Басы » Баяндамалар » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін..

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін..

«Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ

тарапынан жарияланған

сайысына»

Қазалы қаласындағы Ғани

Мұратбаев атындағы №17 орта

мектептің Аралхановтар 

отбасынан

 

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін…»

 

Отбасы – біздің басты Отанымыз, жылы ұямыз болып табылады. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің, — деп , атам қазақ бекер айтпаса керек. Отбасы түсінігі жайлы біраз ұғым біздің отбасындағы  балалардың санасында орын алған. Өзім берекелі отбасылар қатарына жататын қазақтың қарапайым шаңырағынанмын. Мен өзімді өмірдегі ең бақытты жан санаймын. Себебі, менің берік те ұйымшыл отбасым бар. Ал, отбасында бірлік жоқ адамдар, өздеріне қолдау іздеп жүріп, жаман жолға түседі.

Есірткі…  Қандай құлаққа жағымсыз сөз десеңізші! Қанша адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз  еткен  улы зат болса да, әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді. Тек қана жастар ғана емес ,ересек кісілер де, өз жасында балаларына үлгі болудың орнына, кері кетіп, келешек ұрпақты улауда. Есірткі ешқашан жақсы зат бола алмайды. Есірткінің адам денсаулығына тигізер зияны көп екені бетке басып айтпаса да, әуел бастан белгілі. Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны  береді.
Бірде қызым жүгіріп келіп: «Апа, мен теледидардан өзім түсінбейтін бір сөзді естідім. Апа , есірткі деген не?» — деді.  Мен ойланып тұрып, оған есірткі туралы айтып бердім. Әр отбасы осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырса, балаларымыздың болашағы жарқын болар еді.

Ең бастысы өмірге сенімді көзбен қарау керек. Ал, осылай өзіне сенімді адамдар көбейіп, есірткі өмірден жойылса, онда бұл өмірдің өзі ертегі. Барлық отбасы спортпен айналысып, жаман әдеттерден арылса, онда бұл өмірдегі ең жақсы ізгі істердің бірі болар еді. Салауатты өмір сүремін десеңіз, ешкім оған қарсы тұра алмайды. Салауатты өмір салтына  спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады.

Менің айтарым, өмірде жақсылық көп болатынына сену керек, есірткісіз болашақ ең жақсы болашақ екеніне сену керек! Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық, ағайын!

Сөзімді қорытындылай келе: «Отбасы – ошақ қасы, әр адамның ыстық ұясы» дегім келеді. Менің отбасым – нағыз берік отбасы. Біздің отбасы – есірткіден алыс!

[bws_related_posts]

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *