Басы » NIO.KZ » 2025 жылғы ҰБТ: Тілдік таңдау мен мамандықтар бойынша негізгі көрсеткіштер

2025 жылғы ҰБТ: Тілдік таңдау мен мамандықтар бойынша негізгі көрсеткіштер

Наурыз айындағы ҰБТ: негізгі көрсеткіштер мен ерекшеліктер

1 наурызда басталған Ұлттық бірыңғай тестілеуге республика бойынша 775 талапкер қатысты. Биылғы тестілеуде пәндер саны өзгеріссіз қалды: үш міндетті және екі таңдау пәні. Жалпы тапсырмалар саны – 120, ал ең жоғарғы мүмкін балл – 140. Тестілеу уақыты 4 сағатты құрайды, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут беріледі.

Тілдік таңдау және мамандық бағыты
Тестілеуге қатысушылардың басым бөлігі – 76%-ы қазақ тілінде тапсырған. Орыс тілін таңдағандар – 23,9%, ал 162 талапкер ағылшын тілінде сынақтан өтті.

Мамандық таңдау бойынша талапкерлердің 17,5%-ы медицина, педагогика және ауыл шаруашылығы салаларын таңдаса, 17,1%-ы математика-физика бағытын, 10,5%-ы математика-информатика пәндерін таңдаған. Бұл көрсеткіш инженерлік және IT саласына деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді.

ҰБТ-ға кімдер қатыса алады?
Наурыз айындағы тестілеуге келесі санаттағы үміткерлер қатыса алады:

  • Өткен жылы мектеп немесе колледжді бітірген түлектер;
  • Жоғары оқу орындарына шартты түрде ақылы негізде күндізгі бөлімге қабылданғандар;
  • Қазақстан азаматтығы жоқ, бірақ ұлты қазақ талапкерлер;
  • Биыл мектеп бітіруші түлектер.

ҰБТ 6 сәуірге дейін жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *