Дана Сакипкалиева
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу
Сабақтың тақырыбы | Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу | ||
Сабақтың мақсаты | Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің қосу тәсілін меңгеру
Өзі үйрене отырып, өзгені де үйрету дағдысын қалыптастыру |
||
Күтілетін нәтиже | Теңдеулер жүйесін шешуде қосу тәсілін қолдануды меңгереді
Есеп шығаруда қолдана алады Өзара топта бірлесіп жұмыс жасай алатын болады Теңдеулер жүйесін өз бетінше қиындықсыз шеше біледі. |
||
Оқыту әдістері | Жаңа тәсілдер. Сын тұрғысынан ойлау. Оқыту үшін және оқуды бағалау модулдерін пайдалану | ||
Қажетті қүрал- жабдықтар | Флипчарт, маркер,6-сынып оқулығы,стикерлер, | ||
Тапсырмалар | Жеке жұмыс: маршрутты карта
Топтық жұмыс: көрші қуанышымен бөлісу» Жұптық жұмыс: есептер шығару Сергіту сәті: Жадыны дамыту «Кезбе тілші әдісі» |
||
Сабақ барысы | |||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Кіріспе бөлім | Сыныппен амандасу, танысу
Шаттық шеңберде көршілерінің есімдеріне сын есім жалғау арқылы таныстырту. сыныпты ұлы математиктер есімдері бойынша 3-топқа бөлу. Топ мүшелерін «Көшбасшы», «хатшы», « баяндамашы», «уақыт сақшысы», «бақылаушы» ролдерін тағайындату Оқушылар сабағымызды
Адамның басшысы-ақыл,шолушысы-ой,жетекшісі-талап,қорғаушысы-сабыр,сынаушысы-халық, таусылмайтын-арман,ең қымбаттысы-ар сақтау,бәрінен ардақтысы-өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі-сыйластық!” эпиграфпен бастайық және бүгінгі сабақта мен сіздерге тілерім Бір мен екі алмаңдар, Үшке алданып қалмаңдар. Кілең төрттік алғандар, Бесті ғана армандар.
Оқушыларды бағалауды Бағдаршам әдісі және екі жұлдыз, бір ұсыныс бағалау критерийлері бойынша жүргізу |
Оқушылар сабаққа дайындалады бір-бірін таныстырады
Топта ролдерге бөлінеді
Сабақ жоспарымен танысады |
|
Тұсаукесер | Маршрутты картамен жұмыс: 5мин
Екі санның қосындысы 21-ге, ал айырмасы 9-ға тең. Осы сандарды табыңдар. х-бірінші сан, у-екінші сан.
Қиналсаң көршіңнен көмек ал.
Мәреге жеттіңдерме? Бәрекелді! Нәтижесін тақтада тексеріңдер өздеріңді үлгі жауапқа қарап бағдаршам бойынша бағалаңдар Жарайсыңдар. Түрткі сұрақтар 1 . екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не? 2. екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің неше тәсілі бар? Қандай? 3. Сіздер орындаған тапсырмадан не байқадыңыздар? 4. Ендеше бүгінгі біздің өтетін сабағымыз қалай аталады?
|
Маршрут бойынша жеке жұмыстанып өз-өздерін бағалайды
Сұрақтарға жауап береді
Жаңа сабақтың тақырыбын ашады |
|
Негізгі бөлім | Оқушыларға жаңа сабақ тақырыбын өз беттерімен меңгеруіне «Көрші қуанышымен бөлісу» әдісін пайдалану 10 мин.
Әр топқа хат келеді, хатта жаңа сабақтың түсіндірмесі, мысалы бірге беріледі.берілген мәтінді топта талқылап, топтан үздік баяндамашы анықталады. Топ баяндамашы топ жұмысын сыныптастарының алдында сызба арқылы қорғап шығады. Топтар бір-бірінің жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.
Жұппен жұмыс: Есептер шығару 10 мин №1535 №1540 № 1547 №1557 №1561 Оқушылар жаңа сабақтың есептерін қай деңгейде жұбы орындай алғандығын бағалау. Сергіту сәті: жадыны дамытуға арналған ойын 5мин Мен «Бастаймыз» деген кезде, топтың бір қатысушысы менің үстеліме жақын келеді де, командасына кері барып, ақпаратты жазғанға дейін, картадан/диаграммадан/сұлбадан/бумадан/графикадан/заттар ретінен барынша көп ақпаратты есте сақтауға тырысады
Ереже: 1. Командадан бір адам ғана өз орнын бір рет тастап шыға алады. 2. Сіз үстел басында болғанда ештеңе жаза алмайсыз. 3. Үстел басында тұрып, өз командаңызға ақпаратты дауыстап айта алмайсыз Сізге мынаны ойластыру керек: · Диаграмманы және мәтінді толтыру үшін қандай стратегияны пайдаланасыз? · Тиімді жұмысқа өзіңізді қалай бейімдейсіз немесе дайындайсыз? · Сіздің ойыңызша, бұл тапсырмада қайсысы айтарлықтай жеңіл/қиын?
|
Конвертте жазылған мәтін бойынша оқушылар жаңа сабақты топта және сынып алдында талдап түсіндіреді
Жұппен оқулықтан есептер шығарады
Топта бір-бірін бағалайды Бақылаушы бағалау парағына жазып отырады
Оқушылар сергіту сәті арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытады.
|
|
Қорытынды бөлім | Сабақты « Кезбе тілші» әдісі бойынша бекіту
Топ бақылаушысының қорытынды бағалауы бойынша сыныпты бағалау Рефлексия оқушылардың бүгінгі сабақ бойынша алған әсерлерін басмармақ арқылы білдірту
|
Сабақт кезбе тілші әдісі бойынша қорытындылайды
Бақылаушы бағалайды Сынып сабақ бойынша өз көңіл күйлерін білдіреді. |
|
Бағалау парағы
Топ мүшелерінің аты-жөні |
Маршрутты картамен жұмыс (өз-өздерін бағалайды) |
Топтық жұмыс «Көрші қуанышымен бөлісу» (Топтар бір-бірін бағалайды) |
Жұппен жұмыс Есептер шығару (Бір-бірін бағалайды) |
Қорытынды баға |
|
||||
|
||||
|
||||
|
||||
|
||||
|
||||
|
І-жағдай
Теңдеулер жүйесіндегі айнымалылардың біреуінің коэффициенттері-қарама-қарсы сандар.
Оқулықтан мәтінді оқып,мысал келтіріп сызба арқылы түсіндіріңдер
ІІ-жағдай
Теңдеулер жүйесіндегі айнымалылардың біреуінің коэффициенттері тең.
Оқулықтан мәтінді оқып,мысал келтіріп сызба арқылы түсіндіріңдер
ІІІ-жағдай
Теңдеулер жүйесіндегі айнымалылардың ешқайсысының коэффициенттері өзара тең емес және қарама-қарсы сандар да емес
Оқулықтан мәтінді оқып,мысал келтіріп сызба арқылы түсіндіріңдер
[bws_related_posts]