешір мені сенімен дос бола алмаймын. Сен өзімшілсің және  сенен маған  зиян келеді, тез қажимын, жылдам істен шығамын, ақыр соңында өмір сүруім тоқтайды- депті жүрек. Сондықтан да сенімен дос бола алмаймын.

Темекі жолда діңкесі құрып келе жатып, теріні көре сала  қуанып, өлеңдете жөнеледі:

Ашуыңды басатын,

Көңіл -күйіңді ашатын

Темекі деген мен болам-деп өзін мақтай бастайды.

-Өкінішті- ақ, бірақ сенімен дос бола алмаймын-депті. Сенің кесіріңнен өз жасымнан үлкен көрінемін, әжімдер көбейіп тез қартайамын. Сондықтан да жөніңе жүре бер- депті тері.

Темекі  бәріне ренжіп келе жатып, адамға жолығады.

«Ей, адамзат сен мені қасыңнан қалдырмай, досың ретінде еріте аласың ба?»- деп жалына бастайды темекі.

-Жоқ. Сен бәріне де зиян келтіресің. Көрдің бе, сенімен ешкім де дос  болғысы  келмейді. Мен өз таңдауымды жасадым, сенің орның қоқыста!- деп адам оны лақтырып жібереді.

 

Сұрақтар:

  • Бұл ертегіден  қандай ой қорытар едің?
  • Зиянды әдеттерге қарсы сіздің  де өз ойлаған жоспарыңыз,  ізденіс жұмыстарың бар ма?
  • Зиянды әдеттерге жол бермеу туралы достарыңа айтар ұсыныстарың қандай?

 

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1) тапсырма. Фильмнен үзінді көру, ойларын айту.

1) Алкоголь (Ішімдік)

2) Темекі

Сұрақтар:

  • Адамдарды  алкогольге, темекіге итермелейтін не нәрсе деп  ойлайсыңдар?
  • Ішімдік пен темекі  адам өміріне тигізетін зияны туралы не айтар едіңдер? Мысалы?
  • Ерік-күші әлсіз, рухани дүниесі таяз адамдар әркез осындай әрекеттерге барады, кейін өкініп жатады, бұл дұрыс па?
  • Осындай әрекеттер адамдық қалыптан айырады деген сөзге келісесіңдер ме? Неліктен?
  • Осы бейне фильмнен қандай ой түйдіңдер?

2) тапсырма. Оқушылар мына сұрақтар арқылы пікір аламасады.

— Мен кіммін?
— Менің өмірдегі мақсатым не?
— Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?

3) тапсырма. Өлең шумағын құрастыру.

 Салауатты өмір салтын ұстану үшін ең алдымен бізде не болу ерек? (Ақиқат)

 (Балалар шығармашылығы)

1-ші топқа

Ақиқат-ол………………………..

Ақиқат-ол………………………..

Ақиқат-ол…………………………

Ақиқат-ол……………………….

 

2-ші топқа

Ақиқат-ол ……………………………

Ақиқат-ол………………………….

Ақиқат-ол…………………………..

Ақиқат-ол………………………….

 

3-ші топқа

…………………………. тастайық,
…………………………. бастайық
………………………………………..
…………………………. сақтайық!

 

(Өз шығармашылығымнан айтып беру)

Ақиқат-ол барлығының бастауы,

Ақиқат-ол ойыңның түп тамыры,

Ақиқат-ол ойыңның дұрыстығы,

Ақиқат-ол сөзіңнің келістігі,

Ақиқат-ол жүректердің үні,

Ақиқат-ол шындықтың түрі,

Ақиқат-ол Ар-ұжданның белгісі.

Ақиқат-ол шынайы адамның болмысы.

 

  1. Топпен ән айту.

           Ертеңіме сенемін!

                  Сөзі: Роза Рымбаева

Өмірімнің мәні — өлеңім,
Жайқалған нұр жасыл желегім.
Мен өміріме, өлеңіме
Сенемін, сенем…

Жайқалған нұр жасыл желегім,
Ертеңім деп табар қорегім.
Мен ертеңіме, ертеңіме
Сенемін, сенем…

Сенемін,
Бақытқа бастайтын жолға,
Арманым жетелер алға,
Тағдырдың тезіне көнемін, көнем…
Көнемін,
Ыстығы, суығы қатар,
Жаныма аяздай батар,
Ғажайып ертекке ертеңгі сенем…

Еркемін мен, ойлар ертеңін
Мәңгіліктің жырын өркеп ем
Мен жырларыма, нұр бағыма
Сенемін, сенем…

Өлмесін деп жаяр өркенім,
Өмірімнің күйін шертемін
Ертеңім — менің ертегім,
Ертеңіме сенем…

Сенемін,
Бақытқа бастайтын жолға,
Арманым жетелер алға,
Тағдырдың тезіне көнемін, көнем…
Көнемін,
Ыстығы, суығы қатар,
Жаныма аяздай батар,
Ғажайып ертекке ертеңгі сенем…

 

  1. Үй тапсырмасы.

№12.Ұ.Есдәулетовтің «Қара пима» үзіндісін оқып, түсінігін айту.

45 бет.

Дәптермен жұмыс №11.   1-тапсырманы  орындау.

 

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.

— Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *