Басы » Математика » Туындыны табу ережелері тақырыбына есептер шығарубет 190

Туындыны табу ережелері тақырыбына есептер шығару

Айгуль Туребекова

Саб тақырыбы: Туындыны табу ережелері тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Туындыны табудың ережелері мен дәрежелі функцияның туындысын табу, формуласымен танысып, оларды есеп шығаруда қолдануды үйретіп, туынды ұғымы бойынша білімдерін дамыту
Дамытушылық:
Оқушылардың білім дағдыларын дамыту, ой – өрісін
кеңейту, өз іс-әрекетін бақылау,теориялық білімін практикада қолдана
білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Оқушының білімге құштарлығының,ойлау қабілеттерін дамыту бір-біріне көмектесуге, шапшандыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа,
ұқыптылыққа баулу, ұжымдық ауыз біршілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, есептеу,жеке , топтық,деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: Туынды ережелері жазылған плакат, интерактивті тақта, карточка, слайд.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі
Сабақтың кезеңдері
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Туынды туралы тарихи мағлұмат
ІV.Бәйтерекке саяхат
V. Ақ ордаға саяхат
VІ. Хан-шатыры сауда ойын-сауық орталығына саяхат
VІІ. Мұхит аралына саяхат
VІІІ. Сабақты қорытындылау: (бағалау)
Нұр Астана мешітіне саяхат
ІХ: Үйге тапсырма
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу;
Оқушыларды түгелдеу;
Назарларын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге берілген есептерді ауызша жауаптарын
оқыта отырып дұрыстығын тексеру;
Қайталау-оқу айнасы.
ІІІ. Туынды туралы тарихи мағлұмат
Қайталау сұрақтары:
а) Туынды дегеніміз не?
( Функцияның өсімшесінің аргумент өсімшесіне қатынасының аргумент өсімшесі нөлге ұмтылғандығы шегі бар болса, онда ол функциясының нүктесіндегі туындысы деп аталады.)
ә) Туындының белгіленуі: (у'(х))
б) у'(х) белгілеулерін енгізген кім (Лагранж)
в) с;х; (хп)' – неге тең? (0;1;nxn-1)
ІV.Бәйтерекке саяхат
2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек»
монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.

Математикалық диктант «Туынды әлеміне саяхат»
1. Функцияның туындысын табу амалы (дифференциалдау)
2. Тұрақты санның туындысы с/=? х/ =? (0, 1)
3. Екі функцияның қосындысының ,айырмасының туындысы:
4. Екі функцияның көбейтіндісінің туындысы:
5. Екі функцияның бөліндісінің туындысы: ?
6. 5х-тің туындысы : (5)
7. Х2-тың туындысы : (2х)
8. Х-тың туындысы : (1)

V. Ақ ордаға саяхат
Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 м2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті. Ақ Орда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жағалауында, сулы-желекті бульвардың бас жағында, «Бәйтерек» монументінен 300 метр жерде орналасқан. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40 см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м. Ақ Орданың жанында Республика Парламентінің ғимараты, Үкімет үйі, Жоғарғы сот ғимараты, Министрліктер үйі орналасқан.
«Сен ғылымға болсаң ыңтық,бұл сөзімді әбден ұқ:
Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер
Ш. Құдайбердиев
(қандай да функцияны формуламен бер)

Сәйкестендіру тесті

VІ. Хан-шатыры сауда ойын-сауық орталығына саяхат
2010 жылы Астананың туған күнінде сәулеттік тұрғыдан бірегей құрылыс – «Хан- шатыры» сауда ойын-сауық орталығы ашылды. Ол қазір әлемдегі ең биік және ең үлкен шатыр, оның шпилінің биіктігі 150 метр. Ғимарат орасан зор мөлдір шатыр болып табылады. Оның күмбезінің арнайы материалдан жасалған, үш қабатты жабыны Астананың жазда 35 градус ыстық, қыста 30 градус аяз болатын қатаң ауа-райына шыдайды, күн сәулесін жақсы өткізіп, қысы-жазы бір температура ұстап тұруға мүмкіндік береді. Шатырдың жалпы ауданы он футбол алаңынан үлкен. Жобаның авторы белгілі архитектор Лорд Норман Фостер.
1. Оқулықпен жұмыс
№175,176,177 есептер шығару тақтаға интерактивті тақтаға
VІІ. Мұхит аралына саяхат

Қазақстанның астанасында әлемде мұхиттан ең қашық жердегі океанариум – «Думан» ойын-сауық орталығы орналасқан. Оған үш миллион литр су және 120 тонна теңіз тұзы жұмсалды. Мұнда теңіз жануарларының жүзден аса түріне жататын екі мыңнан аса балықтар мен түрлі жануарлар өмір сүреді. Келушілерді әсіресе акуланы тамақтандыру сәті аса қызықтырады.
2. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Мұнда әр деңгейдегі тапсырмалар интерактивті тақтада беріледі
І деңгей тапсырмасы

ІІ деңгей тапсырмасы

ІІІ деңгей тапсырмасы

VІІ. Сабақты қорытындылау: (бағалау)
Нұр Астана мешітіне саяхат

Монумент түнде керемет жарқырайды. Айналасына келсек, бір жағында
Қорғаныс министрлігі ғимараты, ал екінші жағында – Сыртқы істер министрлігі ғимараты орналасқан. Ішінде 5 мың адам дұға жасай алатын үлкен залды кездестіреміз.. Мешіт көлемі 4000 шаршы м тең. Ол 2005 жылы 26 мамырда ашылды
Сөзжұмбақ «Туынды»

1.(4x)’
2. f(x) – тің атауы
3. f(x) = 9x + 0,25 ; f ‘(x) – неге тең?
4. f(x) = x + 4,5х2; f ‘(1) – неге тең?
5. Уақыт бойынша жылдамдықтың туындысы
6. f(x) = х2 + 22х; f ‘(9) – неге тең?
Сабаққа қатысу белсенділіктеріне қарай тиісті бағаларын қою.
VІІ.Үйге тапсырма:
№175,176, 177 (б,в)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *