Басы » Бастауыш сыныптар » Менің атым Қожа. Б.Соқпақбаев

Менің атым Қожа. Б.Соқпақбаев

БҚО Шыңғырлау ауданы ШыңғырлауОЖБББ  Әдебиеттік оқу Абдугазиева Китабия Скиндировна

Сыныбы:3 «а» Күні:    26.01.15 ж. пәні: Әдебиеттік оқу. 73-сабақ.
Тақырыбы:  Менің атым Қожа.Б.Соқпақбаев
Мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға төселдіру, талдау арқылы негізгі идеясын ашуға, негізгі ойды табуға, өз желісінде мазмұндауға, тұжырымдауға үйрену.
Күтілетін нәтиже: А). Мәтін мазмұнын біледі,  идеясын ашады.
В). Кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс- әрекетін анықтайды.
С).Салыстырады, өмірмен байланыстыра отырып баға береді, диаграммалайды.
Дереккөздер, құрал-жабдықтар:

 

Әдебиеттік оқу Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық/ Оқулық авторлары: Б.А.Тұрғынбаева,З.Муфтибекова «Алматыкітап баспасы» 2014жылы. Әдістемелік нұсқау, Хрестоматия, дидактикалық материалдар.Интербелсенді тақтада көрсетілетін  тасныстырыылым. Мазмұнды суреттер, қосымша материалдар.

 

Сабақтың модулдері:

 

 

1.Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер.2.Сыни ойлауға үйрету.3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.4.АКТ.5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.6.Оқушылардың жас ерекшеліктері.              7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

 

Тапсырмалар:  Жаңа тәсілдер: «Ойлан/жұптас/талқыла» түрткі сұрақ, қайта бағыттау, сұрақ-жауап әдісі, топтық әңгіме, диалогтық оқыту,постер,мәртебесі жоғары және төменгі сұрақтар.Сыни тұрғыдан ойлау әдісі: «Серпілген сауал», « Ой  қозғау», «5 жолды өлең», «Құпия зат», «Топтастыру», «Венн диаграммасы».

АКТ-ны қолдану:белсенді тақтамен таныстырылым, электронды оқулық, ғаламтор желісінін  материалдары (сергіту сәтін ұйымдастыру)

Оқыту формасы:Топтық, жұптық, жеке,жаппай.

 

Бағалау: Формативті бағалау: Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету, «Қолпаштау» , «Смайлик». Жиынтық бағалау. Кері байланыс:

«Бағдаршам»

Сабақтың барысы:   Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе:

 

 

 

Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал, сергіту жаттығуы белсенді тақтадан «Жұмыр қылыш», «Жеке заттарымен »    топқа бөлу.

«Серпілген сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.( мәртебесі жоғары және төменгі сұрақтар).

Мұғаліммен сәлемдеседі, сергіту жаттығуын жасайды.

Оқушылар бір-біріне мәтін мазмұны бойынша жуан-жіңішке сұрақтар қояды, жауап береді, «Смайлик» арқылы бағалайды.

Тұсаукесер:

 

 

 

Белсенді тақтамен таныстырылым, ғаламтор желісінен алынған материалдар «   Саз үйірме» арқылы көрсетіледі.

-Суретті нені, кімді көріп тұрсыздар?

-Сабақ не туралы болады деп ойлайсыздар?

Диалогтық әңгіме, жоғары және төмен деңгейлі сұрақтар арқылы топтық әңгіме жүреді.

Оқушылар шығармадағы оқиғаны болжап айтады.

 

Видео материалдармен танысады.

 

Сұраққа  қояды.

Жауап береді..

 

Негізгі бөлім:

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ:Сабақтың мақсаты хабарланады.

 

Оқулықпен жұмыс:Мәтінді түсініп оқып, жұпта,топта әңгімелеу;  мәтін мазмұны бойынша сурет салу;жуан-жіңішке сұрақтар.

 

Сөздік жұмыс: Қаулы –жиналыстың шешімі.

 

Кеңейтілген тапсырма:

А).Автордың өмірбаянын топтастыр.

В).Монолог деген не?

С. «Қожаны қорғау» сөзіңді жаз.

 

Әзірге кедергісі бар  балаларға: Мәтінді  түсініп оқу, мәтін мазмұнына сурет салу..

 

Белсенді тақтадан «Менің атым Қожа» кинофильмінен үзінді көру.

 

 

 

 

Топтық жұмыс:

1-топ:  «Топтастыру» (Автордың өмірбаянын топтастыру).

2-топ: «  Монолог» пен «Диалог» (Венн диаграммасы).

3-топ:   «Бес жолды өлең»

(тарсырмалар беріледі).

 

 

Әр топ постер қорғағаннан кейін ынталандыру мақсатында қолдау көрсету,  «Қолпаштау» , «Смайлик»  арқылы бірін-бірі бағалау.

 

Мәтінді кезекпен мәнерлеп оқиды.

 

Жұппен және топта мазмұнын әңгімелейді.

Сұрақтар беріп,сұрақтарға жауап береді.

Жаңа сөздерді оқып, мағынасымен танысадаы.

 

Оқушылар А.В.С. деңгейдегі кеңейтілген тапсырмаларды орындайды.

 

 

Әзірге кедергісі бар  балалар мәтінді түсініп оқып, мәтін мазмұнына сурет салады.

«Менің атым Қожа» кинофильмінен үзінді көріп, «серт беремін», «тырысамын» т.б.  кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс- әрекетін анықтайды.

Ресурстарды оқып, танысады. Бір-бірімен мәлімет алысады, жазады, топтастырады, диаграммалайды, өлең жазады.  Әр топ өзіне берілген тапсырманы топта талдайды,постер дайындап, оны қорғайды.

 

Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету,«Қолпаштау» , «Смайлик»     арқылы бірін-бірі бағалайды.

 

 

 

Қорытынды:

 

« Құпия зат»,  әдісімен сабаққа қорытынды жасалады. Өлең жазып оқиды. (оқып, бағаланады).
Бағалау: Жиынтық бағалау. Кері байланыс:

« Бағдаршам».

  Оқушылар өздері үйренген үш нәрсе туралы стикерге жазып,оқиды.
Үйге тапсырма:

 

14-17- беттер. Қосымша дереккөз. Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *